Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет43/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69
- Тілімен жорғалауын қарашы, өмірінде бір нәрсені берекелендіріп көрмеген суқит, осы ішуге келгенде алдына жан салмай дызақ қағып шыға келеді (Қ. Ахметбеков).

- Тоқтат, былшылды! - дегенде аурудың даусы қарлығыңқы бірақ қатал шықты (О. Сәрсенбаев).

Бұл мысалдардағы мешкей, қаныңды ішіп, бықсытқаннан, балпылдай бермей, суқит, былшылды дегендер дисфемизмнің міндетін атқарып тұрған қарапайым сөздер. Бірақ қарапайым сөздердің барлығы дисфемизм бола бермейді. Бұл туралы Т.Т. Пірімбетов: “Сонымен бірге қарапайым элементтерге тұрпайы, дөрекі мағынасы жоқ, әдеби тіл нормасынан тысқары тұрған сөйлеу тілі элементтері де жатады”, - дейді. Мынадай мысалдар келтіреді:

- Қап ұмытып кетіппін ғой. Сізге бір “көк жорға” алып келіп едім, - деп іліп қойған шинелінің қалтасынан “көк мойынды” суырып алып, ортаға қойды.

- Бұл үйде жеңіл мінезді бір желпекбайлар тұрады екен деп ойламаңыздар (С. Адамбеков), деген сөйлемдердегі: Көк жорға, көк мойын, орақ, желпекбайлар, ұшқалақтар, жеңіл мінезділер мағыналарында қолданылып тұрған қарапайым элементтерінің ешқандай тұрпайы мәні жоқ. Осының өзі қарапайым сөздердің екі жақтылығын тұрпайы, дөрекі, әрі тұрпайы емес, дөрекі емес сөздерден тұратынын дәлелдейді” [61, 71-73 бб.]. Біздің ойымызша, дисфемизм мен қарапайым сөздердің бір-біріне ұқсамайтын аражігінің ажырайтын жері де осы деп білеміз. Сондай-ақ тіліміздегі пәленше, түгенше қарапайым сөздер ешқандай дөрекі мағына бермейді. Мысалы: -Пәленшені ұрам деп, Түгеншені қырам деп (Абай).

Тіліміздегі қырт, лағып сияқты сөздер де дисфемизм бола алмайды. Мысалы: -Лағып кеткенмін тағы (С. Бердіқұлов). -Ой, сығыр мұндар, білмей отырмысың? Мылжың деп қырт қып жазған мені айтады, - дегенде жұрттың бәріде ду күлді (М. Әуезов). Осы сөздер сөздіктерде былай талданған екен. Қырт. Қазіргі кезде бұл сөз мағынасын - мылжың, езбе көп сөзі қалпында түсінеміз. -Жол тосып жүрген жалқау-жампоз, қырт еркектерде бар екен” (Ғ. Мүсірепов). Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінің бірі М. Қашқари сөздігінде “қырт” сөзінің екі түрлі мағынасы кездеседі. Бірі қысқа, екіншісі сараң, қарау (адам) (ДТТС, 446). Уақыт озған сайын сөз мағыналарында да өзгеріс кіріп отыратыны белгілі құбылыс. Кейде дыбыстардың орын ауыстыруынан (метатеза) алғашқы тұлғаға өзгерісте енеді. Тұлғасында осындай өзгеріс болғанына қарамастан “қырт” сөзінің алғашқы мағынасы сақталған. Түркі тілдеріндегі тілдердің бірі - якут тілі. Олардың қазіргі қолданыстағы “күтүр” сөзі “сараң” мағынасын береді. Егер метатеза құбылысына ұшырамаса бұл тұлға М. Қашқари дәуіріндегі “қырт” тұлғасынан алшақ кетпеген болар еді. Енді бір түркі тілдерінде, мысалы хакастарда, алғашқы тұлғаны сақтап, “хырт” болып айтылғанымен мағынасын өзгерткенде - жек көру, көре алмау дегенді ұғындырады. Ең соңында қазақ, қырғыз тілдерінде де тұлғасын сақтағанмен тағы да мағыналық өзгеріске душар болған. Қырғыз тіліндегі айырмашылық біздегі “мылжың” мағынасын беруде “қырт” түбіріне -ыл жұрнағы қосылған хакас, қазақ, қырғыз тіліндегі мағыналардың негізінде сараң адамнан шығытын іс-қимыл, әрекеттер жатқандығын аңғаруға болады. Жек көру, көре алмаушылық, сараң жанның бойында біткен қосымша қасиеттерінің бірі. Осы қасиеттегі нұсқайтын мағына хакас тілінде қалыптасқан. Сараң, қарау адамның тағы бір жанама қасиеті -өзінен сабақты жіп шығармау үшін кездескен адамын сөзбен алдандырып, көрінгенді көкіп, көп сөйлеу “көп сөз - бос сөз” дегендей -мұның өзі “мылжыңның” синонимі. Бұл жағдай қазақ, қырғыз тілдерінен “қырт”, “қыртыл” сөздерін меншіктеніп, орын тепкен [45, 193 б.].

Келесі қарапайым сөздің бірі - лағу. Жоғарыдағы сөздікте былай делінеді: Лағу. Қазіргі тіліміздегі мағынасын түсіндірме сөздікте, бетімен кету, ләйлу немесе бетімен сөйлеу, басу қалпында ұғындырады. Осы түсініктегі сөз құрамына назар аударсақ, біздің тілімізде оған “бетімен” сөзінің тұрақты тіркес ретінде қалыптасқаны байқалады. Оны жиі айтылатын бетімен “лағу”сөзіненде аңғаруқәиын емес. Кейде “лағу” жеке тұрыпта сөйлем ішінде өз мағынасын иемдене мағынасы бос сөз, бөспе сөз. Қазақ тіліне ауысқан бұл сөздің мағынасы кеңейе түсіп “бетімен кету” дегенді де ұғындыратын болған. “Бір түлкі жортып келе жатып, лағып бара жатқан бір түйеге кездеседі” (Қазақ ертегілері). Араб тіліндегі алғашқы түбірі “лағ” тұңғыш мағынасы - іске алғысыз, түкке тұрмайтын дегенді білдіреді. “Лағу” сөзінің түсінігі ретінде жоғарыда келтірген “ләйлу” түркі тілдеріне тән жазба ескерткіш “Алтун йаруқта” кездеседі. Оныңда мағынасы - “мағынасыз, сандырақ сөз” дегенге меңзейді [45, 295 б.].

Жоғарыдағы мысалдардын көріп отырғанымыздай қарапайым сөздер көркем әдебиетте, әсіресе сөйлеу тілі стилінде жиі қолданылады. Ол көркем әдебиетте белгілі бір көркемдік мақсат үшін жұмсалады. Олардың эстетикалық, эмоционалдық әсері, бейнелілігі өте-мөте көркем әдебиетте ұтымды келеді.

Тіліміздегі сондай сөздердің бірі - ынжық. Ә. Нұрмағамбетовтың жоғарыдағы сөздігінде бұл сөзге былайша анықтама берілген:Бұл сөздің қазіргі мағынасы - жасық, жігерсіз. -“Әйелінің бетіне қарап бір сөз айта алмайтын сол ынжықты қойшы” (Ж. Алтайбаев). Уақыт өткен сайын сөз мағынасының неше саққа, құбылып отыратындығына тағы бір айғақ. Ертедегі “қынақ” кейде “ынчық” тұлғасы - қайғылы, қапалы мағынасында айтылған. Кейін монғол тіліне ауысқанда “унжих” тұлғасына өзгеріп, “салбырау” мағынасында қолданылатын болған. Дәл сол сияқты, қазіргі қазақ тілінде де, мағына өзгерісіне ұшыраған [45, 301 б.].

Қарапайым сөздерге жан-жақты ғылыми талдау жасай отырып, Т. Пірімбетов олардың жасалу жолдарына да тоқталып өткен. “Күнделікті тұрмыстық сөйлеу тілінде қолданылып жүрген қарапайым элементтердің жасалу жолдары әр алуан. Қарапайым сөздер синтетикалық (аффиксация) тәсілімен, аналитикалық сөздердің тіркесу жолдарымен қатар, тұлғалардың бірігуі арқылы да және сөйлеу тілінің фонетикалық ерекшеліктері нәтижесінде де жасала береді” - дейді [61, 73 б.]. Ғалымның бұл қортындысы әрине, дисфемизмдерге де тікелей қатысты.

Бізше, қарапайым сөздер мен дисфемизмдердің екеуіне де мынандай ортақ ерекшеліктер мен қасиеттер тән.

1) Күнделікті тұрмыста жалпы халық қолданады.

2) Екеуі де әдеби нормаға жатпайтын сөйлеу тілінің элементтері.

Академик Р. Сыздық қарапайым сөздердің стильдік мәні мен қолданысы туралы былай деп жазады: “Көркем әдебиет тілінде қарапайым сөздер әрдайым стильдік мақсатпен келмеуі де мүмкін. Ол күнде, әрине, бейнормалық, нормадан уәжсіз (жөнсіз) ауытқулық болып шығады.

Демек, қарапайым, жаргон сөздердің көркем шығармаларда белгілі бір стильдік жүк арқалап қолданылуы заңды, уәжді құбылыс. Бұған мысалдарды өзге жазушылардан да табамыз. Жазушы Қалиқан Ысқақов “Ақсу - жер жаннаты” атты романында қарапайым сөздерді кейіпкерлердің ауызына да салады, өз баяндауында да қолданады: Бекет осымен біржола шонқиған… Ол қойт-қойттап қоймады… Қағазсыз қара басыңыз қотқа жүрмейді… Бұл қолданыстарды да жазушы өз тіліне тектен-тек қатыстырып отырған жоқ. Бұлардың экспрессиясы нормадағы әдеби варианттарынан (ұтылған, жеңілген, отырып қалған… айдап салуын қоймайды… түкке тұрмайды, кәдеге аспайды деген сияқты) әлдеқайда күшті, әсерлі. Жоғарыда бірінші келтірілген сөйлемді жазушы: “Бекет осы мен жеңілген деп норматив сөзімен жазса, оның экспрессивті әсері күшті сезілмес еді.” Демек, бұл қолданыстар әдеби тіл нормасынан уәжді (себепті) ауытқулар болып табылады. Оның үстіне автордың баяндауынша сәл әжуә, мысқыл (сарказм, юмор) тоны сезіледі. Қарапайым сөздердің мағыналары көпшілікке таныс болып келеді де, сондықтан ол келеке-сықақ жанрындағы немесе үніндегі туындыларда белгілі бір стильдік мақсатпен еркін қолданылады. Бұларды да уәжді қолданыстар деп атау керек [31, 150 б.].

Қарапайым сөздерді ақын-жазушыларымыз асқан шеберлікпен лексикалық стильдік мағыналарына зер салып өз шығармаларында тиісті жерінде қолданады. Оған мына мысалдар толық дәлел бола алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет