2-ші ойын: «Одан әрі не болды?»
Мақсаты: жыл мезгілдері, жыл мезгілдерінің айлары, айларыд ретімен ату іскерлігін дамыту; уақыттың кезеңдігі мен қайтымсыздығ туралы түсінік қалыптастыру; зейінді дамыту.
Ойынға қатысушыларға кез келген жыл мезгілін (айды) атайды. Қатысушы осы айтылғаннан кейін келесі жыл мезгілін (айды) айтуы керек. Егер бала дұрыс жауап берсе, онда ойында қала береді, ал дұрыс жауап бере алмаса – ойыннан шығып, орнына барып отырады. Кез келген қатысушыға сұрақ қойылды. Әр жолы ойын екпіні жылдымдатыла түседі. Ойында бәрінен ұзақ шыдаған бала жеңіске жетеді.
Сергіту сәті:
ІҮ.Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. «Айлар суреті бойынша жұмыс. Сөйлеу мәдениетін дамыту.
2-тапсырма.жыл мезгілдері туралы түсінікті дамыту.
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү.Рефлексия.
9- сабақ.
Тақырыбы: Сызықтар. Түзу сызық. Қисық сызық. Тұйық сызық. Тұйықталмаған сызық.
Мақсаты: «сызық» түсінігін қалыптастыру; түзу және қисық, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды бір-бірінен ажырату іскерлігін дамыту; тұйықталмаған және тұйықталған сызықтарды қоршаған ортадан табу іскерлігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: доп, көз байлайтын орамал, санақ таяқшалар.
І.ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: жаңа білімді енгізу қажеттілігін танытатын жағдайды көрсету;
Тақтада алдын ала іртүрлі сызықтар салынған.
Біз «Сызықты ата» дейтін бойжазу өткіземіз.
Сызық атауларының нұсқаларын (түзу, қисық, қиғаш, толқынды, көлбеу,т.с.с.) білем дейтін бала қолын көтереді. Тәрбиеші ол балаға допты лақтырады. Бойжазудан кейін тәрбиеші сабақтың тақырыбын жариялайды.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Балалар сызықтар (Сызықтар. Түзу сызық. Қисық сызық. Тұйық сызық. Тұйықтал-
маған ) туралы жалпы түсініктерге ие болады . талқылау барысында балалар сызықты (2түстің шекарасы, қағазды кесудің нәтижесі, керілген жіптер, автокөліктің жолы, т.с.с.) қалай алуға болатынын анықтайды, сызықтарды қоршаған ортадан табады, сызықтың бастауы мен соңы болмайтынын ұғынады. Материалды бекіту үшін тәрбиеші ойын ойнауды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |