Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет59/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
12 -13 лекция.

  1. Лекция тақырыбы: Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865).

  2. Шоқан жайлы зерттеулер



Лекция тақырыбы: Ш.Уәлихановтың өмiрi мен шығармашылығы.


2. Лекция жоспары:
1. Шоқанның өмiрi, ортасы, бiлiм алу жолы.
2. Шоқан – саяхатшы, қоғам қайраткерi, ғалым.
3. Шоқан – фольклорист, әдебиет зерттеушiсi.
4. Шоқан шығармашылығының зерттелуi.


3. Лекцияның мақсаты: Ш.Уәлихановтың өмiрi, ортасы, бiлiм алу жолы мен шығармашылығы жөнінде деректер бере отырып, оның саяхатшы, қоғам қайраткерi, ғалым, фольклортанушы, әдебиет зерттеушiсi ретіндегі еңбегін түсіндіріп, игерту, сонымен қатар шығармашылығының зерттелуiнен де мағлұматтар беру сабақтың мақсаты болып табылады.


4. Лекцияның мазмұны:
1. Шоқанның өмiрi, ортасы, бiлiм алу жолы. Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш.Уәлихановотандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның қысқа да жаркын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне ыкпал етті. Шоқан (шын аты — Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың ноябрь айында Құсмұрынбекінісінде атақты аға сұлтанШыңғысУәлихановтыңәлеуеттісемьясында дүниеге келген Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол, Ортажүз ханы болған. Оныңүлкен ұлы Уәли (Шоқанның туған атасы) қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы, хандық билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалған. «...Айғаным мен оның балалары Россияға адал ниетін сақтап қалды. Уәли ханның осы жесіріне Александр I аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті. Сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді» — деп жазды П.П.Семенов Тян-Шанский. Жасында Шоқан әжесі Айғанымның ықпалында болған.
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады. Жабық әскери оқу орны болғанмен, онда көптеген пәндер оқытылуы, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ беруі, Омбының көзі ашық оқыған адамдарының семьяларымен араласуы, көп оқып білімін тереңдете түсуі Шоқанның рухани өсуіне, келешек тағдырына едәуір ықпалы болған.
«Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды» — деп жазды онымен бірге оқыған досы Г.Н.Потанин. Сібір кадет корпусында оқу соңғы жылдрында-ақ Шоқан биік саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, дүниеге көзқарасы қалыптасқан, халқының қажет-мұқтаждарын пайымдай да, түсіне де алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге дайын мақсатшыл жас болып қалыптасқаны оның алғашқы ғылыми еңбектері болып есептелетін «Проф. Н.И.Березинге хат», "Профессор Н.И.Березиннің «Хан жарлықтары» кітабына рецензия», «Рашид-ед-дин» т.б. жұмыстарынан да байқалады. Жап-жас Шоқанға мұғалімдері де, құрбылары да болашақ ғалым, зерттеуші деп қарағандары, жоғары бағалағандары естеліктерде де айтылған.
Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағының генерал-губернаторы Г.X.Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сонымен қатар Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарайды. Бұл қызметтерде Шоқан бюрократтық аппараттың мансапқор, парақор, тоң мойын, жүгенсіз кеткен чиновниктері мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді көреді, оларға қарсы батыл пікірлер де айтады, ресми басшылықтармен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Ол бұл қызметтерден Омбыдан кетуді, туған халқына пайдасы тиетін істерге араласуды армандайтыны туралы сол кезде танысып, достасқан орыс жаззушысы Ф.М.Достоевскийге, досы К.К.Гутковскийге хаттар жазғаны белгілі. Шоқанның: қоғамдық және әдебиет саласындағы белсенді қызметі осы жылдардан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет