Лекцияның мақсаты:: Консулдық мекеменің құрылымы және ұйымдастыру барысы туралы мағлұмат беру



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата06.03.2023
өлшемі292,51 Kb.
#71824
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Консулдық корпус: Консулдық мекемелер бір қалада шоғырланған болса, онда 
консулдық корпус деп аталады. Корпустың ақсақалы, яғни үлкені (дуайэні) болып, 
экзекватураны басқалардан ерте алғаны сайланады. Консулдық мекеме басшылары 
арасындағы үлкендік экзекватура алу күніне қарай анықталады. Демек, консулдық корпус 
деканы болып консулдық өкілдіктің экзекватураны өзге консулдық мекеме басшыларынан 
бұрын алған және дәрежесі жағынан жоғарысы болып саналады. 
Қабылдаушы мемлекетте консулдық өкілдік бар жерде пунктердің санына қарай 
бірнеше консулдық корпус болуы мүмкін. Консулдық корпус деп белгілі бір мекендегі 
барлық консулдардың жиынтығын айтуға болады. 
Дипломатиялық қатынастардың үзілуі консулдық қатынастардың ipso fаcto үзілуіне 
әкеліп соқпайды, яғни дипломатиялық қарым-қатынастың бұзылуы - консулдық 
қатынастың бұзылуы болып есептелмейді. Консулдық мекеме өзінің қызметін төмендегі 
жағдайларда тоқтатады: 
1. Консулдық мекеме жабылса; 
2. Консулдық мекеме тұрған территория қабылдаушы елдің егемендігінен 
шықса (мысалға, Қырым Украинадан бөлініп шығып Ресейдің құрамына 
кіруіне байланысты ондағы Ресей консулдығы өз міндетін тоқтатты); 
3. Консулдық қарым-қатынас орнатқан екі мемлекет арасында соғыс туындаса. 
Сонымен қатар, консулдық мекеме қабылдаушы «А» мемлекеттің талабы бойынша 
әрі бұған жауап ретінде жіберуші «Б» мемлекетте ешқандай себеп көрсетпестен өз еліндегі 
«А» мемлекетінің консулдық мекемелерін жаба алады. Мысалға, Бейжің-Вашингтон 
арасындағы жағдай ушығуып, Қытай оңтүстік-батыстағы Чэнду қаласында орналасқан 
АҚШ консулдығын жабуға бұйрық берді. Қытай өзінің бұл әрекетін Д. Трамп әкімшілігінің 
Қытайдың Хьюстондағы консулдығын 72 сағат ішінде жабу туралы 22.07.2020 күні берген 
бұйрығына қарымта жауап деп түсіндіреді. (Қытайдың Хьюстондағы консулдығы 1979 
жылы қытай қоғамдастығы көп жерде ашылған еді. Консулдық өкілдік Техас, Оклахома, 
Луизиана, Арканзас, Миссисипи, Алабама, Джорджия, Флорида және Пуэрто-Рико секілді 
сегіз штаттың консулдық мәселелерін шешкен). 
Сонымен қатар, консулдың функциясы мынадай жағдайда тоқтайды: қабылдаушы 
ел экзекватураның күшін жойса, консулды жеке тұлға деп жарияласа, консул қайтыс болса. 
Бұл шарттар консулдық мекеменің жабылуына немесе консулдық қарым-қатынастың 
үзілуіне себеп болмайды. Консулдық қарым-қатынас үзілген жағдайда консулдық мекеме 
мен мұрағаттарды қорғау қабылдаушы ел тарапынан(жергілікті билік органдары) 
қамтамасыз етіледі, тоқтатылмайды. Жоғарыды келтірілген жағдайлардың тысында 
Қазақстан республикасында Бас консулдың өкілеттігін тоқтату президенттің құзырында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет