Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет44/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
- Обылыста кім қандай қызметте, кім орнынан алынды, оның орнына кім барды деген сияқтықәысыр әңгіме (Ш. Айтматов).

- Сол сасық Қали секілді ауыл, үй арасында жарым жемтік жеген жаман-жәутік жымысқы ұры мен емес екенімді өзіңде білесің (З. Жәкенов).

- Көкеңді қалай қатырдың, онан да соны айтшы? (З. Жәкенов).

Бұл мысалдардағы сасық, қатырдың, қысыр дегендер кейіпкерлердің тілінде шебер қолданыс тапқан қарапайым сөздер. Кейіпкер тілінде қолданылуы белгілі бір стильдік жүк арқалап тұр. Р. Сыздық қарапайым сөздердің қолданылуы туралы былай дейді: “Қарапайым сөздер - ауызекі тілдік категория, олар әдеби тілден тысқары тұратын дүниеліктер екені мәлім. Қарапайым сөздердің эквиваленті болады”. Жоғарыдағы мысалдардан аңғарғанымыздай жазба стильдердің ішіне қарапайым сөздердің молынан пайдаланынатын орны көркем әдебиет екені белгілі. Оның ішінде әсіресе прозада қарапайым элементтер кейіпкерлер тілінде де, автордың өз баяндауында да еркінірек жұмсалады. Кейіпкерлер тілінде келуі сол кейіпкерлердің образын жасау үшін қажет болса, автор сөзінде келуі белгілі бір стильдік мақсатты өтеу үшін қажет. Халықтың ауызекі сөйлеу тілінде қарапайым сөздердің экспрессиясы күшті болып келеді. Сондықтан олар, ең алдымен, өмірде қолданылатын сәттерінде кейіпкерлер тілінде бұлжытпай беріледі. Мысалы: С. Жансүгіров кейіпкерін: “Әкесінің бар малын куди-суди ғып… (шашып болды)” деп сөйлетсе де осыған орыс тілінен алынған куди-суди (куда-сюда) дегеннен тұлғасы ауызекі тілде “малды қалай болса, солай бей берекет шашу” ұғымын беруде ең бір әсерлі сөз болып табылады. Сол сияқты Ғ. Мүсірепов ерке жиен Сейіттің аузына: “Тырқиуна болайын!” деген сөздерді салғанда да ауызекі тілдің табиғатын сақтап, экспрессивтігін көздеген. Осы (Бұл неғып тап осынша болды екен? (Ә. Кекілбаев), Келгінбай (тетеден қосылған келгінбайлар (С. Жүнісов), (оттаубай (О. Бөкеев) сияқты адамды мінездей атайтын дөрекілеу сөздер мен помыштау (Мұны да мұжықтармен бірігіп, помыштып көтердік, қазақта да ұдиқсату деген болушы еді ғой (С. Жүнісов), ретте бозымбай, тырапай асу (баяғыда тарапай асар еді (О. Бөкеев), сумақайлану (Бір көрген қызға қырындап, сумақайлана беру қадетіне жат (О. Бөкеев), қотиын (Біз оның қотиын қылығына өкпелеген жоқпыз (О. Бөкеев), аңқиттау (суырша аңқиттап (О. Бөкеев), құйтақандай (Құйтақандай арманы болушы еді (Д. Досжанов) сияқты қарапайым сөздің кейіпкерлер тілінде де, авторлық баяндауларда да орынды, белгілі бір стильдік жүкпен қолданылғанын көруге болады. Ал, аңқиттама, ботырама, аталақтама, оттама, не мантырап отырсың сияқты адамның мінез-құлқына қатысты халық тіліндегі “уытты” сөздер кейіпкерлер ауызына орынды салынған” [30, 168 б.].

Бұл айтылғандарға қарағанда, дисфемизмдер мен қарапайым сөздерді күнделікті өмір қажетінен туындаған сөздер деп танимыз. Ауызекі тілде екеуі де бірдей дәрежеде қолданыла береді. Мысалы: маскүнем - алқаш, ішкіш; ойнастан туған бала - некесіз туған бала, ашқарақ - мешкей; іздеу - тімтіну т.б. Сонымен қатар әдеби тілде қолданылмайтын қарапайым сөздердің жекеше түрлері мен фразеологиялық тіркестер де баршылық. Мысалы, ауыз шайымға келмейді, сіңбіруге қолы тимейді, түкке тұрғысыз, бетінің кірі бес елі, түк емес, бетінің арын бес төкті, соқырға таяқ ұстатқандай, бит терісінен биялай тоқиды, битін сығып, қанын жалап отыр, ит мініп, ирек қамшылағандай болды, болар бала боғынан, кісі өлгендей болды, жау шабудың орнына неғұрлым жағымды да сыпайы, неғұрлым стильдік мәні жағынан бейтарап деген синонимдер жұмсалады.

Көркем әдебиетте ұлттық образдар жасау үшін қарапайым сөздер мен дисфемизмдер қажет. Ол кейіпкерлердің ұлттық болмысын, мінез-құлқын ашып көрсете алады. Бұл сөздердің мағынасы жұртшылыққа көбінесе түсінікті болып келеді. Қарапайым сөздерді әдеби сөздердің қайнар көзі, сарқылмас бұлағы деп санауға болады. Өйткені әдеби тіл өз керегін қажетінше қарапайым сөздерден алып, бірінің мәнін бірі толтырып отырады. Осыдай ой-көзқарастарды академик Р. Сыздық былайша жеткізеді: “…Бірқатар қарапайым сөздердің автор тілінде баяндауында қолданылуы да белгілі бір стильдік жүк арқалап тұрса, олар әдеби нормадан ауытқу болып табылмайды. Мысалы, жазушы Марат Қабанбаев “Бақбақ басы толған күн” деген шағын әңгімесін баланың көзімен ұсынады, сондықтан мұнда кейбір жеке сөздердің, теңеулердің, суреттеулердің баланың ауызекі сөйлеуінде болатын қарапайым, кейде тіпті тұрпайылау варианттары қолданылған. Мысалы, бұл баяндауда автордың баяндау тілінде адамдар ыстық күн астында тоңқаңдап шөмеле салады, дәрігер бостан-босқа сарнайды (“денсаулық жайында әңгіме өткізеді” дегені), еттің турамалары жүдеу (“тым кішкентай, аузың толмайды” дегені баланың) шешесі басына еріксіз байлап жіберген орамал оңбаған… Оқыс шалқасынан тырақ құлайды, класта қыздар өріп жүреді (“көп”), бала мықтап есінеп тастайды. Бұларда көрсетілген қарапайым, немесе мағыналары сай болмай қолданылған сөздер (мысалы орамал, оңбаған бола алмайды, есінеу тастап жібермейді) сырт қарағанда, яғни осы әңгіменің кімнің көзімен, танымымен, ойымен беріліп отырғаны ескерілмесе, әдеби нормаға қайшы келетін элементтер болып көрінуі мүмкін. Бірақ дәл осы шығармада олардың қолданысы уәжді” - дейді автор [30, 169 б.].

Жоғарыдағы мысалдардан көріп отырғанымыздай жазушы қарапайым сөздердің мағынасын жақсы түсініп қолданған. Әрине, бұл сөздердің ішінде дисфемизмдер де бар. Оларды тура мағыналы сыңарлармен бірге алып қарастырсақ: еңкейіп-тоңқаңдап, айтады-сарнайды. Тіл маманы Ш. Нұрғожина қарапайым сөздер жөнінде былай деп жазады: “…Просторечные слова в разговорной речи, характеризуется экспрессивной, эмоционально-оценочной окрашенностью, представляют собой выразительно способные выразить объективно-субъективную экспрессию, эмоции и оценку. При этом разные типы просторечных слов передают три коннотативные признака в разной степени сочетаемости. Например, в словах типа “жемтіктес”, “шірік неме”, “делқұлы” оценочностью и эмоциональностью даже тогда, когда она является первичной и на ее основе возникает эмоциональность. Наиболее ярко оценочность проявляется в словах, обозначающих человека по его внутренним признаком, “таз”, “мешкей”, “торсық аяқ” и др.” [7, с. 15].

Қарапайым сөз жайында: “Сөйлеуде қолданылатын, жазба әдебиеттерде қолданылмайтын, әдеби тіл нормасына сай келмейтін, жай дөрекі сөздерді қарапайым лексика дейміз. Қарапайым сөздер: су мұрын (жомарт), көпей (кенже қыз), кемшіл (кем) т.б. Сонымен бірге қарапайым сөздер әдепсіз сөздермен де шектесіп жатады. Сондай-ақ қарапайым сөздерді жергілікті сөздерден ажырату да қиын болады [62, 65 б.]. Ал, М. Балақаев: “Қарапайым сөз жалпы халықтық сөйлеу тілінің кейбір әлеуметтік ерекшелігі бар тілдік нұсқалар. Олар әдеби тіл нормасына жатпайтын, көбінесе дөрекі, жасық, дөкір сөздер болып келеді. Мысалы: қатын алу (үйлену), өзіміс (өзіміз), кембағал (кедей), әйдік (дәу, үлкен), нашандік (начальник), багон (вагон), былшыл (оттау), көк мойын, шүйкебас т.б. дейді” [63, 73 б.].

Біздіңше, жоғарыдағы мысалдардың ішінде “қатын алу”, “былшыл”, “оттау”, “шүйкебас” дегендер қарапайым сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдер болып табылады. Бұл сөздер бейнелі мағынада жұмсалып, адамның көңіл-күйіне жағымсыз әсер беріп тұр. Мұндай сөздер тілімізде көбінесе біреуді-біреу кемітіп, мұқатып сөйлегенде айтылады. Жалпы алғанда, қарапайым сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдер де, өзге де дисфемизмдер сияқты, тура мағыналы сыңарларымен жарыса қолданылады. Осы себепті қарапайым сөздер мен дисфемизмдерді айыра қарастырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет