Бюджеттік бағдарлама – бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстары. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі бағыттарын нақтылайтын ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
Бюджеттік инвестициялау – Бюджетті нақтылау – Республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мəслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттік көрсеткіштерді өзгерту.
Бюджеттік инвестициялық жоба –белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік қаражаттар есебінен іске асырылатын жəне аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге жəне дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
Бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері –бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған республикалық жəне / немесе жергілікті бюджеттердің қаражаттары, соның ішінде сыртқы рыноктарда қарыз алу, концессиялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру жəне мемлекеттің заңи тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингі –бюджет қаражаттарды бөлу сəтінен бастап пайдалануға беру сəтіне дейінгі жаңа объектілерді құру (салу), қолданыстағыларын реконструкциялау барысы туралы ақпаратты жинау жəне талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.
Бюджеттік қамтамасыз етілу –тиісті бюджеттер қаражаттары есебінен ұсынылатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер құны.
Бюджеттік қаражаттар –мемлекеттің ақшалай жəне өзге активтері, жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттік меншікке түсетін түсімдер.
Бюджеттік қаражаттарды алушылар –бюджеттік қаражаттарды бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері арқылы алатын жəне оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке жəне заңи тұлғалар.