«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет17/50
Дата21.01.2023
өлшемі421,5 Kb.
#62213
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

Көрнекіліктер: доп, сурет салуға арналған қағаз.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: жаңа білімді енгізу қажеттілігін танытатын жағдайды көркету; лынып қойылады.
Тақтада алдын ала бірнеше нүкте салынып қойылады.

  • Біз «Нүкте дегеніміз не?»дейтін бойжазу өткіземіз.

Жауап нұсқаларын (дөңгелекше, қаламмен, фломастермен малған белгі, т.с.с.) білем дейтін бала қолын көтереді. Тәрбиеші ол балаға допты лақтырады. Ол жауап беріп, допты қайта лақтырады. Бойжазудан кейін тәрбиеші сабақтың тақырыбын жариялайды.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті.
Балалар нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді және оларды құру әдістерімен танысады. Балаларға торкөз қағаз бетінде бағдарлау іскерлігін дамытуға арналған тапсырма (тордың ортасына, тордың ол жақ жоғары бұрышына нүктелер салу, т.с.с.) берген пайдалы. Балалар сызуда түзу мен кесіндіні ажыратуды үйренеді. Олар кесіндінің ұштары нүктелермен немесе штрихтармен белгіленетінін, ал түзуді салғанда мұндай шарттардың жоқ екендігін ұғынулары керек. Балалар сызудан түзумен кесіндіні ажыратуды үйренеді. Олар кесіндінің ұштары нүктелермен немесе штрихтармен белгіленетін, ал түзуді салғанда мұндай шарттардың жоқ екендігін ұғынулары керек. Балалар кесіндіні қағаз алса да түзу сызықты қағаз бетінде орналастыруға болмайтыны туралы қорытынды жасайды. Материалды бекіту үшін тәрбиеші ойын ойнауды ұсынады.
1-ші ойын. «Нүкте арқылы сызық жүргіз»
Мақсаты: фигураларды құрастыру ерекшеліктерімен таныстыру; топпен жұмыс істеу іскерлігін дамыту; қимыл – қозғалыс белсенділігін дамыту.
Топтар бойынша жұмыс істеу. Тақтада бірнеше нүкте салынаған (әр команда үшін бір-бір нүктеден). Қатысушылардың міндеті – барынша тез жылдамдықпен нүкте арқылы көптеген сызықтар жүргізу. Тәрбиешінің белгі беруімен әр топтың қатысушысы тақтаға жүгіріп жетіп, бір сызық жүргізуі, срсын командаға қайтып келіп басқалардан тез орындап шыққан команда жеңіске жетеді. Ойынның күрделендірілген нұсқасы: нүкте арқылы кесінділер немесе сәулелер жүргізу керек.
2-ші ойын. «Фигураларды есте сақтап қал және сал.»
Мақсаты: геомертриялық фигуралар: түзу, сәуле, бұрыш, кесінді, қисық сызықты бейнелеу іскерлігін қалыптастыру; зердені, ұсаққол қимылдарын дамыту.
Тәрбиеші тақтаға фигураларды кезекпен-кезек салады (түзу сызық, сәуле, бұрыш, кесінді, қисық сызық). Әр фигура 5-6 сек көрсетіледі, сосын оны өшіріп тастап, орнына басқасы салынады. Сосын тәрбиеші сурет салуға арналған қағаз таратады және осы фигураларды тәрбиеші қандай реттілікте сызса, сондай реттілікте сызып шығасындар деп тапсырма береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет