Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз – инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз.
Мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш – мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған жəне өтелмеген мемлекеттік емес қарыз сомаларының сомасы.
Мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті – Республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сома, соның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін.
Мемлекет кепілдендірген борыш – мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған жəне өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнеткерлік жасқа жеткен соң берілетін ай сайынғы ақшалай төлем.
Мемлекеттік кепілдендірген қарыз – мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз.
Мемлекеттік борыш – Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің борышына немесе мəслихаттардың шешімдерімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерілген) жəне өтелмеген мемлекеттік қарыздардың белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы. Мемлекеттік борыш ішкі жəне сыртқы мемлекеттік борышты кіріктіреді.
Мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру – мемлекеттік борышты жаңадан алынған қарыздық қаражаттар есебінен өтеу.
Мемлекеттік емес қарыз – Қазақстан Республикасы Үкіметін, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен жергілікті атқарушы органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық укілетті орган – стратегиялық, экономикалық жəне бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган – тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте стратегилық, экономикалық жəне бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жəне сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган.
Достарыңызбен бөлісу: |