Лекция тезистері 1-тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық кенес берудің пәні және міндеттері Сабақтың мақсаты



бет10/14
Дата21.03.2022
өлшемі130,5 Kb.
#28503
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Бақылау сұрақтары:

  1. Клиенттің ерекшеліктерін зерттеуде өз үлестерін қосқан ғалымдар ?

  2. Психологиялық көмекті қажет ететін клиент типтері ?

  3. Консультант типтері ?



10-тақырып. Жеке психологиялық түзету

Сабақтың мақсаты: Консультациялық әдістер мен құралдарды пайдаланып консультативті сұхбат жасауды ұғыну
Сабақтың жоспары:

1. Консультациялық сұхбаттың құрылымы

2. Консультация процесі
Лекцияның қысқаша мазмұны.

Консультанттың кәсіби әсер ету мүмкіндіктері әлдеқайда кең де әртүрлі. Алайда, олардың арасында ең негізгісі-клиенпен тікелей контакт-консультативті сұхбат жасау болып табылады. Сұхбаттың мұндай типі кәдімгі әңгімелесуден мүлде басқаша болады. Кәсіби деңгейде психологиялық әсерге бағытталған сұхбаттасу дағдыларын

меңгеру өнермен салыстырылады. Консультациялық сұхбаттың құрылымы аса күрделі болады. Ол тиімді нәтиже алу мақсатымен психологтың қолданатын әр түрлі тәсілдері мен техникаларынан жинақталады. Солардың ішінде консультациялық сұхбатты жүргізу техникалары-клиент пікірін қолдау,клиенттің ашылып, баяндауына стимул жасау, психологтың ойындағысын қысқаша, нақтылап, түсінікті жеткізе алуы, - басты роль атқарады. Аталмыш техникаларды дұрыс қолданған жағдайда психологиялық әсердің тиімділігін қамтамасыз етуге, психолог пен клиенттің арасындағы контактіні жетілдіруге мүмкіндік болады.

Консультация процесі кезінде кенеттен көрініс беретін, ерекшебір міндеттерді, мәселелерді шешуде қолдануға болатын әдістер мен техникалардың ролі аса зор.Оларға клиент позициясын өзгертуге және коррекциялауға бағытталған әртүрлі сұрақтар, клиенттің нені және қалай істеу керектігі анық көрсетілетін үй тапсырмалары, клиенттің қандай-да бір шешім қабылдауына мүмкіндік беретін дискуссиялар және т.б.жатады. Көп жағдайда бұл техникалар консультациялық сұхбатпен тығыз байланысты, содан тікелей шығады да, клиент үшін ерекше, жат әдістер болмайды. Консультациялық сұхбаттың барысын өзгертуге немесе тереңдетуге арнайы қолданылатын тапсырмалар мен жаттығулар консультациялық әдістер мен техникалардың дербес бір тобы ретінде қарастырылады. Олардың қатарына гештальт-терапия аясында пайда болған «бос орындық», отбасылық терапияда падаланылатын «келісім жасасу» сияқты техникалар жатады. Әртүрлі әдіс-тәсілдер, құралдар консультациялық сұхбатты құнды, әлдеқайда динамикалды етеді. Консультант вербалды құралдармен қатар, көзбен контакт , дауыс сипаттамалары, поза сияқты вербалды емес коммуникация құралдарын да барынша пайдалана алуы керек. Психологиялық әсердің нәтижелі болуының басты шарты-консультациялық сұхбатты дұрыс ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет