55
4. Біз ӨЗ САНАМЫЗҒА МЕЙІРІМДІ БОЛУДЫ ҮЙРЕНУІМІЗ керек.
Теріс
ойлар үшін өзімізді-өзіміз жек көруді қоялық. Одан да, біздің ойларымызға
“бүлдіруден” гөрі “жасампаздық” тән деп ойлайық. Қолайсыз жағдаяттар бола қалғанда
өзімізді айыптамайық. Өйткені біз осындай өмір тәжірибелерінен үлгі аламыз ғой.
Өзіңе мейірімді болу аса маңызды.
Босаңсуды да үйреніп алу керек. Сіз қорқып немесе тартынып
тұрғанда, сізден
қуат кете бастайды. Өз тәнің мен миды босаңсыту үшін бірнеше минут қана кетеді.
Көзді жұмып, терең демалыңыз. Дем шығарар алдында "Мен сені сүйемін. Барлығы
тамаша" деңіз. Сонда өзіңізді қаншалықты жайлы сезініп келе жатқаныңызды
байқайсыз. Осылайша сіз өзіңізге жайсыз және қорқып өмір сүрудің
ешқандай
қажеттігі жоқ екенін хабарлайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: