Лекция Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері


Ақыл-парасат пен құқықтық легитимдiлiкте



бет12/13
Дата08.03.2022
өлшемі30,43 Kb.
#27237
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
3 Ақыл-парасат пен құқықтық легитимдiлiкте саяси билiк сол кездегі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, заңға сәйкес қалыптасады. Мұнда билік легитимдiлiгі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталды. Бұл биліктің демократиялық сайлаумен қалыптасуы деген сөз.

Легитимдiлiктiң алдынғы екi түрi құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса, үшіншi түрі қазiргi дамыған елдерге тән. Демократиялық жағдайда билік легитимдi болу үшін мынадай шарт қажет:

 ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшiлiктiң еркiне қарай орындалуы керек, яғни мемлекеттiк билiктiң иесiн төте немесе жанама түрде белгiлi бiр мерзiмге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкiндiк болуы тиiс;

 мемлекеттiк билiк конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.



Соңғы кезде легитимдiлiктiң идеологиялық түрі туралы да айтылып жүр. Оның мәнi билiктi халықтың санасына енгiзiлген идеология арқылы ақтау. Онда билiктi сәйкес келетiн идеологиямен негiздей отырып, басқару құқығына ие болады. Бұл идеологияның мазмұнына қарай идеологиялық легитимдiлiк топтық немесе ұлтшыл болуы мүмкiн. Кеңес Одағында топтық легитимдiлiк кеңiнен қолданылды. XX ғасырдың II жартысында ұлтшылдық легитимдiлiк көп елдерде басымдық танытты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет