Лекция Кіріспе. Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер



бет25/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19055
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Сурет 2. Академиялық кітапхана ресурсындағы электрондық оқулықтардың құрылымдық  тәртібі  2015 жыл

Ескерту: мәліметтер сайтынан алынған

Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу

“Тест тапсырмасы көптеген өркениетті елдерде білім алудың бір сатысынан екінші сатысына көіпу барысында оқушы немесе талапкердің білім деңгейін анықтау үшін қолданылады. Тест (test) сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Сынақтан өткізу», «тексеру» деген мағынаны білдіреді.

Белгілі ғалым И.Ропопарттың берген анықгамасына сүйенсек тест белгілі бір ережеге сәйкес жасалынған, алдын ала эксперименттік тексеруден және дамытудың арнайы процедурасынан өткен өзінің тиімділігі жөнінде жеткілікті мінездемеге ие болған тексерушілерге арналған арнайы сұрақгары мен тапсырмалар жиынтығы» [22].

Ал педагог ғалым В.П.Беспалько білім стандарты туралы ой тұжырымдамаларында оқушылардың игерген білім сапасын тексеру мәселелерін зерттей келе мынадай анықгама берген «Белгілі дәрежедегі іс-әрекетті орындауға арналған тексеру, тапсырмаларын камтитын білімді игеру сапасының мықгы бағасын анықтау кұралы тест болып табылады.

Өздеріңізге белгілі педогокикалық тәжрибеде білімдерді тексерудің алуан түрлі өдістері мен түрлері бар. Дегенмен казіргі қолданылып жүрген дәстүрлі әдістері оқу материалдарын меңгерудің сапалық жағынан анықгайды.

“Дәстүрлі бақылау жұмыстары есепті шығарудың әдістерін игеруге, есептерді шығару кезінде қиыншылыктарды көруге, жұмысты орындағанда, әдетте жіберілген кателерді айыра білуге септігін тигізеді. Бірақ олардың көмегімен оқушы игеруге тиіс оқу материадцарының тек 30-50 проценті ғана тексерілуі мүмкін. Ал тестік тапсырмалар оқыту тиімділігінің сапалық жағымен қатар сандық жағын бағалауга мүмкіндік береді. Демек тестік тапсырмаларды қолдану оқушы білімін обьективті бағалуға мүмкіндік береді.

Сонымен, тест сандық бағалауға, статистикалық өндеуге және салыстырмалы талдауға икемді обьективті стандартталған өлшеуі болып табылады.

Бүгінгі танда компьютердің пайда болуымен тест тапсырмасын қолдану ауқымы да кеңейді. Себебі компьютерді пайдаланып студенттер мен оқушыларды семестр, тоқсан ішінде бірнеше рет сынақтау (тестілеу) — олардың ағымдық білімін тексерудің негізгілерінің бірі. Тест тапсырманың нәтижесі арқылы өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және қосыміпа тапсырмалар беру арқылы олардың білім деңгейлерін көтеруге әсер етуге болады. Компьютер арқылы өткізілген тест нәтижесі жылдам, кағаз кажет етпейді, басқаша айтқанда арзан” [23]

Жалпы тест күрделілігі жағынан кәдімгі бақылау жұмысынан төмен болғанымен, берілген материалды камту алқымы кең. Ал енді ауызша сұраумен салыстырсақ, онда оның ең негізгі артықшылығы, мұғалімнің әр оқушының (студенттің) үлгерімі туралы ақпаратты дер кезінде алу мүмкіндігінде.

“Тестке әр әдебиетте әр түрлі анықгама беріледі. Мысал ретінде бірнешеуіне тоқталып өтейік:

>  Тест — жауап үлгісі берілген тапсырма;

>  Тест — белгілі бір уақыт аралығында орандауға тиісті әр түрлі тапсырмалар жиынтығы;

>  Тест — сыналушының ой-өрісін анықтау мақсатымен құрылған ықшам түрдегі тапсырмалар;

Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу құралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер,сұлба тәсілдер арқылы толықгырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Білім берудің саласында » Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мүғалімнің айтқандарын немесе оқулықгы пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Электрондық оқулық жасау құрал ретінде HTML тілі тандап алынды. Себебі, электрондық оқулықгың теориялық материалдары гиперсілтеме арқылы ұйымдастырылуы тиіс, ал HTML тіліңце гиперсілтеме оңай жасалынады. Дипломдық жұмысты орындау барысында гиперсілтеме жасауды, gif-файлдарды кірістіруді, терезелерді безендірудің барлық мүмкіндіктерін пайдалануды үйрендік. Безендіру үшін арнайы суреттер мен фондар интернет желісінен алынды . Гиперсілтеме терендіктері 3-4 деңгейге жетті” [24]

Қазіргі таңдағы электрондық оқулықтарды программалау тілдерінде қолдану.Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

“Жеке әдістемелік құралдармен оқыту барысында оқушының білім сапасын арттыру мен жаңа оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі мынадай артықшылықтармен сипатталады:



  1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Ол оқыту үрдісінде жаңа оқыту технологиясының үш нұсқасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

— «тереңдетілген» технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекеленген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);

— Негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялық қоры);

— Монотехнологиялық ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни диагностика, моноторинг компьютерді қолдануға негізделген).


  1. Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында (дистанционды формада) отырып қол жеткізуге болады. Бұдан концептуалды ұстанымдарды қалыптастыру мүмкіндігі төмендегі формада жүзеге асады:

— оқыту-бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;

— баланың компьютерлік оқытуға икемделе алуы;

— оқытудың диалог түрінде болуы;

— оқытушының кез келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;

— оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект;

— жеке және компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалды демеу.



  1. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады

Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті графиканы, мультимедианы, бейне техниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану студентке ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді. Әр түрлі зерттеулер химия, математика, тарих сабақтарында компьютерді пайдаланғанда оның оқыту қызметтерінің жан-жақтылығын көрсетеді

Электрондық оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады”[25]. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi.



Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.

  1. Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл аударады.

  2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.

  3. Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.

  4. Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.

  5. Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа аударып айтып бередi.

  6. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.

  7. Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.

  8. Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын түсiнуiн аңғартады.

  9. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетедi.

  10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын байқатады.

  11. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн бiлгiзедi.

  12. Сөйтiп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмiрiнде осы тақырыпты қолдана отырып әңгiме құрастыруға дейiн жетедi.



Сурет 3. 2015жыл.Электронды оқулықтар мамандықтар бойынша диаграммаға  көрсетілген.

Ескерту:мәліметтер https://www.google.kz/: сайтынан алынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет