Магистранттың 2022-2023 оқу жылындағы Ғылыми-зерттеу жұмысы және көктемгі семестр бойынша есебі



бет4/6
Дата26.12.2023
өлшемі39,68 Kb.
#144116
1   2   3   4   5   6
Зерттеу әдістері. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін геотеханикалық үдерістерді зерттеу саласындағы әдебиет жинақтарында бай тәжірибеге талдау жасап, геотеханикалық мониторинг жүргізудің әдістерін, өлшеу әдістерінің дәлдігіне баға беруді, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін жетілдіруді қамтитын кешенді әдістер пайдаланылды.
Басты тапсырмалар:

  1. карьер алаңы аумағынан құнарлы топырақ қабатының жойылуын бақылау мақсатында карьерден пайдалы қазбаларды қазу және өндірудің тау-кен-геометриялық талдауын жүргізу;

  2. бұзылған аумақтан құнарлы топырақ қабатын жоюды басқару үшін үйіндінің дамуы мен қалыптасуын талдау;

  3. жер телімінің шегінде құнарлы топырақ қабатын уақытша сақтаудың ұтымды нұсқасын табу;

  4. топырақтың құнарлы қабатын жағу үшін рекультивацияланған беттерді дайындауды жеделдетуді қамтамасыз ететін сыртқы үйіндіні әзірлеу және қалыптастырудың технологиялық схемасын негіздеу;

  5. үйіндінің рекультивацияланған бетіне құнарлы топырақ қабатын жағудың ұтымды нұсқасын белгілеу.



Диссертацияны орындаудың жоспары:



Жұмыстың түрлері

Орындалу мерзімі

1

Диссертация тақырыбын бекіту және зерттеу нысанына байланысты деректер жинау

2023 ж, қаңтар

2

Әдебиет көздеріне шолу жасау

2023 ж, ақпан

3

Тау-кен геотехникалық жұмыстардың құрамы

2023 ж, наурыз

4

Ғылыми және тәжірибелік зерттеулер жүргізу

2023 ж, наурыз-сәуір

5

Зерттеу практикасы бойынша Есепті қорғау

2023-2024 жж, қазан-қараша

6

Ғылыми мақалалар жазу және конференцияларға қатысу

2023, 2024 жж.

7

Магистрлік диссертацияны дайындау

2024 ж, мамыр

8

Магистрлық диссертацияны алдына-ала қорғау

2024 ж, мамыр

9

Магистрлік диссертацияны қорғау

2024 ж, маусым





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет