М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет3/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



І модуль. ТАРИХИЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ ПРОЗА 
 
1-дәріс. Кӛркем әдебиеттегі тарихилық 
 
Әдебиет – қоғам айнасы, белгілі бір дәуірдің кӛркем 
шындығы болғандықтан, оны құрайтын кӛркем шығармалардың 
әрқайсысының кӛтеретін жүгі бар. Тарихсыз халық пен ұлт 
болмайтыны секілді, әдебиетсіз мәдениет де болмайды. 
Әдебиеттегі тарихилық мәселесін шешуде сол кезеңдегі 
қоғамдық құбылыстар, халықтың ауызша тарихы мен ақын-
жыраулар мұрасы, нақты материалдар, елдік деректері, 
этникалық ерекшеліктері басты орын алады. Бұл туралы әдебиет 
сыншысы З.Серікқалиұлының «Сын кітабында»: «Тарих пен 
әдебиет егіз. Олар бірін-бірі толықтырып, тарих сабағын кейінгі 
ұрпаққа қатар жеткізіп отырады. Тарих деректерге сүйенсе, 
әдебиет сол тарихи оқиғаларды суреттеп бейнелеп жеткізеді», – 
делінген. 
Ғасырлар бойы бедерленген рухани-мәдени тәжірибе жазба 
әдебиетте кӛрініс тауып, бұл роман секілді ірі эпикалық 
жанрдың, соның ішінде тарихи роман жанрының қалыптасуы 
мен дамуына негізгі себеп болды. Тарихи романдарда
ретроспективті әдіспен жасалған тарихи оқиғалар суреті 
хандар, билер, батырлар, ақын-жыраулар мен қарапайым 
халықтың колоритті бейнелерімен және ӛткен кезеңдегі 
адамдардың 
ойлау 
жүйесін, 
ұлттық 
санасын, 
рухын 
қалыптастырған кӛптеген этнографиялық детальдармен, салт-
дәстүрлермен толықтырылып, әрленеді. 
2015 жылы кӛрнекті жазушы, «Кӛшпенділер», «Алтын 
Орда» секілді айтулы тарихи трилогиялардың авторы Ілияс 
Есенберлиннің 100 жылдығына және Қазақ хандығының 550 
жылдығына орай ӛткізілген «Кӛркем шығармадағы тарихи 
шындық» 
атты 
жиында 
сӛйлеген 
сӛзінде 
академик 
С.Қасқабасов: «Қай тарихи шығарманы да тарихтың кӛшірмесі 
деп айтуға келмейді. Шындап келгенде, әдебиет дегеннің ӛзі – 
жазушының ішкі ойын, сезімін кӛрсету, білдіру. Оның ӛмірге 
деген кӛзқарасы. Әдебиеттің ӛзі субъективті дүние. Ақын 
болсын, прозаик болсын шығармасы арқылы ӛмірдегі бүкіл 



құбылысты жинақтап әкеліп, ӛзінің ұғымы бойынша береді. 
Тарихи кейіпкер мен әдеби кейіпкерді тең қоюға болмайды», –
дей келіп: «тарихи тақырыпқа қалам тербеген Ілияс Есенберлин 
– қазақ романдарын, қазақ прозасын биікке кӛтерген тұлға. ХІV 
ғасыр мен XIX ғасыр аралығын, бес ғасырды түгел қамтыған 
трилогияда ол қазақ халқының қалай дүниеге келіп, қалай ӛсіп, 
дамығанын кӛрсеткен. Керей мен Жәнібектен бастап, кешегі 
Кенесарыға дейінгі тарихты сӛйлетті. Біздің ұлттың, әсіресе, 
Кеңес кезінде ұлттық санамыздың оянуына тікелей әсерін 
тигізді», – деп тұжырымдайды. 
Ал ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, белгілі жазушы 
Қ.Мұханбетқалиұлы осы жиында сӛйлеген сӛзінде тарихи 
тақырыпқа қалам тартудың қиындығын айта келіп: «Есенберлин 
біздегі тарихи тақырыпты бірінші кӛтеріп, ұлттың санасында 
үлкен тарихи тұлғаларды тірілтті. Ілекең тарихи тақырыпты 
кӛтеру арқылы ұлттық рухты кӛтерген», – деп жазушының ерен 
еңбегіне тоқталады (http://www.elarna.com).
Кӛркем әдебиеттегі тарихи проза дәстүрін талдауда 
«тарихилық» ұғымының мәнін түсінген жӛн. «Тарихилық» 
ұғымына «Әдебиеттану терминдер сӛздігінде»: 
«әдеби 
шығарманың тарихи-әлеуметтік ортамен, белгілі бір халықтың
мәдени тарихымен, салт-дәстүрімен, ұлттық мінез, ойлау 
ерекшеліктерімен, аңсар, арманымен тамырлас құбылыс. 
«Тарихилық» 
ұғымы 
суреткер 
дүниетанымы 
мен 
шартараптылығына, асқан білімділігіне, яки мынадай таным 
кезеңдеріне 1) ӛткенді (ретрогноз), 2) бүгінгіні (презентогноз), 
3) болашақты (прогноз) жетік, жан-жақты меңгергеніне тікелей 
қатысты. Әдебиеттегі тарихилық және зерттеу әдісі ретіндегі 
тарихилық ӛмірдегі, ақиқат болмыстағы әр құбылысты тексеру 
мен бейнелеу, жалпы тарихи процесс бӛлшегі, яғни тарихи 
сабақтастық негізінде қарастырылуға тиіс», – деп анықтама 
берілген. Яғни тарихи шығарма тереңінде тарихилық 
принциптері сақталуы тиіс. Ғалым Т.Сыдықов «Қазақ тарихи 
романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық 
кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика)» тақырыбындағы 
докторлық 
диссертациясында 
тарихилық 
принципін
«жазушының ыңғайына кӛп жығыла бермейтін, ақиқаттың 



ізінен кӛз жаздырмайтын принцип», – деп нақтылайды. Ал 
тарихи жырларды зерттеуші ғалым Ж.Тілеповтің «Елім деп 
еңіреген ерлер жыры» атты зерттеуінде: «тарихилық мәселелері 
назарға алынған кез келген әдебиетте белгілі бір халықтың 
рухани есею іздерінің соқпағы, тарихи тайталастарының бел-
белестері сайрап жатыр: тыңдаушысы мен оқырманына 
тебірентер ойлар салатын халықтың тағдырына байланысты 
мәліметтер жүреді. Ал ол мәліметтердің әдебиетте бейнеленген 
тарихи факті немесе ӛмір шындығы екені мәлім», – дейді. Яғни 
тарихилық ӛз заманын немесе ерте дәуірді суреттеген барша 
кӛркем шығармаларға тән.
Ұлттық тарихтың шынайы дамуын жарыққа шығаруға 
ұмтылу қазақ әдебиетіндегі кӛрнекті тарихи романдардың 
дүниеге келуіне түрткі болды. Жазушылар уақыт жалғастығын, 
ӛз халқының тарихи тағдырын, жеке тұлғаның тарихтағы орнын 
тануға талпынуда. Тарихи романдарда зерттеушілік бастау бар, 
авторлар тарихтың ӛткенін ой елегінен ӛткізу арқылы ӛздерінің 
тарихқа деген кӛзқарасын кӛрсетеді. Тарихи тақырып – әдебиет 
пен ӛнердегі орталық мәселелердің бірі. Қазіргі әдебиеттегі 
бұрынғы заман туралы шығармаларда халық тарихын 
әлеуметтік-философиялық тұрғыдан кең тануға ұмтылыс бар.
Тарихи романдар – халықтың ӛткен ӛмірі туралы тарихи 
деректерді кӛркем шындыққа айналдырып, тарихи тұлғалардың 
кӛркем бейнесін жасаған жазушының шығармасы. Тарихты 
дерек түрінде бергенде шындыққа бойлай алмасақ, кӛркем 
шығармада тарихтың бар шындығы ӛз бояуымен ашылады. 
Тарихи роман жанрын зерттеуге зор үлесін қосып келе жатқан 
белгілі ғалым Ш.Елеукенов «Замандас парасаты» атты әдеби 
сын еңбегінде: «Тарихи роман – ӛткен уақыт оқиғаларын 
беллетризациялап баяндау емес. Мұның ӛзі дербес ізденістердің, 
бұрынғы және қазіргі ӛмір құбылыстарын кӛркемдікпен зерттеу 
жемісі. Тарихи романның табыстарының сыры жазушы 
қиялының ӛткен заман қойнауларын терең шарлай білуінде дер 
едік. Тарихи роман жанрының бір құндылығы – ол әрдайым 
халықтың ӛткен тарихы мен қазіргі ӛмірінің арасына салынған 
рухани ӛткел тәрізді», – деп кӛрсетеді. Тарихи деректерді 
кӛркемдік жазу машығына салып, ақыл-ой құнары мен 



жекелеген оқиғаларды шығарманың негізгі желісіне тоқай-
ластыра білу жазушының қабілет-қарымы мен сӛз шеберлігіне 
байланысты. Жазушы қиялы қаншалықты ұшқыр болғанымен, 
дерек пен дәйектің шеңберінен асып кетпеуі ләзім. Ғалым 
Қ.Алпысбаевтың «Тарихи шығарма: таным және кӛркемдік» 
туралы зертеуінде кӛрсетілгендей, «кӛркемдік әрлеу мен 
кӛркемдік қиял екеуі де кӛркемдік шындықты сомдауға қызмет 
етеді. 
Кӛркемдік 
шындық 
суреттеліп 
отырған 
кезең 
оқиғаларының қисынды бейнеленуін, ауытқып кетпеуін, 
қоғамдық 
дамудың 
заңдылықтарының 
бұзылмауын» 
қадағалайды.
Тарихи жанрдағы ең бастысы тарихи дәуірдің типтік 
жақтарын ашу, ӛткен замандағы адамдардың шынайы бейнесін 
жасау, тарихтағы саяси, мәдени, моральдық, психологиялық 
факторлардың ролі мен мәнін кӛрсету болып табылады. 
Тарихты білмей адам білімді болуы мүмкін емес. Қазіргіні 
ӛткеніміз арқылы түсініп, саралауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет