Қаржылық құқық – мемлекеттің қаржылық қызметімен байланысты қатынастарды реттейтін құқық саласы.
Қаржылық лизинг – Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес жасалған лизинг шарты бойынша амортизациялауға жататын негізгі құралдарды беру, егер ол мынадай талаптарға сай келсе: негізгі құралдарды лизинг алушының меншігіне беру жəне (немесе) лизинг алушыға негізгі құралдарды тіркелген бағамен сатып алу жөнінде құқық беру лизинг шартында белгіленсе; қаржылық лизингтің мерзімі негізгі құралдардың пайдалы қызметі мерзімінің 80 пайызынан асса.
Қаржылық менеджмент –кəсіпорында инвестицияларды қоса барлық қаржылық үдерістерді қалыптастыру жəне реттеу, жоспарлау, шешімдер қабылдау, өкімдер əзірлеу жəне бақылау стадияларының жиынтығы. Стратегиялық қаржылық менеджмент инвестицияларды жəне капитал құрылымын ұзақ мерзімді басқаруды қамтиды. Оралымды қаржылық менеджмент өтімділікті қамтамасыз етуге жатады.
Қаржылық механизм –шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі; бөлу жəне қайта бөлу қатынастарының кең жүйесі жүзеге асыратын табыстар мен қорланым құралатын жəне ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорлары құрылып, пайдаланылатын нысандар мен əдістердің жиынтығы. Қаржылық жоспарлауды, қаржыны басқаруды, қаржылық тұтқалар мен ынталандырмаларды, қаржылық көрсеткіштерді, нормативтерді, лимиттерді, қаржылық резервтерді кіріктіреді.
Қаржылық міндеттемелер – бұл: ақшалай қаражаттарды немесе кез келген басқа қаржылық активті басқа субъектіге төлеу туралы; анағұрлым әлуетті қолайсыз болып табылатын жағдайда басқа субъектімен қаржы құралдарымен алмасу туралы шартты міндеттеме болып табылатын кез келген міндеттеме.
Қаржылық ресурстар –мемлекеттің, кəсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың қарамағындағы ақшалай қаражаттары мен қорларының жиынтығы; қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құрылады.
Қаржы рыногындағы кəсіптік қызмет –қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кəсіпкерлік қызмет.
Қаржы рыногы – қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржылық құралдардың шығарылымына жəне айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы.