М. Р. Балтымова


Ҧсынылатын әдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет20/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78
Ҧсынылатын әдебиет тізімі: 
1. 
Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: таным мен 
кӛркемдік. – Алматы, 1999. – 346 б. 
2. 
Балтымова М.Р. Қазақ әдебиетіндегі тарихи 
проза: Оқу құралы. – Ақтӛбе, 2016. – 200 бет. 
3. 
Бердібай Р. Тарихи роман. Оқу құралы. – 
Алматы: «Санат», 1997. – 336 б. 
4. 
Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік 
кезеңінде. – Алматы: «Алатау», 2006. – 352 б. 
5. 
Сыдықов Т.С. Қазақ тарихи романы. – Алматы: 
Ер-Дәулет, 1996. – 252 б. 
6. 
Тілепов Ж. Елім деп еңіреген ерлер жыры. – 
Алматы: Білім, 1995. – 192 б. 


175 
№3 практикалық сабақ
Тақырыбы.  ХІХ-ХХ ғасыр басындағы жазба әдебиеттегі 
тарихилық 
Жоспары:
1. 
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы жазба 
әдебиеттегі тарихилық 
2. 
Абайдың «Ескендір» поэмасы және дүние жүзі 
тарихы 
3. 
Махамбет туындыларындағы халық тағдырының 
бейнеленуі 
4. 
Қазақ тарихын суреттеуге арналған Ы.Шӛреков, 
М.Серәлин, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Н.Орманбетов, 
Ә.Кердері, М.Кӛпеев, Б.Ержанов, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, 
М.Дулатов шығармалары 
5. 
Оқу және талдау: І.Есенберлин «Кӛшпенділер», 
«Алтын Орда» 
Әдістемелік нҧсқау. Бұл сабақ дӛңгелек үстел түрінде 
ӛткізіледі. Сабақта студентке тӛмендегі жұмыстарды орындау 
ұсынылады. 
Бақылау сҧрақтарына жауап беру:
1. 
Тарихи роман дегеніміз не? 
2. 
Тарихи романның құрамдас бӛліктерін атаңыз. 
3. 
Тарихи романның жанрлық ерекшелігі неде? 
Глоссариймен танысу:
Тарихи жырлар – белгілі тарихи окиғаға байланысты 
туған эпиалық шығармалар. Тарихи жырларда окиғаның дәлдігі
сақтала бермейді, әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-
саяси бет-бедері кӛркемдік тұрғыдан корытылып бейнеленеді. 
Бұл жанрда ру-тайпалык мақсаттар қаға беріс қалып, жалпы 
халыктық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады. Батырлар 
жырында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу, 
батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар тарихи жырларда
ұшырамайды. Сондай-ақ, әсіресе кӛркемдеу құралы (гипербола) 
тарихи жырларда мүлде әлсірейді. Бұл жырлардың бәрі – ертеде 
туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи 
оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер-тарихта 
болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары – кӛбінесе, сол 


176 
оқиғаларды кӛзімен кӛрген тұстастары. Авторлар кӛзімен 
кӛрген, ӛздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-
ретімен баяндайды."Тарихи жырлардың батырлық эпостан 
жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық 
баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей 
кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға 
басады" (М.Әуезов). 
Эпос (баяндау) – кӛркем әдебиетті ӛмірді суреттеу тәсілі 
жағынан үш салаға бӛлгенде, лирика, драмамен қатар ӛз алдына 
үлкен бір сала болып саналатын, оқиғаны баяндап жеткізуге 
негізделген шығармалар тобы. Эпостық жырға жататын 
шығармалардың негізгі ӛзгешелігі – мұнда қандай да бір 
оқиғаны, жәйіттерді баяндап айту қолданылады. Эпостық 
шығармада кейіпкерлерді жан-жақты кӛрсетуге мүмкіндік мол. 
Ерте дәуірлерді эпос деп батырлар жыры сияқты кӛлемді 
туындыны атаған. Қазір ауыз әдебиетінің осындай үлгілері 
(батырлық жыр, тұрмыс-салт жыры) эпос деп аталады. Жазба 
әдебиетінде эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме, поэма 
сияқты үлгілері ӛркендеп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет