М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет17/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78
Байланысты:
open-file

Бақылау сҧрақтары: 
4. Мақал-мәтелдерді 
қолданудың кӛркемдік тәсілдері 
қандай?
5. Тарихи 
туындылардағы отансүйгіштік идеясының 
кӛрінісі. 
6. Тарихи роман кейіпкерін сомдау арқылы жас ұрпақ 
тәрбиесіне үлес қоса аламыз ба? 


154 
15-дәріс. Фольклордың шағын жанрларының қолданылуы 
Шешендік ӛнерде дүниеге кӛзқарас пен дүниетаным және 
ойлылық, тапқырлық, шапшаңдық, сӛйлеу мәнері, дауыс 
ырғағы, күлкі реңктері рӛл атқарады. Жыраулар, шешендер, 
қолбасылардың қаншама тартымды тұлғасы әдебиетімізге осы 
шығармалар арқылы келді. Шешендік сӛздер ауыз әдебиетінің 
жауһар үлгілерінің бірі. «Кӛшпенділер» трилогиясында 
шешендік сӛздердің толғай айтылған түрлері кездеседі. Соның 
бір жарқын үлгісі ұлы жырау Асан Қайғының Жәнібекке айтқан 
толғауынан кӛрінеді: 
«Қырында киік жайлаған, 
Суында балық ойнаған. 
Оймауыттай тоғай егіннің 
Ойына келген асын жейтұғын 
Жемде кеңес қылмадық. 
Жемнен де елді кӛшірдің 
Ойыл деген ойыңды 
Отын тапсаң тойынды 
Ойыл кӛздің жасы еді, 
Ойылда кеңес қылмадың, 
Ойылдан елді кӛшірдің». 
Қазақ «ат сүрінгенше» ақыл тапқан, ұшқыр ойды 
қастерлеген, ғасырлар бойы сӛз мұрасын қорғаштап, сӛз асылын 
жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сӛз болған халық. 
«Алмас қылыш» романы шешендік сӛзге, толғауға толы. 
Романдағы шешендік сӛздерге келсек: «Ұлы хандық ат үстінен 
түспей жаулап алынды. Оны енді ат үстінде отырып басқаруға 
болмайды», «Досыңнан қасыңның еті тәтті. Ал қасыңнан 
ӛзіңмен алысқан жауыңның еті тәтті», «Қара қазақ баласы – 
әкесінің баласы. Хан тағының баласы – әкесінің ажалы. Ӛйткені 
тақ біреу, отырамын деушілер кӛп», «Ханға – әке де, шеше де, 
аға-іні де – тек алтын тақ», «Уәзіріне сырын білдіріп алған хан 
қақпанға түскен аңмен бірдей». 
«Қаһар» романында кездесетін әрбір образ жасаушы тұлға 
ӛзінше шешен. Солардың шешендік сӛздеріне тоқталсақ: 
«Ұясынан ерте ұшқан қыран тез қартаяды», «Ел билеймін деген 


155 
адамға кейде жазықсыз ажал жазықты ажалдан құнды. Адамды 
алу – әлсіздіктің белгісі», «Ел бастаған дана емеспін, қол 
бастаған батырмын. Демек, қыран жете алмас қия жоқ, 
жаужүрек ӛте алмас мия жоқ», «Алмас наркескенді қанша 
бӛлшектесең де әр бӛлшегі сол алмас қалпында қалады. Батыр 
елден батыр ер туады», «Кесіп алсаң қан шықпас, ел билейтін 
жан шықпас дейтін Қаракесек екенсіңдер ғой», «Күштінің арты 
диірмен тартады, тіл табу біздің жақтан болуы керек», «Қазақ 
дене болса, сен – бассың. Бастан айрылып дене күн кӛре алмас. 
Мен тек қалауын тапса қар жанады, басқа жол іздеу керек 
деймін». 
Ал «Тар кезең» романында жазушы Қ.Мұханбетқалиұлы 
бұрынғы қазақтардың дені билер мен батырлар, суырып салма 
шешендер болғанын кӛрсете отырып, Сырымның тӛңірегіне 
шоғырланғанын суреттейді: «Қақ тӛрге, қонақтардың қасына 
Шеркеш Тұрманбет би, Беріш Алдар би, Адай Атағозы батыр 
қатарлы үлкендерді отырғызып, олардың оң жағына: Тӛртқара 
Қаракӛбек, Ӛтебас; Шекті Құдаш, Бәйіш, Сегізбай; Кете Кӛккӛз 
секілді билер бастаған Әлім ата балаларын; сол жағына: Табын 
Тіленші би мен Барақ батыр, Тама Қадыр мен Садыр; 
Жағалбайлы Сағыр, Тотай батырлар мен Кердері Қоныс би 
бастаған Жетірудың игі жақсыларын жайғастырып; ӛз 
тӛңірегіне: Ысық Қаратау би, Беріш Қара батыр, Масқар Дӛнен 
қатарлы ығай-сығайларды жинап алған Сырым би жұрт 
жайғасып болды-ау деген кезде:
– Ал, игі жақсылар! Ұлы жиын ертең! Анау боз тӛбенің 
басында! Күллі халық сол жерде бас қосады... – Иә, бірден 
ашығын айтайық... – деді, сонсоң алпамса кеудесін кӛтеріңкіреп, 
бойын тіктеп алған зор денелі би... Ең бірінші кезекте, Ханы 
қара басын сағаттап қашып кеткен мына елдің Елдігін қалай 
сақтап қаламыз? ...Екіншіден, кӛп жылдардан бері оңбай тұрған
іргелес жұрттармен қарым-қатынасты қалай түзетуге болады? 
Әсіресе, қысқа күнде қырық рет атысып-шабысып отырған 
мына 
казак-орыстардың 
ылаңын 
қайтіп 
тыйғызамыз? 
...Қысқасы, Алаш ұлына қайтсе теңдік тиеді!» – деп сӛз бастады. 
Осы романда Беріш Алдар қарттың Сырымның істеріне 
сүйсіне де әрі сынай да қойған «Қарадан хан болдық, айырдан 


156 
нар болдық, жоқтан бар болдық, кӛнеден дәурен озды, кӛндей 
қамқа тозды, боздан бурыл озды! Атадан ұл озды, анадан қыз 
озды, бұл не деген заман болды!?» сауалына Сырым бидің 
қайтарған жауабы да кӛп ғасырлық тарихы бар халқымыздың 
адамгершілік-имандылық 
рухындағы 
мәңгілік 
ұстаным 
бағдарын танытады: 
… Қарадан хан болсам, халқым қалаған шығар! 
Айырдан нар болсам, атам қазақ үлектей жараған шығар! 
Жоқтан бар болсам, құдайым қараған шығар! 
Кӛнеден дәурен озса, мезгілі жеткен болар. 
Кӛндей қамқа тозса, күтімі кеткен болар, 
Боздан бурып озса, жүйріктігі болар! 
Атадан ұл озса, еректігі болар. 
Анадан қыз озса, зеректігі болар. 
Заманға да сол керектігі болар!»
Фольклор үлгілері – тарихи шығарманың құрылыс 
материалы, себебі халық тарихы, біріншіден, оның рухани 
мұрасымен бірге бізге жетсе, екіншіден, тарихшылардың 
мәліметі арқылы жалаң фактілер түрінде жетеді. Халық ӛз 
ӛмірінің қиындығын да, қуанышын да ӛлең-жырмен, шешендік 
сӛздермен бейнелеп отырған, осы мұра кейінгі ұрпақ санасында 
мәңгі жаңғырып тұрмақ, оның бәрі де шынайы тарихи 
деректермен шендесіп жатқанының белгісі екеніне кӛзіміз 
жетеді. 
Қазақ халқының айтыс ӛнері – импровизаторлық үлгідегі 
жыр маржандарының тізбегі. Тумысынан дала романтикасына 
бойлап ӛскен халқымыз сӛзге шешен, ойға жүйрік, сергек 
жаратылған. Айтыс ӛнері арқылы халықтың небір шешендері
ӛздерін шаршы топта танытып, нағыз ділмарлары халық 
еркесіне айналған. Бұл ретте халық арасында кең таралған 
«Біржан – Сара» айтысы арқылы айтыскер ақындардың бірін-
бірі іздеп жүріп те айтысқан мысалдарын білеміз. 
Айтыс ӛнері туралы құнды пікір айтқан белгілі ғалым 
Р.Бердібайдың «Биік парыз» атты жинағындағы: «Қазақтың 
ауыз әдебиетіндегі мейлінше шыншыл, жан-жақты жетілген 
жанрлардың бірі – айтыс болатын. Айтыс үлгілерінде драманың 
анық элементтері бар екендігін, зерттеушілер кӛптен бері 


157 
байқаған. Ал айтыс формасын прозада, романда қолдану 
жӛнінде Ілияс Есенберлин тапқырлық жасағанын кӛреміз» (105-
б.), – деген пікірі іздей білсе, ауыз әдебиетіміздің түрлі 
жанрларының мүмкіндіктері жазба әдебиетіміздің бейнелеу 
құралдарын байыта алатындықты аңғартады. Айтыс үлгілері 
кӛрнекті жазушы І.Есенберлиннің «Кӛшпенділер» және «Алтын 
Орда» тарихи трилогияларында тарихи оқиғаларды бейнелеу 
қызметінде кӛркемдікпен қолданылған.
Айтыс ӛнерінің ақынды ақын деп танытады, халқымыз ел 
есінде ерекше орын алған айтыс үлгілерін ұрпақтан ұрпаққа 
жеткізіп отырған.
«Алмас қылыш» романында айтыстың ерекше бір түрі 
туралы айтылады. Әбілқайыр хан сүйікті ұлы Маңғыт әйелінен 
туған тұңғышы Шах-Будақтың ӛлгеніне бір жыл толғанда ас 
бермекші. Ас беру – жерлеу емес, Дәшті Қыпшақ елінің дәстүрі 
бойынша үлкен той. Асқа Дәшті қыпшақ пен Мауереннахрдың 
игі жақсылары қатысады, сайысқа атақты батырлары түспек. 
Бұл астың тағы бір ерекшелігі Қыпшақтың от ауызды, орақ тісті
қарға бойлы Қазтуған жырауы мен Арғынның ақсаңдақ жүйрігі, 
сексеннен асып кеткен Ақжол бидің әкесі Қотан жырау 
айтысады. Тӛрешіге Үйсін Майқы бидің алтыншы буыны ұлы 
сыншы, халық ардагері, жүзден асып кеткен Асан қайғының ӛзі 
келмекші. Осы кезеңді жазушы былай суреттейді: «...бәрі 
аяқталып, бүгін астың ең қызығы, талай жан ӛкінер, талай бидің 
намысқа шауып қабырғасы сӛгілер жыраулар айтысы басталған. 
Айтыс тӛрешісі жүзден асқан ұлы жырау Асан қайғы. Ол бұл 
жолы Желмаясымен Кӛкше теңіз тұсын шолып келген-ді.
– Асан ата, Кӛкше теңіз маңы қандай жер екен? Сайын 
ордасын кӛшіруге жарар ма? – деген Әбілқайыр ханның сӛзіне 
Асан қайғы: 
– Қақ үстін жайлау етем десе ханның еркі ғой. Ал мен 
кӛрген Кӛкше теңіз маңы: 
Тас табаны тӛрт елі, 
Атан жүрер жер екен, 
Тӛсегінен түңілген 
Адам жүрер жер екен, – деп жауап берген. 


158 
Осы Асан Қайғы айтыс тӛрешісі. Тӛреші боларында ол 
Әбілқайыр ханға:
– Атамыз Майқы биден бері бәйге хан ордасын кім асыра 
мақтай алса соған беріліп келетін-ді. Бұл жолы ата жолын 
бұзбақпын. Егер соған кӛнсең, тӛреші боламын, – деген. 
Бүкіл ел-жұрты ардақтаған Асан ӛтінішіне хан да қарсы 
келе алмаған.
– Құп, айтқаныңыз болсын, – деген Әбілқайыр. 
Асан айтыс тәртібін ӛзінше құрған. Бас бәйге кім де кім 
жауға қарсы елдің ерлігін дұрыс айтып бере алса, соған беріледі. 
Орта бәйге ӛз руының жер-суын қорғаудағы істерін дұрыс 
суреттеп берген адамға тапсырылады. Ал ақ бәйгеге Дәшті 
Қыпшақ елінің болашағын кім дұрыс болжай алса, сол ие... 
Және жеңіс тәртібі де ӛзгеше. Бір жырау ӛзінің ру ерлігін паш 
етсе, қарсы жырау сол рудың айтылған ерлігінің кемшілігін, 
қатесін дат етеді. Қайсысының жыры жұрт кӛкейіне қонар 
болса, сол жеңді деп саналмақ. Шыңғыс ұрпақтарын 
мадақтайтын айтысқа да осы шарт. Бұл шарт үшінші айтыста да 
қолданылмақ: бір жыраудың болжауын екінші жырау сынауы 
керек. Егер сынай алмаса, жеңілген болып саналады.
Бас бәйгеге Қыпшақтың ұлы жырауы Қазтуған мен 
Арғынның ақиығы Сыпыра жыраудың ұрапағы Қотан тайшы 
түспек болды.
Қазтуған тапал, тоқты жілігінің қорғасын құйған асығындай 
шымыр адам. Сондықтан да оны халық «қарға бойлы Қазтуған» 
деп атап кеткен. Бір тайпы елдің батыры және жырауы. 
Әбілқайыр тұсында қазақ, ноғай қауымдары аралас-құралас 
кӛшіп жүрген. Хандар тұтасқан ӛшпенділікке қарамастан, тұтас 
бір рудың, не бір тайпы елдің бүгін ноғай құрамында болып, 
ертеңіне қазақ жағына шығып кетуі әдеттегі жәйт саналған. 
Әйтсе де, екі ел арасындағы жанжал кейде үлкен ұрысқа 
айналып, бір жағы атамекен қонысын тастап кететін кезеңдері 
де болған. Осындай бір айқаста Қыпшақ жағы жеңіліп, Ноғайлы 
дәуірінің жырауы атанған Қазтуған: 
Салп-салпыншақ анау үш ӛзен 
Салауалы менің ордам қонған жер, 
Жабағылы жас тайлақ 


159 
Жардай атан болған жер,
Жатып қалған бір тоқты 
Жайылып мың қол болған жер, – деп басталатын атақты 
Еділмен қоштасу толғауын айтқан. Осы Қазтуған Қыпшақ 
руының ерлігін мадақтап, байлығын мақтамақ. 
Бұнымен айтысатын ақын: «Ер Тарғын» қиссасында «бұл – 
ӛз ӛмірінде толғау айтып тоғыз ханды түзеткен кісі» деп келетін, 
бүкіл қазақтың қамын ойлап ӛткен Сыпыра жыраудың ұрпағы 
Арғынның ардагері сексеннен асқан қарт Қотан. 
Хан ордасының алдына кілең би, батырлар алқа-қотан 
отырғаннан кейін Асан Қайғы айтысты бастады. Ол алдымен ӛзі 
іштегі күйігін сыртқа шығара ел-жұртының қамын сӛз етіп біраз 
толғау айтты. Халыққа тарап кеткен: 
Таза мінсіз асыл тас, 
Су түбінде жатады. 
Таза мінсіз асыл сӛз, 
Ой түбінде жатады. 
Су түбінде жатқан тас, 
Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде жатқан сӛз 
Шер толқытса шығады», – деп басталатын ұлы толғауын да 
осы жолы айтқан-ды. Бір бунап, бір босатқан науқастай, бойын 
қысқан жырын бітіріп барып «уф» деп демін алды. Содан кейін 
барып жыраулардың мына отырған қауымға ӛз руларының 
қайдан шыққанын, аттары неден алынғанын таныстырып ӛтуін 
бұйырды.
Қазтуған жырау безілдеген домбырасымен, ал Қотан тайшы 
ботасы ӛлген інгендей боздаған кәрі қобызымен Қыпшақ руы 
мен Арғын руының жетістіктерін, жеңістерін, ерліктерін елге 
паш етті. 
...Ойға шомып кеткен Асан Қайғы енді басын кӛтерді: 
– Бейбітшілік әрқашан халықтың кӛкейтесті мұраты, сен сол 
халық мұратын кӛксеп отырсың, Қотан жырау, – деді. – Бас 
бәйге сенікі, – енді ол Қазтуғанға қарады, – елдің елдігін, ердің 
ерлігін мадақтау о да бір паш ӛнеге, бірақ ерлік ел шабуға 
бағышталса езгілікке айналады. Демек, Жейхұн ӛзеніндей 
тасыған жырың үшін ортан бәйгені саған ұсынар едім, от 


160 
ауызды, орақ тілді Қазтуған жырау, бірақ ақылгӛй Қотан қарт 
Қыпшақтың ӛзге елге еткен қиянатын бетіңе басып, тұсаған 
жылқыдай ӛрісіңді кеңіттірмеді. Сол себептен әлі де айтылмаған 
жырың қалған іспеттес. Қыпшақ құр ғана басқа елдерді шауып 
қойған жоқ қой, ӛз елін қорғағандағы ерлігін естісек дер едім...». 
Жазушы қазақ халқына белгілі жыраулар айтысы арқылы 
қазақ халқының іргелі Қыпшақ, Арғын руларының да ерліктерін 
паш етеді. Бұл жазушының тарихи шындықты жеткізудегі 
шығармашылық әдісі. Халық мұрасын жеткізу арқылы жазушы 
қазақ тарихындағы от ауызды, орақ тілді, кӛмейі бүлкілдеген 
кӛмекей әулиелерді толық сипаттай алған, сондықтан трилогия 
мазмұнында сол кезеңде ӛмір сүрген Асан Қайғы, Жиренше 
шешен бейнелері кӛркем суреттелген. 
Асан Қайғы, негізінде, қазақ хандығын құрысқан және туған 
елі үшін қолайлы қоныс іздеген халық қамқоры ретінде, жер, ел 
және қоғам туралы болжамдар айтқан сәуегей философ 
бейнесінде сипатталады. Асан Қайғының аса маңызды еңбегі – 
желмая мініп, жеті жыл жер дүниені кезіп, ел-жұртына жақсы 
қоныс іздепті. Халық арсында «Асан Қайғы мен Әз Жәнібек» 
деген аңыз бар. Сол аңыздан алынған «Қырыңда киік жайлаған» 
деп басталатын үзіндіні жазушы «Алмас қылыш» романына 
енгізген. Мұның мазмұны бойынша халықты Оймауыт, Жем, 
Ойыл секілді шұрайлы жерлерге кӛшіруге кеңес берген Асан 
абыздың айтқанына қарамай, хандығының келешегін ойлаған 
Жәнібек бұл жолы да ӛз айтқанынан қайтпай, хандықты Асан 
Қайғы жайсыз деп сипаттаған Шу, Сарысу бойына қондырады. 
Ал «Алтын Орда» трилогиясында Асан Қайғының Жәнібек 
ханмен кездесуі кӛркем сипатталады. Бұл ретте абыз Асан 
Қайғы Жәнібекке Хан ордасын оңтайлы орналастыру туралы 
ойларын айтады: «Әрі-бері амандық сұрасып болғаннан кейін, 
Жәнібек қолындағы күміс кесесінен қымызды бір жұтып қойып 
Асан Қайғы қартқа қарады. 
– Қайта оралуыңызға қарағанда, Алтын Ордаға кіндік 
боларлайық қоныс тапқан тәріздісіз ғой, қария, – деді, – Еділден 
артық ӛзені, Сақыстаннан артық даласы бар ол қай жер екен? 
– Алдыменен кӛрген ӛзендерімді айтайын, деді, Асанқайғы, 
Шығысыңда ұзын аққан Ертісіңді кӛрдім. Шіркіннің баласы 


161 
тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. 
Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы кӛрініп тұрған жер екен. 
Сосын Асан Қайғы кесесінен қымызың бір ұрттап алып 
қайта сӛйледі.
– Теріскейіңде алты күнде ат семіртіп мінетін, кӛкпегінен 
қой кӛрінбей ӛретін Нұра барып құятын, жағасына мың сан 
жылқы сиятын, суы менен жары тең, жарлысы менен бары тең, 
кең аласы, кӛз жетпес боп кӛсілген, мал, адамы, тойынып-тойып 
есірген, кӛрікті ӛзен Есірді (Есіл ӛзенінің аңыз бойынша түпкі 
аты Есір екен – І.Е.) кӛрдім. Бірақ бұ да бізге, сірә, жер болмас. 
Орда тігіп қазақ онда ел болмас. Орманы жоқ, тауы жоқ, тек 
қызығар жауы кӛп. Айырылғандай күні бұрын шіркіннен, 
артыма қарап жаңылдым ойын-күлкіменен. Шыға алмадым 
шеңберінен жат ойдың, Есіл Есір, сенің атың Есір емес енді 
Есіл... Есіл деген ӛкінішті оған ат қойдым. 
Жұрт бұрынғысынан да тына қалды. 
– Күнгейінде тағы бір ұзын ӛзенің бар. Аты Сыр-Дария – 
деді Асан Қайғы күбірлей сӛйлеп. – Басы байтақ, аяғы тайпақ 
қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, 
қоныс болу сонда ғана дұрыс екен деп ойладым. Бірақ бұ да 
Ордаңды тігуге келмейді екен. 
– Неге? – деді Жәнібек. – Бұл тұсқа тӛніп тұрған қандай жау 
бар? 
– Жау кӛп, – деді Асан Қайғы. – Сенің атаң Шыңғыс хан да 
Дешті қыпшақ жеріне осы арадан кірген жоқ па? Ескендір 
Зұлхарнайын да арғы бабамыз сақ даласына да, осы Жейхұн-
Дариядан еңбек болған. Хунулар осы ӛзен даласын басып ӛткен. 
Жоқ, бұл ӛзен де Шығыс, Шығыс күнгей, Күнгей жауларыңа 
таяу жер... 
– Сӛйтіп, шығысымда да, күнгейімде де, теріскейімде де біз 
Орда тұрғызар ӛзенді жер жоқ екен ғой, – деді Жәнібек 
күлімсіреп. – Онда осы Сарай-Беркеде қала береміз де... 
– Еділ, Жайық тұрғанда, – деді қабағын сәл шытып 
бағанадан бері әзер шыдап отырған Тӛре би, – бӛтен қоныс іздеп 
Жәнібек ханды құдай ұрған ба?
Асан Қайғы түксие қарады. 


162 
– Асықпа, Тӛре би, – деді оған қарт жырау. – Алтын Орда 
астанасы жеріңнен кеткенменен, еліңнен кетпейді...
– Хан Ордасы деген ел Ордасы, – деді ол. – Орда халық 
үйінің алтын шаңырағы. Шаңырағы күйреп жерге құлаған жұрт, 
кӛзінен айырылған бас келбетті... Ақылды хан ел кіндігін жер 
шетіне құрмаса керек-ті. Ел шетіндегі Орда жау алуға жеңіл. Ал 
жер ортасындағы Орда, жау қолына оңай тимейтіні кәміл. Ол 
үшін жаңа ӛздерің кӛрдіңдер, мынау алып дала – кілемнің бір 
шетінен түріп шолдағы шептердің бәрін жеңіп, сосын ғана жау 
Ордаңа тиеді келіп. Қандай мықты әскер болмасын, бұл оңай 
емес. Бұнымды ешкім бұрыс демес... Қауіпті ӛңірден қоныс 
аудар. 
– Қайда? – деді Жәнібек хан тағы да. 
– Жаңа айттым ғой, тӛрт жағыңда тӛрт ӛзенің бар. Алабы да 
кең, аларың да мол, бірақ сен оларға кӛшпе. Ордаң кіндігін, 
кешегі атаң Жошы таңдап алған Ұлы-Тау іргесіне сал. Дешті 
Қыпшақтың Сарыарқа атты дәл ортасына бар. Қай жағыңнан 
жау келсе де, соғыс алар елің кӛп, жерің кӛп. Жау қарауға тауы 
да биік, даласы да ел қонарлық – Жерұйық. Шығысында – 
Қаракеңгір, Сарыкеңгір ақ айдын селің бар. Батысында – жүз 
мың жылқы суарылса лайланбайтын Ақкӛл мен Шойынды атты 
кӛлің бар. Теріскейіңде – Арғын атаң тауларымен шектесіп Азақ 
теңізіне бергісіз Қорғалжың мен Теңіз шалқарың тұр... Алтын 
Орда кіндігін сол даланың ортасына апарып құр. 
Қазақ әдебиетінде аңыз-роман, роман-хроника немесе
кӛркемделген тарих деп атауға болатын жанрдың пайда
болуын кездейсоқ, таң қаларлық құбылыс деп қарауға
болмайды. Ауыз әдебиеті дәстүрі бүгінге дейін қатарласа
ӛмір сүріп келе жатқан қазақ әдебиетінде мұндай «аралас»
жанрлар орын тебуінде ерсілік жоқ. Себебі әдебиет 
зерттеушсі Ю.Н.Тыняновтың пікірінше: «Жанр – тұрақсыз, 
қозғалыста болатын жүйе... жанр жүйе ретінде тербеледі. Ол 
басқа жүйелердің әсерінен пайда болады және ӛзге жүйелердің 
ағынына түсіп, кӛрінбей қалады» («Поэтика. История 
литературы. Кино», 256-257 бб.).
Қазақ ауыз әдебиеті ӛзінің бойына қаншама кӛркемдік
құдірет дарытқан ӛзгеше құбылыс екені белгілі. Мұнда


163 
кӛркемдеу мен типтендірудің неше алуан кесек үлгілері,
кейде бедерлі биіктері кездеседі. Қазақ жырлары мен
аңыздарының бірқатары халықтық романдар тәрізді. Оларда
әлеуметтік таптық сипат, адамдар ісіне дәл, нақты мінездеме
беру жиі ұшырайды. Соның жарқын мысалы – жазушының 
тарихи трилогиялары. Оқиғаны тартымды, тығыз, әсерлі етіп
баяндауда халық аңыздары мен ертегілері дәстүрінен
үйренетін тұстар бар екенін М.Әуезов және т.б. ғалымдар 
айтқан. Мұның терең мағынасы, ұлық ойы бар. Бүгінгі
қазақ прозасында ауыз әдебиетінен ауысқан белгілерді тек
кемшілік белгісі деп қарамай, солардың қандай идеяға,
қалай қызмет етіп тұрғанына, кӛркемдік кестелерге
қаншалық жарастық тауып, кірігіп кеткендігіне қарай сӛз
еткен жӛн.
Аңыз бен шежірені, тарих тізбегін үлкен тарихтық
идеялар мен ірі қаһармандар мінезін мүсіндеу талабына
жұмсай білуі тарих пен кӛркемдікті айырғысыз тұтастыққа
жеткізуі, ӛткен кездер хикаясынан бүгінгі қауымға керектіні
екшей алуы, тарихи тәжірибені, үлгілі сабақты, ӛнегені алға
тартуы жағынан І.Есенберлиннің тарихи трилогиялары қазақ
әдебиетінде оқшау орын алады. Тарихтың тереңінде жатқан,
тіпті тарихи зерттеулердіңӛзінде жүйелі баяндалып, толық
танылып болмаған заман, адам шежіресін екшеп, жаңа
сапаға келтіріп айта білуі жазушының жаңалығы, қазақ
әдебиетін байытатын, танығыштық, тәрбиелік мәні зор
туынды. 
«Жанталас» романында тарихи оқиғаларды бағалау,
саралау түсіндіру жӛнінде авторлық тұрғы берік сезіледі.
Халықтың тарихтағы шешуші орнын кӛрсетуге, ел
билеушілердің мүддесі бұқара мүддесінен алшақ жататынын
аңғартуға жазушы жеткілікті кӛңіл бӛлген. Белгілі тарихи
қайраткерлерге шежіренің, аңыздың берген бағасымен
шегеріліп қалмай, сол бағаның дұрыс не бұрыстығын
ғылыми болжамдар тұрғысынан тексеріп шығуға автор 
жағдай жасаған.
Тарихи романдар кӛп ретте кӛмескі жатқан тарихымыздың
бұралаң, шырғалаң жолдарын айқынырақ түсінуге


164 
кӛмектеседі, ӛткен ӛмірдің даңқты да, қасіретті де
белестерімен таныстырады, оқушының ӛз елінің тарихы, оның 
белгілі қаһармандары туралы ұғымын ұлғайтады, тарихтың 
опық жегізген ӛкінішті құбылыстары мен қуанышты дәстүрлері 
туралы аса пайдалы сабақтар береді. Бұл сонымен қатар ауыз 
әдебиетінде, шежіреде қаламгер қаламын шақырып тұрған 
тақырыптар мен кӛркемдік мүмкіндіктері мол екенін де 
аңғартады.
Жалпы алғанда, тарихи роман авторлары осы жанрда 
ӛзіндік тың жолға түскенін, ауыз әдебиеті мен жазба
әдебиеттің сәтті кӛркемдік қосындысы дерлік, оқушыны 
отаншылдық рухқа баулитын, дерегі мен керегі кӛп шығарма 
тудырғанын әдебиетіміздің ұнамды ізденістері қатарында қарап
бағалау парыз.
Қазақ халқының бай фольклорлық мұрасын ӛзінің тарихы 
туралы тарихи романдарға ӛзек етуі арқылы жазушылар 
халқымыздың рухани байлығын жаңғыртты, бұл – тарихи 
романдардың поэтикалық ерекшелігі. Фольклорда халықтың үш 
қасиеті – даналығы, ақындығы, батырлық сипаты кӛрініс 
табады. Фольклорлық жанрлар да ӛзге жанрлар секілді саф 
алтындай таза күйінде кездеспейді, олар кӛркем шығармада бір-
бірімен ӛзара қабысып, жымдасып, тығыз байланыста болады.
І.Есенберлиннің, 
Қ.Мұханбетқалиұлының 
тарихи 
романдары деректердің сонылығымен сипатталады. Яғни қазақ 
даласындағы Шыңғыс хан ұрпағының екі жүз жылдық және 
қазақ тарихының бес жүз жылдық кезеңін қамтитынымен 
құнды, поэтикалық кӛркемдік сипаты мен ұлттық колорит 
жоғары бағаланады. Жалпы трилогияның кӛркемдік бейнесінде 
фольклорлық сарындар (қиял-ғажайып ертегілер, ұлттық 
дәстүрлер, мақал-мәтелдер, шешендік ӛнер, айтыс, билер 
шешімі т.б.) жиі кездеседі және ӛте тартымды беріледі. 
Тарихи туындыларда аңыздар мен ауыз әдебиетінің озық 
үлгілері негізгі детальды құрайды, яғни фольклорлық, 
мифологиялық сарынмен байланысып отырады. Демек 
фольклор үлгілері тарихи шығармаға кӛркемдік реңк беріп, 
халық ӛмірінің қиындығын да, қуанышын да ӛлең-жырмен, 
шешендік сӛздермен бейнелеп отырған, осы мұралар ұрпақ 


165 
санасында шынайы тарихи деректермен шендесіп жатқаны 
белгілі болды. 
Тарихи шығармалардағы аса мән беретін проблемалардың 
бірі – тарих пен кӛркемдік шындықтың ара қатынасы. Автор ӛз 
шығармаларында аталған мәселеге объективті тұрғыдан баға 
береді, яғни тарихи тақырыпқа шығарма жазуда тарихи жазба 
деректерді, ауызша жеткен ел аңыздарын, фольклорлық 
материалдарды молынан пайдаланғандығына кӛзіміз жетті. 
Жазушы шығармада оларды пайдаланудың әр түрлі тәсілдерін 
қолданады. Бірде тарихи деректі негіз етіп алып, шығарма 
мазмұнында қарама-қайшылықтарды туындатады. Мұндайда 
шығарма астарындағы тарихи дерек айқын байқалмайды немесе 
тарихи қаңқасын ғана сақтайды. Кейбір жағдайда тарихи 
деректерді нақтырақ келтіреді. Әдетте жазушының шежірелік 
жазба деректерді пайдалануда білімділігін байқауға болады, ол 
шежірелік материалдарды ӛңдеп, кӛркейтіңкіреп қолданады 
және тым әсірелеуге бармайды. Автордың тарихи фактілерді 
объективті кӛрсетудің шебері екенін байқаймыз. Сол деректің 
кімнен немесе қандай еңбектен алынғандығына дәл сілтеме 
жасайды. Мұндай құбылыс І.Есенберлиннің шығармасындағы 
құндылық бағыттарын айқындай түседі. Жазушы ӛз еңбегінің 
тарихи негізін биіктете түсу үшін осындай тәсілге мақсатты 
түрде барған. «Кӛшпенділер» трилогиясының сүбелі тұстары 
ондағы 
фольклорлық 
материалдардың 
молдығымен 
сипатталады. Бұл жалпы қазақ халқының тарихи ерекшелігінен 
туындаған қажеттілік болса керек. Ӛйткені қазақ халқы ӛзінің 
кӛне тарихын қағазға түсірген емес, оны кӛкірегіне түйіп, 
ұрпақтан ұрпаққа ауызша таратып отырған. Міне, жазушы осы 
детальды жақсы пайдалана білген.
Фольклор үлгілерінің барлығы дерлік І.Есенберлиннің 
«Кӛшпенділер», «Алтын Орда» трилогияларында кездеседі, 
мұның арасында мақал-мәтелдер, қанатты сӛздер, бата сӛздер, 
шежірелер, айтыс үлгілері, жырлар, шешендік толғаулар бар. 
Сонымен қатар фольклорлық материалдар екі түрлі формада 
кӛрінеді. Алғашында тарих жӛніндегі кӛне жазба деректеріне 
қосымша материал ретінде қолданылса, ал екінші формада 
тарихи тұлғалардың портретін сомдауда кейіпкердің даралық 


166 
бітімін жасаудың құралы ретінде пайдаланылады. Соның 
нәтижесінде «Кӛшпенділер», «Алтын Орда» трилогияларында 
шешендік сӛз жарысының, билер дауының, ақындар айтысының 
небір тамаша картиналары кӛрініс береді.
«Алтын Орда» трилогиясындағы белгілі толғау Едіге 
батырға айтқан Кен-Жанбайдың сӛзі де орынды әрі ұтымды 
қолданылып, туындының сюжеттік дамуында үлкен салмаққа ие 
болып тұр. «Қыпшақ пен ноғайлының әйгілі тоғыз батыры 
Есентай ұлы Құдайбердіні, Монтай руынан шыққан Қос Дәулет 
ерлерді, Арғынның ақ иығы Қарақожаны Қара Қыпшақтың 
ардагері Қобыландыны, Ақбалтыр, Ұлы Уақты, Монбұр ұлы 
Шуақты ертіп, қара халықтың ӛзі тәрізді даңқты ұлдарының 
сӛзін жерге тастамас деп, Кен-Жанбай батыр Едігенің соңынан 
қуып берді. Бұлар Еділ ӛзенінің жағасына жеткен кезде, Едіге 
қасындағы Темір-Құтлық пен Құнжақ оғлан үшеуі арғы бетке 
шығып үлгірген екен. Сонда, әрі қарай кеткелі тұрған Едігеге 
Кен-Жанбай ӛзінің атақты шақыру-толғауын айтқан: 
«Ай, Едіге, қайт сана, 
Қайтып Еділ ӛт сана, 
Еңсесі биік боз Орда 
Еңкейіп сәлем бер сана, 
Ерні жұқа сары аяқ 
Ер сарқытын іш сана. 
Ал қара кіс үстінде 
Топ береді ки сана. 
Кӛк ала жорға ат мініп, 
Кӛк дабылпаз байланып, 
Тұтам бауы сары алтын 
Ақ сұңқар құс береді, 
Кӛл айнала шүй сана!»
Сонда Тоқтамысқа қаны қарая ӛшіккен Едіге «Мен 
кетермін, кетермін. Са-Темірге жетермін» деп басталатын 
атақты толғауын айтып Алтын Ордаға оралмай, Жағатай 
ұлысының жеріне кете барды. Артынан Тоқтамыс хан, тек бұл 
үшеуінің ғана кетпегенін, соңынан қоштасқалы барған Жәнеке 
қызын Едігенің ӛзімен бірге ала кеткенін естіді. Алтын Орда 
ханы Едігеге бұрынғысынан да жаман ӛшіге түсті». Кен-Жанбай 


167 
мен Едігенің келесі кездесуінде осы айтыс одан әрі жалғасқан 
еді: «Кен-Жанбай ... батырдың бар кӛздегені Едіге. Осы бір 
кентте бірге ӛскен жолдасын ол бәленің басы санаған. Алтын 
Орданы билеймін деп бүкіл Дешті Қыпшақты бүлдірген, 
Қырым, Еділ-Жайық етіп екіге бӛлген осы Едіге деп ұққан. Бір 
кезде Алтын Орданы жырымдаған Мамайдан қандай қашса, енді 
сол Мамайдың жолыменен келе жатқан Едігеге, сондай қарсы 
шықпақ болған. Едігенің кӛзін жоймай елде тыныштық 
болмайды деп ойлаған. Кешегі құрбы-құрдастығым, тай мініп, 
асыққа таласқан, бірге ӛткізген балалық шағын, бәрін-бәрін, ел 
бірлігі үшін құрбан етпек болған. Сол себептен екі әскері бетпе-
бет кеп, енді ұрыс басталғалы тұрғанда, серке сан сәйгүлігін 
ойнатып, Едігені жекпе-жекке шақырып, қан майданға шыға 
келген. Ол кӛк найзасын кӛлденең ұстап, күре тамыры білеудей 
боп ісініп Едіге тұрған жаққа бар дауысымен күжілдей толғай 
жӛнелген. 
Сӛзімді бақыла Едіге,
Ақыл, ойдың пірі едің. 
Сыр мен Жайық, Еділге, 
Асқар таудай ірі едің! 
Кәнекей, қорға жаныңды. 
Жекпе-жекке түсейін, 
Ӛлейін, не қаныңды, –
Халқым деп қазір ішейін! 
Едіге ашулана қалды. Астындағы теңбіл кӛгін тебініп қап, 
алға шыға келді. Адамға атылатын ырбыздай, екі бетінен түгі 
шығып, күжірейіп, бір сәт бұ да тақпақтап кетті. 
Бірге ӛскен дос едің, 
Қылышы қанды Кен-Жанбай, 
Ақылға жастан бос едің, 
Келесің содан бір танбай! 
Жиырма жылдай басқарды 
Ордаңды анау Тоқтамыс, 
Ол алды қандай асқарды, 
Бітірді қандай жақсы іс?! 
Дүркін-дүркін жау шапты 
Ұлы Қыпшақ даласын! 


168 
Толарсақтан қан ақты, 
Жаза алмай халқың жарасын! 
Бұдан әрі батырлар сӛзге келмеді. Теңбіл кӛк тұлпар мінген 
Едіге мен серке сан сәйгүлік мінген Кен-Жанбай, екі жақтан 
созыла шауып, ортаға шыға берді...».
Тарихи романдар – халық тарихын шынайы суреттеуде 
және халықтың ӛзін ӛзіне таныстыруда қызмет ететін кӛркем 
құрал. Тарихи шығармалардың кӛтеретін жүгі ауыр. Тарихи 
туындылардың кӛркемдік маңыздылығы – тарихты бұрмаламай 
суреттеп, әрі халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, жӛн-
жоралғыларын барынша айқын, анық бояуымен әрі сол 
кезеңдегі айшықтармен айнытпай бейнелеуінде болса, тәрбиелік 
маңыздылығы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата 
дәстүрін, халық шежіресін, рухани мұраларды кейінге мирас 
етуде, жас ӛскінді ӛз тарихы мен халқын сүюге тәрбиелеуде 
атқаратын қызметінде, ал танымдық маңыздылығы – кӛркем 
шығарма арқылы ел тарихының ақтаңдақтарын, тарих 
сахнасынан еріксіз ӛшірілген оқиғаларды, тарихи шындықтарды 
қалпына келтіру, оқырманға жеткізу. 
Тарихи роман авторлары қазақ әдебиетінде қозғалмаған 
тақырыпта қалам тартып, тыңнан түрен салды. Тоталитарлық 
жүйе мен кеңестік идеологияның құрсаулы цензурасынан 
тайсалмай, ұлтшылдық жаласына ілігуден қорықпай қазақ 
тарихындағы ел билеушілердің, билер мен ақын-жыраулардың, 
халық батырларының тұлғасын сомдауды ӛзінің Азаматтық 
міндеті деп санады. Қазақ халқының ұлағатты салт-дәстүрі, 
терең мағыналы ғұрыптары, атадан балаға жалғасып келе 
жатқан этнографиялық биік мәдениеті Азамат жазушылар 
қаламымен сәнді, нақышты, ӛрнекті тұскиіздей ӛрілді. Дана 
халқының бай фольклорлық мұрасы мен ауыз әдебиеті 
үлгілерін, шұрайлы тілін дәріптеу арқылы талайлы тарихын 
бедерлеу жазушылардың Азаматтық парызының биігі 
саналады. 
Тарихи романдар синтетикалық жанр талаптарына сәйкес 
келеді. Бұл романдардың ең басты ерекшелігі – олардың 
халықтың ұлттық дәстүріне жақындығы мен тұрмыс-тіршілігіне 
етене 
туыстығы, 
эпикалық 
атмосферасының 
ұлттық 


169 
характерлермен, ұлттық психологизммен ажырамас бірлікте 
сипатталатындығы. 
Әдебиетіміздегі тарихи туындыларда тарихи тұлғаларды 
кӛркемдік-тарихи негізде сомдау ерекшелігі орын алады. 
Тарихи дәуірлердің басты оқиғаларын бейнелеуде диалог, 
монолог, пейзаж, портрет, авторлық баяндау тәрізді кӛркемдік-
психологиялық элементтер қолданылады. Тарихи роман 
композициясы мен сюжетіндегі тарихи оқиғалар мен 
жағдайлардың кескінделуінде деректер мен фольклорлық 
мұралар ӛзара бірлікте қолданылады. Жазушылар тарихи 
кейіпкерлер портретін жасауда, тарихи құжаттарды, фольклор 
мұраларын шеберлікпен пайдаланады. 
Тарихи романдар – халық тарихын шынайы суреттеуде 
және халықтың ӛзін ӛзіне таныстыруда қызмет ететін кӛркем 
құрал. Тарихи шығармалардың кӛтеретін жүгі ауыр. Тарихи 
туындылардың кӛркемдік маңыздылығы – тарихты бұрмаламай 
суреттеп, әрі халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, жӛн-
жоралғыларын барынша айқын, анық бояуымен әрі сол 
кезеңдегі айшықтармен айнытпай бейнелеуінде болса, тәрбиелік 
маңыздылығы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата 
дәстүрін, халық шежіресін, рухани мұраларды кейінге мирас 
етуде, жас ӛскінді ӛз тарихы мен халқын сүюге тәрбиелеуде 
атқаратын қызметінде, ал танымдық маңыздылығы – кӛркем 
шығарма арқылы ел тарихының ақтаңдақтарын, тарих 
сахнасынан еріксіз ӛшірілген оқиғаларды, тарихи шындықтарды 
қалпына келтіру, оқырманға жеткізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет