Мазмұны кіріспе


            Ұлттық  дәстүрлерді  оқу  үрдісінде  қолданудағы эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы



бет4/8
Дата14.05.2022
өлшемі116,72 Kb.
#34353
1   2   3   4   5   6   7   8
1.2            Ұлттық  дәстүрлерді  оқу  үрдісінде  қолданудағы эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы
Қазақ халқы ер балаларды тері ұқсату, икеміне қарай етікшілікке де ерте баулыған. Мал терісін илеудің тәсілдерін, әрбір түліктің терісінен жжасалатын бұйымдарды көрсетіп, оларды өңдеудің ерекшеліктерін үйретті. Мәселен, мал мен аң терісінен түрлі киімдер ас құятын ыдыстар, ер-тұрман бөлшектерін жасаудың технологиясын үйретті.

«Бала болсаң, бағландай бол, ағайынға қорғандай бол». Мұны тар мағынада емес, кең мағынасында пайымдаған халқымыз әр ұланға азамат болып өсу – парызың, еліңе қорған болуды ойлап өс, жетіл, кемелден дегенді құлағына құйып өсті. Сондай-ақ «Жылуы болмаса, түбіт қасиетсіз, жігері болмаса, жігіт қасиетсіз», «Қайраты барың ғана қаһарман боласың», «Жасық ұлан жауынгер боп жарытпайды, жалпының абыройына көлеңке түсіреді, ұятқа қалдырады» деп үйретті.

Әкенің баланы Отанын сүюге тәрбиелеудегі алғашқы ісі- 5-7 жасқа толған ұлына туған жерін таныстыру. Әке ұлын қасына ертіп алып туып-өскен жерін аралатқан. Ондағы жер-су атауларының шығу тарихын, жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, ата-бабасының зираттарын көрсетіп, осы жерде өмір сүрген ата-бабаларының кейінгі үлгі-өнеге болар істерін, ерліктерін әңгімелеген. «Осы жердің болашақ иесі өзің, ата-бабаңнан қалған жеріңді қорғайтын да өзің», - деп жас ұрпақты өзінің халық алдындағы қасиетті борышын сезінуге үйретіп отырған.

Көшпелі ата-бабаларымыздың қазіргідей белгілі бір жүйеге келген тұрақты әскері, жоғары дәрежеде дамыған әскери құрал-жабдықтары, соғыс қаруларын жасайтын кәсіби орны болмағаны тарихтан белгілі. Демек, ата-бабамыздың өз алдына дербестігін, жерінің тұтастығын қорғап қалуы жас баладан қарт кісіге дейін ат құлағында ойнайтын, қанына сіңген жауынгерлік қасиетінен болған. Яғни, кезіндегі әскерлердің соғыс тәсілдері мен айласы ат үстінде жүріп садақпен көздегенін мүлт жібермеуінде, сойылды дәлдеп соғуында болды деуге болады. Міне, осы деңгейге халқымыз баланы кішкене күнінен мергендікке, төзімділікке, ат құлағында ойнайтын етіп тәрбиелеу арқасында жеткен деуге болады. Қазақ баласының шабандоздығы, дене күшінің мығымдығы туралы қазақ жеріне келген көптеген шетел саяхатшыларының таңданыспен айтқан пікірлері тарихтан көптеп кездесетінін білеміз. Бұл жолда халқымыздың көптеген ұлттық ойындарының орны ерекше болған.

Күн ұзаққа қозы соңында жүрген балаларды жинап, әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатқан. Бұл ойындар мақсатына, міндетіне қарай екі бағытқа жүргізілген:

Бірінші: баланың денесін шынықтыру үшін ойналатын ойындар мен жаттығулар. Олар: иық қағыстыру, жұдырық сермесу, ауыр көтеру, күресу, еңбектетіп жарыстыру, жаяу көкпар тартқызу, маңдай сүзістіру, балтыр байқасу, білек күшін сынау, т.б.

Екінші: балалар ержүрек, мерген, жауынгер болып өсуі үшін ойналатын ойындар. Оған жататындар: тартыспақ (арқан тарту, көкпар тарту, садақ тарту, т.б.), шабыспақ (қылыштасу, семсер сайсу, т.б.), атыспақ (мылтық ату, найза тас ату, т.б.), шанышпақ (қанжар шаншу, сүңгі шаншу), тастамақ (арқан тастау, шалма түсіру, бұғақ салу), алыспақ (белдесу, күресу, т.б.).

Бұлардан өзге бала өмірінде ат спорты ойындарының алар орны ерекше (бәйге, аударыспақ, ат омырауластыру, күміс алу, қыз қуу, көкпар, т.б.).

Қазақтың ат үстіндегі ойындары келешек жауынгер, Отанды қорғайтын азамат дайындау мектебі болды. Бәйгеге шабатын атқа балалар мінеді. Балалар бәйгесіз де күнде жарысады. Ас, тойда жамбы ату, теңге алу, аударыспақ, сайыс дегендер жастардың ойыны болса, көкпар – бүкілхалықтық ойын.

Көкпарға білекті сыбанып, ат құйрығын түйіп, жігіт ағалары, қызғанда тіпті ақсақалдар да кірісіп кетеді. Жастайынан ат құлағында ойнап өскен қазаққа көкпарды бразилиялықтардың футболындай деуге болады.

Қазақта баласы тұрмай жүрген кейбір ата-аналар дүниеге ер бала келсе, оның құлағын тесіп, сырға таққан. Баласы ер жеткенде ұлан-асыр той жасап, осы тойдың үстінде бозбаланың құлағынан сырғасын алатын дәстүр болған. Бұл той «Сырға той» деп аталған.

Қазақтағы осындай ғұрыптардың бірі – айдар. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қоюды «айдар» деп атаған. Бұрын ел ғұрыпты көп қолданған.

Қазақ халқының кейбір ырым – жоралары баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеумен байланысты. Солардың бірі «шідерге сигізу» деп аталады. Осы қазақтағы «шідірге сигізу» ырымына тоқталайық. Бұл бала еңбекқор, шаруаға бейім, малжанды, іскер болсын деген тілекпен ұл бала 4-5 жасқа толған соң жасалатын ырым, кішігірім той десе де болады. Бұл ырым бойынша бірнеше адам қосылып, баланың алдына шідер тастап, сигізген де, «сен енді азамат болдың, шаруаға ыңғайлы бол» деп үлкен кісі бата берген. Шаруаға икемсіз жігіттерді қазақ «шідерге симеген неме» деп кінәлаған. Бұл ырым баланың түгелдей еңбекқор болуына әкелмесе де, аз мөлшерде оның әдет – ғұрыпты түсінуіне, келешекте намысқа тиер жоғарыдағыдай сөз естімеуі үшін еңбекке бір табан жақын болуына септігін тигізері сөзсіз. Бұл ырым да баланы еңбекке тәрбиелеудің алғашқы қадамдардың бірі.

Ер баланы үлкен өмірге, еңбекке дайындау жолындағы ендігі бір уақиға ұл баланы ашамайға (атқа) мінгізу тойы болып табылады. Ұл бала қара табан болып, кез - келген қурай мен шыбықты ат қып айнала шаба бастасымен өзі құралпы қыздардан бөліне бастайды. Есі-дерті дүзге, малға ауа бастайды. Қазақ ер баланы ат үстінде өсірген. Шамасы келеді- ау дегеннен атқа мінуге, тізгін ұстап, еркін жүруге дағдыландырылған. Атқа міну – азаматтықтың нышаны деп түсінген. Баланы қаршадайынан атқа мінгізіп үйрету қазақ халқының белгілі дәстүрі болса да, ата-ана үшін де бұл үлкен қуаныш болған. Жас баланы салт атқа үйреткенде алғашқыда жай ерден гөрі ашамайға мінгізу қолайлырақ болған. Бала 4 - 5 жасқа толғанда әке-шешесі арнайы ат, ер-тоқым даярлайды. Ерді қайңның безінен шаптырып жастады. Мұны «ашамай ер» деп атайды. Ашамайды ұсталарға ердің тебінгі, құйысқан, үзеңгілерін киізден, былғарыдан, қайыстан күмістетіп жасатады.

Ашамай – ердің қарапайым түрі. Ағаштан жасалады. Кеңдігі баланың ауына лайық, алды-артында ердің қасы сықылды сүйеніші бар. Үзеңгісі жоқ. Үстінде жұмсақ көпшігі болады. Осыны жуас атқа ерттеп, үстіне баланы мінгізеді. Ауып қалмасын деп басында екі аяғын байлайды. Сонан соң тізгінді балаға ұстатып, біреу атты алдымен арқан бой жерге, онан соң алысқа жетелейді. Сөйте-сөйте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды. Сонымен айналасы бір жетіде атқа жақындық қанында бар қазақ баласы ашамайды тастай сап ер тоқымға мінеді. Үзеңгіге аяғы жетпесе, таралғыға салады.

Өмірінің қақ жартысы ат үстінде өтіп, ауы ерде тозатын, қамыт аяқ, қайсар қазақ алғашқы ашамайға (атқа) мінгізу тойын өткізеді. Бұл той әр әке-шешенің шама-шарқына қарай өткізілген. Байлар ірі қара сойып кәдімгідей той жасайды. Кедейлері бүйрегі бітеу, ұлтабары талатындай майы бар лағын сойып, көршілеріне ырым жасайды. Әулеттілер күзде бие ағытып, сірге жияр бергенде бір құлынға ен салып, ашамайға мінген баласына бәсіре атайды. Жоқтар қолындағы бір биенің алдындағы құлынын алдын-ала атап қояды.

Атқа мінгізу тойы жаз айларында өткізілді. «Пәленшенің баласы (немересі) азамат болыпты, атқа мінгізу тойына шақырып жатыр» десіп , ағайын- туыс, жекжат, нағашылары келеді. Баланың нағашы жұрты жиенге арнайы ат та әкелетін болған. Тойға келушілер балаға арнап қамшы, садақ, шідер т.б. заттар әкеп сыйға тартады. Бұл – бала азамат болуға жарады деген ырымдар.Қазақ үшін алдымен ашамайға, артынан тай-құнанға міну ат жалын тартты деген сөз. Өйткені қазақ баласы ұдайы жаугершілікте өскендіктен бе, әлде көшпелі өмірдің өзі қалыптастыра ма өмірге ерте бейімделеді. Дұшпанға бірін атып дарытпас» - дегендей, көп ынжықтың бірі болып шығады. Ашамайға баланы мінгізіп көрші – қолаң, жақын-жуық жиналғандар бұрынғы даналардың жоғарыдағыдай көсем сөздері көп айтылып, жас ұрпаққа ұлағат, өнеге берген, үлкендер бата берген. Алғаш атқа мінгізудің бір жағы баланы баулу болса, бір жағы осы батаны алу. Сондай-ақ, бұл жоралғы ұлдың қыздан артықшылығын көрсетеді. Тарихта атқа қонып, ерлермен қатар ел намысы үшін жауған небір арулар болса да, ата-бабаларымыз бұл міндет ұлдың еншісі деп есептеген. Бұл да қазақ баласының ерте атқа қонуына байланысты. Бұл жайлы В.В. Радлов былай дейді: «Қазақтар бала кезінен ат құлағында ойнайды, оларды сол кезде-ақ ашамайға байлап дағдыландырады. Сондықтан да әрбір жігіт тамаша шабандоз болып табылады». Сонымен, алғашқы ашамайға немесе атқа мінгізу тойы баланың еңбекке араласуы, көшпелі өмірге бейімдеу қажеттігінен туған деп тұжырымдаймыз. Ашамайға мінген соң іле-шала бәсіресіне мінген бала бірінші рет үйден алысқа жолаушылағанда, әке-шешесі бір мал сойып, ауыл-үйді шақырып, баласына ақ жол тілеген. Яғни, бұл «алыс сапарға шыққан баланың тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін» деген игі ниеттен туған ырым. Бұны жасамаса ауыл-үйдің әелдері ол үйдегі ананың құлағын көпке дейін шулатқан. Ал, егер баласы сапарда жүргенде бір сәтсіздікке ұшырайтын болса, «Баласының тоқымын қақпаған, өзіне де сол керек» деп анасын кіналайтын болған. Себебі, қазақта ата-баба салтын орындамау, ырымды істемеу үлкен қателік деп есептеген.

Шежіре үйрету. Біздің ата-бабаларымыз балаға 7-9 жасында әкесіне бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыру, ата-тегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекшк көңіл бөлінген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ер жігіттің үщ жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу ер-азаматқа парыз деп ұққан халық; «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата-баба тарихын жастайынан жаттатқан, ел-жұрт тарихын білу ер азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүйгіштікке булиды деп ұққан. Әкесі, атасы балаға жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайлы да әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата-баба дәстүрін жалғастырса екен деген мақсатты көздеген. Сондай ата-бабасының өнегелі, үлгілі істерінен сусындау арқылы бала бойында өз еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеген.

Сүндет той. Қазақта ер бала өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі оны- сүндеттеу. Сүндетке отырғызу VII-VIII ғасырларда араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі болып саналады. Ер баланы сүндетке 5-7 немесе 9 жасында отырғызған, яғни, тақ жасында отырғызған. Баланы неғұрлым ерте отырғызса, соғырлым ауырсынбай, тез жазылып кетеді. Сүндетке отырғызу көбінесе жазға салым немесе күзге қарай іске асырылған. Себебі ыстық та, суық та балаға әсер етпесін деген мақсат көзделген. Кейде 5,7,9 жастағы ауыл балаларын жинап,қожаны шақырып, 3-4 үйдің балаларын бір-ақ сүндеттеткен. Қожаға баланы сүндетке отырғызғаны үшін қой, тайынша, тай немесе ақша берген. Баланы сүндетке отырғызғанда әкесі, «сүндет атың» деп балаға арнап белдеуге ат байлаған. Сүндет той көбіне жоғарыда айтқандай жайлау үстінде өткізілген.

Бала ауылдың екі-үш жігіт ертіп, ағайындарды аралатқан. Бала барған ауылдың әйелдері шашу шашып қарсы алған, әр түрлі сәнді түймелерді, күмістерді қадаған. Ал ер кісілер айыл-тартпа, жүген-құйысқан, қамшы сияқты атқа қажетті заттар сыйлайды. Жігіттер тойдың болатын күнін жариялаған. Сүндет тойы қазақ өміріндегі қыз ұзатудан кейінгі екінші ірі той болған. Оған да арнаулы мал сойылып жиналған, жұртқа табақтар тартылған. Ат жарыс, бәйге, аударыспақ ойындары ойналып, палуандар күреске түскен. Содан кейін көкпар беріліп той тарқаған.

Келесі күні баланы сүндетке отырғызған. Бұл күн ата-ана үшін де, бала үшін де қуанышты күн. Ересектер сүндеттелетін баланы қошеметтеп, «енді жігіт боласың» деп жігерлендірілумен болған. Арнайы бөлмеге жұмсақтап төсек салып, баланы жатқызып, балаға сүндет жидесін (сүндетке отырғызылатын балаға арнайы тігілген, етегі ұзын, әрі кең жеңіл киім) кигізген.

Бүгін үйге молда келеді,

Кәмпит тола дорба береді,

Кәмпитті жыламаған жиді,

Жыламағаны ұнамағаны дейді,

Сүдетке шыдамағаны дейді,

Шыдамасаң масқара-ай,

Мазақ болма басқаға-ай,-деген сияқты тақпақтар айтып баланы алдаусыратып, намысын шындаған.

Баланы сүндетке отырғызар алдында молда сүндет дұғасын оқып «бір,екі, үш, төрт, бес, насыбайым ұшын кес» деп баланы сүндеттеген.

Сүндеттелгенде кесіп алынған тері «сүндет тері» деп аталады. Мұны шүберекке түйіп немесе тұмар жасап тығып қойған. Кейде құдайдан ұл тілеп жүрген келіншектер әдейі келіп ырым қылып қалап алатын да болған.

Ауыл адамдары кейде сүндетке отырғызылған баланың тойына шашу ретінде мал атаған. Бұл мал «сүндет мал» деп аталған. Тойға келушілер «әдеміленген» тойға барамыз деп тұспалдап айтқан.

Бұл аталғандармен қатар қазақтар арасында болып, әлі де сақталып келе жатқан ырымдарды төмендегідей тізіп шығуға болады.



  • Ер бала дүниеге келгенде оның кіндігін қырдан асырып лақтырып жібереді, бұл «үй күшік» болмасын дегені.

  • Ер бала дүни есігін ашқаннан кейін, бала «еңбекке жақын болып өссін» деген ниетпен жолдасына асық қосып көмген.

  • Ұл бала көзін ашып ұйықтаса, ер жеткенде бақытты, жары сұлу болады деп ырымдаған.

  • Ер балаға батыр, бай болсын деген тілекпен есімінің аяғына не «байды», не «батырды» қосқан. (Байбатыр, Асанбай, Есенбай т.б.).

  • Нәрестесі шетіней бергендер дүниге ұл бала келсе, ырым етіп Жаманбай, Итбай, Тезекбай, т.с.с. аттарды қойған.

  • Бала төрт аяғын төрт жаққа созып ұйықтаса, өскенде төрт құбыласы тең кемеңгер, әрі батыр болады деген.

  • Ер бала ми жемейді, мидай былжыр, бос белбеу, ынжық болып өседі деп ойлаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет