Лекция тезистері 1-тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық кенес берудің пәні және міндеттері Сабақтың мақсаты



бет12/14
Дата21.03.2022
өлшемі130,5 Kb.
#28503
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Бақылау сұрақтары:

1. Сұхбат кезінде қойылатын сұрақтар неше топқа бөлінеді?

2. Стандартты сұхбат қандай мәлімет алу керек болғанда қолданылады?

12-тақырып. Топтық психокоррекция

Сабақтың мақсаты: Консультациялық сұхбаттың клиент мәселесіне шешуге көмектесу.
Сабақтың жоспары:

1. Консультациялық сұхбаттың ең маңызды сәті

2. Психологиялық сұхбат

3. Психологиялық консультацияға қарсыласу


Лекцияның қысқаша мазмұны.

1. Консультациялық сұхбаттың ең маңызды сәт – амандасу. Егер клиент бірінші амандасса, консультантқа да сол формада сәлем берген дұрыс болады. Егер клиентпен бұрын консультанаттың сәлемдесу реті келіп қалса, «Сәлеметсіз бе, келіңіз-», «- жайғаса отырыңыз» деген сияқты нейтральді амандасу амандасу формаларын қолдау жөн.

Сонымен қатар консультант –клиент қарым-қатынасында «ағай», «апай», «айналайын», «балам/қызым» типтес үлкенділік, кішілік, аталық, әкелік қамқор мен мейірімді астарлайтын құнды формалар психологиялық консультацияның логикасына, принциптеріне сәйкес келе бермейтінін ескеру керек.



2. Психологиялық сұхбаттың бастапқа кезеңінен-ақ консультациялық әсер – сөз арқылы әсер ету екенін ұмытпау керек. Консультанттың байқамай айтып қалған кейбір сөздері клиенттің реніш, тұйықтық, жасқаншақтық танытуына себеп болуы мүмкін. Психологтың «Қорықпаңыз», «Қысылмаңыз», «- ешқандай ұяттығы жоқ», «Қандай ыңғайсыз болса да-», «Өзіңізді еркін ұстап, жайымен баяндаңыз» деген сияқты ескертпелермен клиент назарын консультация жағдайының ерекшелігіне баса аудару да қателік болып табылады. Психологтың клиентпен бірден ортақ тіл табыса кетуі, бастапқы адамнан-ақ сұхбатты дұрыс ұйымдастыра алуы психологиялық консультацияның тиімділігін қамтамасыз етеді.

3. Психологиялық консультацияға қарсыласу- сұхбаттың бастапқы кезіне аса тән құбылыс. Психолог бөлмесінің табалдырығын аттаған сәттен-ақ клиентте өзінің мұнда бекер келгендігі жайлы ой тууы әбден мүмкін. Консультантпен бетпе-бет келгенде клиент оның жасы, жынысы, кәсіби тәжірбиесі бойынша бағалап, тиімді психологиялық көмек болатынына шек те кояды. Психологиялық консультацияға келген адамдар арасында өздеріне емес, басқа біреулерге көмек беруді сұрайтындар да кездеседі.

Психолог консультацияның алғашқы сатысында клиент тарапынан болатын әртүрлі қарсыласу формаларын тез аңғарып, консультация этикасына негізделген тиімді байланыс орнатуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет