Бюджеттік қатынастар – бюджеттік үдерісте туындайтын қатынастар.
Бюджеттік операциялар – бюджетті атқару үдерісінде жүзеге асырылатын операциялар.
Бюджеттік өтінім –бюджетті əзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламалардың қажеттігін негіздеу жəне оларды қаржыландыру сомаларын айқындау үшін алдағы қаржы жылына жəне үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері жыл сайын жасап, табыс ететін құжаттар жиынтығы.
Бюджеттік үдеріс –Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау жəне түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептемені, бюджетті есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджетті есепке алу мен бюджеттік есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг жасау жəне нəтижелерді бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі.
В Валюта айырбастаудың рыноктық бағамы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептеме саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тəртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына орташа өлшемді биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы.
Валюта бағамы– Қаржы министрлігі ұлттық банкпен бірлесіп белгіленген тәртіппен айқындалған, бір валютаны екіншісіне айырбастау коэффициенті.
Валюталық басқыншылық – орталық (ұлттық) банктің шетел валютасын сатып алу-сату арқылы ұлттық валюта бағамына ықпал ету мақсатымен валюта рыногындағы операцияларға араласуы; валюталық саясаттың бір түрі.
Валюталық түсім-ақша –тауарлар мен қызметтер экспортынан, сондай-ақ халықаралық кредиттерден түскен шетел валютасы.
Г Грант – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі.