Лекция тезистері 1-тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық кенес берудің пәні және міндеттері Сабақтың мақсаты



бет13/14
Дата21.03.2022
өлшемі130,5 Kb.
#28503
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Бақылау сұрақтары:

1. Консультант пен клиенттің айырмашылығы

2. Клиент мәселесін шешу қалай жүзеге асады?

3. Жалпы мәселеден нақты клиент мәселесіне қалай ауысу керек?



13-тақырып. Отбасы психотерапиясы. Отбасы психологиялық араласудың объектісі ретінде

Сабақтың мақсаты: Клиенттің нақты жағдайын талдау, консультациялық жорамал жасау, тексеру
Сабақтың жоспары:

1. Клиент жағдайларының түрлері

2. Клиенттің өзіне тағайындалған диагноз түрлері

3. Консультант пен клиент арасындағы кантакт


Лекцияның қысқаша мазмұны.

1.Психологиялық консультацияның екінші сатысы клиенттің жеке басына қатысты мәселенің баяндалу және клиенттің нақты жағдайын талдау, консультациялық екінші сатысының өзі де екі фазадан тұрады.

Нысанды локус бойынша клиент шағымдарының түрлері:

1) Психосоматикалық денсаулықтың немесе мінез құлықтың өзгерісіне ( энурез, қорқыныш, күдік және т.б.) байланысты;2) Жолдасының, балаларының, ата ененің рольдік мінез құлқына ( жынысқа, жасқа, статусқа сәйкес емес) байланысты;3) Психологиялық нормаға сәйкес емес деген көзқарастың негізіндегі мінез құлыққа ( мысалы, ақыл ойының нормасымен салыстырғандағы баланың дамуы) байланысты;4) Жеке дара психологиялық ерекшеліктерге ( баланың аса белседілігі, жайбасарлылығы, еріксіздігі, жолдасының эмоционалды «кедейлілігі», батылсыздығы және т.с.с) байланысы;5) Психологиялық жағдайда ( контактінің, түсінушіліктің, жақындықтың болмауы) байланысты;6) Обьективті жағдайларға( баспананың, жұмыстың жоқтығына, уақыттың қиындығына, сағыныш, уайым және т.б.) байланысты;

2. Клиенттің өзінше өзінше диагноз тағайындауы жанұядағы қандай да бір күрделі жағдайларды клиенттің өзі, отбасы және адамдардың өзара қатынастар жайлы түсініктеріне негіздеп өзінше бағалауы. Көбіне клиенттің өзінше тағайындаған диагнозы оның өміріндегі қиындықтарға немесе оның пайда болуына себепті мыс дейтін адамдарға қатысын көрсетеді.

3. Консультант клиентпен контакт жасап, оны өрбітуге жауапты болады. Ол үшін ең бастысы консультант клиент әңгімесін аса зейін қойып, эмпатикалық тұрғыдан тыңдауы қажет. Клиенттің өз әңгімесіне бар ынта ықыласын қойын тыңдағанын білуі үшін психологтың басын іздеп немесе « Әрине», «Енді», «Иә Иә» тіпті қыстырма сөздермен құптап, қолпаштап отырғаны жеткілікті болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет