Қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уəкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг жəне акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңи тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайызы қатысатын банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым.
Қаржы жылы– бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі.
Қаржы жүйесі – белгілі бір қоғамдық экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржылық қатынастар мен қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада – мемлекеттің қаржы мекемелерінің жүйесі.
Қаржыландыру –бюджеттік ақшаларды оларды алушыларға бөлу.
Қаржы мониторингі – ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы қаржы мониторингі субъектілерінен келіп түсетін ақпаратты жинақтау жəне талдау жөніндегі шаралардың жиынтығы.
Қаржылық есептеме –егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын бақылау объектілерінің қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нəтижелері жəне олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат.
Қаржылық есептемені беру валютасы – қаржылық есептеме берілетін валюта.
Қаржылық жалдау – жалдау мерзімінің уақыты өткеннен кейін меншік құқығының ауысуына қарамастан, активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайдалардың жалға алушыға елеулі ауыстырылуы болатын жалдау.
Қаржылық қызмет –меншікті капитал (ақшалай қаражаттар мен олардың баламалары) мен қарыздық қаражаттардың мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге əкеп соқтыратын қызмет.
Қаржылық қатынастар –өндірістік қатынастардың табиғи құрамды бөлігі; мемлекет пен шаруашылық жүргізуші жеке субъектілер арасындағы ақшалай нысандағы экономикалық қатынастарды көрсетеді.