1-ші ойын. «Түзу сызықпен жүріп өт» Мақсаты: «түзу сызық», «қисық сызық» түсініктерімен тәжірбиелік түрде танысу; қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.еденге түзу (қисық) сызық салады. Ойынға қатысушыларды міндеті – осы сызықтың бойымен аяқты бір де бір рет жаңылыс баспастан жүріп өту. Олар мұны әуелі (жаттығу есебінде) көздері ашық күйде жасайды,
сосын олардың көздерін орамалмен байлайды басқаларға қарағнда ең түзу жүріп өткен бала жеңеді.
2-ші ойын: «түзу сызық», «қисық сызық» түсініктерін бекіту; ұсақ қол қимылдарын дамыту; командада жұмыс істеу іскерлігін дамыту; қимыл-қозғалыс белсенділін дамыту.
Топ бойынша жұмыс істеу. Әр топ мүшелері сап түзеп тұрады. Әр топтан белгілі бір қашықтықта бетінде саны бірдей санақ таяқшалары бар үстелдер тұрады. топтардың міндеті – санақ таяқшасын екі нынашақпен қысып, барынша тез жылдамдықпен өз үстелінде түзу сызық етіп қойып шығу. Қатысушылар бірінен соң бірі кезектесіп ойнайды. Әрбір қатысушы бір ғана таяқша қоюы керек, сосын келесі ойыншыға орын береді. Тапсырманы дұрыс және басқалардан тез орындап шыққан команды жеңіске жетеді.
Сергіту сәті: ІҮ.Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Сызықтарды салыстыру. «Түзу сызық», «қисық сызық», «тұйықталмаған», «тұйықталған қисық сызық» түсініктерімен жұмыс.
2-тапсырма.Графикалық жұмыс. Түзу және қисық, тұйықталған және тұықталмаған сызықтарды бір-бірінен ажырата білу іскерлігін дамыту.
3-тапсырма. Сызықтарды пішіні мен бағыты бойынша салыстыру. Зейінді дамыту.
4-тапсырма.Екі өлшемді кеңістікте бағдарлау. Зейінді дамыту.
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү.Рефлексия.