Меңдігүл шындалиева



бет37/76
Дата08.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#135016
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76
Тілші: Менде мынадай сұрақ бар: Сізге балалардың жасаған қылықтары ұнайтын шығар...
Жауап: Иә.
Сұрақты былайша қоюға болар еді: «Концертте балалардың қызықты қылықтарын тамашалағанда нені сезінесіз?» Немесе, «Қандай күйде боласыз?...»
Тілшінің тағы бір қателігіне назар аударайық. Мынадай сөз тіркестерін мүлдем қолданудың қажеті жоқ: «Ал мына сұраққа жауар бере аласыз ба?», «Мен сізден мынаны сұрайын деп едім...», «Мені мына сұрақ қызықтырады...» т.б.с.с. Бұл артық сөздер. Журналист сұрақтың құрылымын бірден жасауы қажет. Кейде журналист алдын-ала сұхбатқа дейін біраз ақпарат жинайды да, соны сұрақ етіп сұхбат арасында қояды. Мұндай сұрақтардың жауабы құрғақ болады. Мысалы, сіз құрылыспен айналысатын үлкен акционерлік қоғамның жетекшісінен сұхбат алудасыз. Әңгіме әлемді алаңдатқан мәселе жайында жүріп жатыр. Металдан жасалған трубаларды синтетикалыққа ауыстыру. Әлемдік проблема, миллиардтаған қаражат жұмсалатын пайдасы мен шығыны көп мәселе. Журналист бұл жағдайда әңгімені неден бастауы қажет?

  • Сағи Ахметұлы, менің түсінуімше, сізді осында көп жылдар бойы жинақтаған тәжірибеңізді бөлісуге шақырған болды ғой?

Сұрақ этикетке сай емес және жауабында үнсіздік болатыны сөзсіз. Осының орнына әлгі проблеманы қозғап, әңгімені шарықтау шыңына әкету үшін, орынсыз сұрақпен тоқырауға ұшыратып отыр. Сұрақ қойғанда жүзіңізден түсінбестік пен қызығушылық байқалса, сұхбат берушінің сізге бәрін орынды жеткізуге ынтасы пайда болады. Тілшінің өз міндетін атқарып шығуы үшін қойған сұрағы мәнді болуы шарт, әйтпесе сұхбат тыңдаушының қызықтырмайды. Сұрақ тақырыпты жан-жақты ашуға мүмкіндік туғызуы қажет. Сонымен қатар, бір сөйлем ішінде бірнеше сұрақ қойып жіберетіндер де кездеседі. Жауап беруші қай сұраққа жауап берерін білмей қалады. Есте нақты сақтағанына ма, әлде алғашқысына жауап бере ме белгісіз.
Мысалы, сіз медициналық сақтандыру маманымен сұхбаттасып жатырсыз. Соңғы сұрағыңыз мынадай. «Жаңа жылда дәрігерлерге, ауырып жүргендерге қандай тілек айтасыз? Неден алшақ болу керек? Қандай аурудан сақтану қажет?» Бұл сұрақтарды қалай түсінуге болады? Мұны түсінбеген маман иесі жарым-жарты жауап береді. Сұрақ былайша қойылуы керек. «Тыңдарманымызға Жаңа жылда қандай тілек айтасыз?»
Сұхбатқа дайындық үстінде журналист қоржынына қосымша сұрақтар дайындап әкелуі қажет. Әңгіме барысында тоқтау болмау керек. Сөзден сөз шығып жатқанда, бағыттан таймай, тақырыптан ауытқымауды да қадағалап отыру қажет. Тыңдарман сұхбатқа қызығуы үшін, материал оның ойы мен сезіміне де қатысты болуы тиіс. Біз сұхбаттың композициясын қарастырған болатынбыз. Бірақ сұрақ-жауап барысында монологтың көбейіп кетуі, бөлшектік әңгіме сұхбатттың құрылымын шашып тастайды. Журналист ақпарат ағымына «дирижерлік етуі» керек. Журналист сұхбаттасушының жауап беру жылдамдығына мән беруі қажет. Дыбысты жазу барысында бірқалыпты темптің болуы маңызды.
Телесұхбат. Журналист керекті ақпаратты маңызды оқиғалар, құжаттар және дерекнамалармен таныса отырып, ең алдымен, ақпаратты білетін адаммен араласа отырып алады. Кез-келген адаммен қарым-қатынас диалог, сұрақ-жауап түрінде өтеді.
Сұхбаттың негізгі бейнелік құралы сөз және жанды адам тілі, ал тіршілік ету формасы диалог болып табылатын телевизиялық публицистикада бұл жанрдың маңызы ерекше. Себебі, тілмен бірге мимика мен пантомимиканы қоса көрсететін коммуникативті үрдіс экранның табиғатына сәйкес келеді және қоғамдық жүйе ретінде телевидение негізінің бірі болып табылады.
Сұхбат – журналистің қоғамдық маңызы бар тұлғамен өзекті сұрақтар туралы әңгімесін көрсететін публицистиканың жанры. Сұхбат дегеніміз - пікір, көзқарас, дерек, мәлімет алмасу. Сұхбат жанрының негізі ХІХ ғасырдан бастау алады. Бұл кезде мерзімді баспасөз дамып, диалог жанры алға шықты. Ал радио болса жанрға үшінші жақ – диалогты тыңдайтын аудиторияны қосып, қосымша мүмкіндіктер ашты.
Телевизиялық сұхбат бейнелілігімен жанрды байыта түсті. Дауыс ырғағы, тіл әсерлілігімен қатар, бейнелі образдар, қоршаған орта, интерьер көрінеді. Бейнелілік арқылы сұхбаттың телебағдарламада кең таралуы түсіндіріледі.
Журналист үшін сұхбат, бір жағынан, ақпаратты иемденетін адаммен байланыса отырып ақпаратты алу тәсілі. Екінші жағынан, телевизиялық бағдарлама барысында сұхбат берушіге сұрақ қойып, оларға нақты, қисынды, толық жауаптар алу мақсатын көздейтін әңгімелесу, диалог түріндегі публицистикалық жанр.
Тәжірибелі журналистердің айтуы бойынша, сұхбат берушінің көңілінен шығу үшін журналисте өзіндік рухани икем болу тиіс. Жас журналистер сұхбат алу барысында мынадай қателікке жол береді. Жауап беруден гөрі сұрақ қою жеңілірек деп ойлайды. Сұхбат – бұл бірлескен шығармашылықтың түрі. Оның жетістігі журналистке тікелей байланысты. Әңгімелесушімен сөйлескенде, оқырман, көрермен, тыңдарман қандай сұрақ қоятынын жорамалдау шеберлігі талап етіледі. Бұл үшін сұхбат алушы әңгімеге тыңғылықты дайындалса ғана жетістіктерге қол жеткізеді. Деректермен танысу барысында алдын-ала қойылатын сұрақтарды дайындап, кейіпкердің мінез-құлқы, өмірлік ұстанымы туралы туыстарынан, достарынан сұраған жөн.
Сұхбат жанр ретінде телеэкранда ерекше орынды иеленеді. Кез-келген жаңалықты білу үшін журналист құзіретті тұлғаға сұрақ қояды, әртүрлі оқиғалардың қатысушыларымен араласып, маңызды оқиғалар туралы адамдардың пікірлерін сұрайды. Сұхбат – көптеген күрделі телевиялық пішіндердің міндетті элементі. Жеке бағдарламаны дайындау барысында да бұл жанр жиі қолданылады.
Телесұхбатты алып отырған репортердің мүмкіндігі мол, сондықтан сұхбат алушы журналист өз тәжірибесіне сүйеніп, бағдарламаның композициясын, стилін анықтай отырып, әңгімелесушінің мінезін зерттеп, әңгіме құруға дағдыланса іс сәтті бітеді. Сұхбат алушы біріншіден, әңгімелесушімен қарым-қатынас орнатуға тырысады. Екеуінің мақсаты әртүрлі: сұхбат беруші жалпы нәтижелерді шығарып, қысқа жауаптар берсе, журналист әр жауапты кеңінен ашуға тырысады. Сұрақ қойғанда, ол бөліктерге бөлінбеуі тиіс. Ондай жағдайда, сұрақтың жартысына, көбінесе соңғы бөлігіне ғана жауап алуға болады. Сол үшін қатарынан бірнеше сұрақ қоймай, қысқа сұрақтар қойып, әңгімені өрбіткен жөн.
Кейбір мамандар сұрақтарды жанасқан, адрестік, бағдарламалық және экрандық деп бөледі. Бұл нені білдіреді? Ең алдымен, әңгімелесушілер бір-бірімен танысуы керек. Тәжірибелі журналист, ең алдымен, сұхбат алушымен отырғанда еркін атмосфера орнатуға тырысады. Оның мынадай тәсілдері бар: анекдот, қызықты, не күлкілі әңгіме айту, өзің туралы сөз бастау, кейіпкерге байланысты мәліметтерді келтіру. Мысалы, «Сәлеметсіз бе, сізді көргеніме қуаныштымын! Мен сізді тура осылай елестетіп едім... Айтпақшы, сіз анау Аманжоловтың туысқаны емессіз бе? Бір рет мен басқа Аманжоловтан сұхбат алып едім, ол деген...» т.с. сияқты.
Адрестік (немесе анкеталық) сұрақтар телебағдарламада керек болатын әңгімелесушінің биографиялық мәліметтерін білуге жол береді. Әңгіменің бұл бөлімі тергеуге айналып кетпеуі тиіс. Егер анкетадағы мәліметтерді нақты айтпағанда, экрандағы бейне басқаша, суық көрінуі мүмкін. Экрандық әңгіме бөлігіне арналған сұрақтардың қосарлануынан аулақ болу керек. Әйтпесе, сұхбат беруші, айтқысы келгенін айтып, соңында, не журналистке, не көрерменге қызықты болмайды қалады.
Журналист алдына қойған міндеттерге байланысты пікір-сұхбат (белгілі бір жағдай бойынша пікір айту) және деректі-сұхбат (танымал нәрсе туралы хабарлама) болып бөлінеді.
Сұхбат беруші журналистке қарағанда айтатыны мол болса, не сұхбат беруші сөз сөйлеуімен белгілі бір қоғамдық ұйымды қолдаса, сұхбат жанры қолданылады. Сұхбат берушілерді шартты түрде үшке бөлуге болады:

  1. Саяси және мемлекет қайраткерлері, белгілі бір нақты салада арнайы білімі бар мамандар, олардан бір мәселенің мән-жайын білу мақсатында сұхбат алынады;

  2. Өмірі көпшілікке таныс танымалы тұлғалар;

  3. Үйде, көшеде, қызметте кездесетін қарапайым адамдар, олардан бір оқиға, жағдай туралы қоғамдық ой-пікірді білу мақсатында сұхбат алынады. Экрандағы сұхбат екі адамның еркін әңгімесі ретінде өту керек, соның ішінде біреуі белгілі бір тақырып аясында жақсы ақпараттанған болуы шарт. Бұл адамдар басқа жерде де сұхбат беруі мүмкін. Осы жерде телевидениенің екі жақтылығы көрінеді. Осыны түсіну үшін мақсаты бойынша бөлінетін сұхбаттың түрлері де бар.

Хаттамалық сұхбат мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты туралы білу мақсатында ресми мәлімдеме алу үшін өткізіледі. Сұхбат беруші – сәйкесінше жоғары дәрежелі ресми тұлға болып келеді. Хаттамалық сұхбат сырттай қарапайым болып көрінеді. Журналист алдын-ала дайындалған, келісілген, бірақ композициясы бойынша ешқандай байланысы жоқ сұрақтарды қояды. Ресми тұлға ресми жауап қайтарады. Бірақ тәжірибелі журналистердің осы қағиданы бұзған жағдайлары бар. Мысалы, Мәскеуге алғаш сапарында кезіндегі Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерден үш танымал халықаралық журналист сұхбат алады. Бірақ олар хаттамалық сұхбатты пікір-талас сұхбатқа айналдырып жіберуге тырысады. Нәтижесінде, журналистер кәсіби шеберлігін жоғалтып, тәртіпсіз болып көрінген. Хаттамалық сұхбатта емін-еркіндікті бейнелеу, жаттанды сұрақтарды қойған орынсыз. Сұхбат берушінің орнына журналист өз ойын қосуы – әдепсіздікке жатады.
Ақпараттық сұхбаттың мақсаты – нақты мәліметтерді алу («пікір-сұхбат», «деректі-сұхбат»); әңгімелесушінің жауабы ресми мәлімдеме болып табылмайды, сол себепті әңгіме екпіні қарапайымға тән, түрлі эмоционалдық құбылыстарға толы болады. Ақпаратты жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Ол ақпараттық-публицистикалық бағдарламалардың құрамына кіреді.
Ақпараттық сұхбат – экрандық диалогтың көп тараған түрі. Кез келген ретте де, ақпараттық жаңалықтарда журналистердің әңгімелесушісімен кездесуі бір ақпаратты алу мақсатында өтеді. Осындай сұхбат өзара байланысқан міндетті атқарады: қоғамға қажетті маңызды ақпаратты алу және ақпаратты берушінің тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуді мақсат етеді.
Барлық адамға бірдей сұрақтар қойылатын анкеталық сұхбатқа қарағанда, ақпараттық сұхбатта әр сұрақтың даралығы болу керек. Журналист ақпараттық сұхбаттан жаңа мағлұмат алмайды. Кәсіби маман әңгімені жүргізгенде қандай жауап алатынын нақты біледі. Бұл дегеніміз әңгімелесушіге эфирге дейін сұрақтар беріледі деген сөз емес. Сұрақтардың қандай болатыны жалпы айтылады. Әйтпесе, көрерменнің көз алдында пайда болып жатқан суырып-салмалық өнер элементін, көрерменнің толық қабылдауы қажет жаңалықты, табиғилықты жоғалтады.
Телевизиялық сұхбаттың ең кең тараған түрі – ақпараттық сұхбат. Көп жағдайда мұндай сұхбаттар бірден екі міндет атқарады: әлеуметтік маңызы бар ақпарат алу және осы ақпаратқа жауап бере алатын тұлғалардың ерекшеліктерін ашу. Сұхбаттың бұл пішіні бірдей сұраққа жауап беруді талап ететін сұхбат-сауалнамадан біршама ерекшеленеді. Ақпараттық сұрақта әр сұрақ жеке-дара беріледі, себебі, ол сұрақтар журналист әңгімелесіп отырған адамға бағытталады.
Портреттік сұхбат – әңгімелесушінің тұлғасын мүмкіндігінше жан-жақты ашу мақсатында алынатын телевизиялық сұхбаттың ерекше түрі. Маңызды басымдықты қоғамдық-психологиялық эмоционалдық сипатын, сұхбат берушінің құндылықтарын ашу көзделеді. Бұл түр экрандық очерктің құрамдас бөлігі ретінде кездеседі.
Проблемалық сұхбаттың (дискуссия) міндеті – қоғамдық маңызы бар мәселе туралы әртүрлі көзқарастарды айқындау және шешу жолдарын табуды көздейді.
Анкеталық сұхбатта бір-бірімен өзара әрекеттеспейтін әртүрлі әңгімелесушілердің арасында нақты сұрақ бойынша пікірлері анықталады. Әдетте, бұл барлық қатысушыларға бірдей сұрақтар қойылатын бір үлгіге салынған сұрақтар топтамасы. Жұмысын жаңа бастаған репортердің алғашқы өз бетімен істелген тапсырмасы анкеталық сұхбат болуы мүмкін. Анкеталық сұхбат, ережеге сәйкес, студиядан тыс жерде алынады. Осы тапсырманы орындауда, репортер адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, сұхбат берушіні бауырына тартып, қойған мақсатына жетуі тиіс.
Анкеталық сұхбатта қоғамдық пікірдің объектісі мына белгілерге жауап беруі тиіс: 1) пікірталасқа жақын болуы; 2) қоғамдық қызығушылық туғызуы; 3) қойылатын сұрақ маңызды мәселеге арналуы тиіс. Анкеталық сұхбатты өткізу үшін болашақ әңгімелесуші туралы толық ақпарат пен сұхбаттың болатын жері белгіленіп, негізгі сұрағы бар сценарийлық жоспар құрылады. Мысалы: «Сіз келе жатқан жылдан не күтесіз?» - бұл сұрақ қала тұрғындарына және қала қонақтарына қойылады. Олардың ішінде оқушы, әскербасшы, сатушы, жас жұбайлар, шетел қонағы болуы мүмкін. Жауаптар монтаждалғанда, қарапайым көрінген жауаптардың өзі қызықты болып шығады.
Анкеталық сұхбат ақпараттық сюжеттің тірегі ғана емес, публицистикалық фильмнің негізі бола алады. Мысалы, А.Стефанович пен О.Гвасалияның танымал туындысында бір ұрпақтың өкілдері, 14 адам біртекті сұраққа жауап береді. Олардың ішінде студент, оқушы, жас қызметкер мен жұмысшы, лаборант, әдебиеттанушы, шаштаразшы бар. Сұрақтардың барлығы қарапайым болғанымен, жауаптары шынайы, қызықты, әртүрлі, кейде эмоцияға берілген жауаптар да кездеседі. Осының нәтижесінде ұрпақтың жарқын, сенімді портреті шығады. Телевизиялық сұхбат жанрының әртүрлілігі қарапайым көрінгенмен, мүмкіндігі зор.
Портреттік сұхбат телехроникада сөз сөйлейтін адамнан, құжаттағы суреттен ерекшеленеді. Портреттік сұхбат болмыс түсінуінің эстетикалық заңдары арқылы жасалған телеөнердің туындысы фильм-очерктің негізгі құрамы болуы мүмкін. Мұндай телевизиялық портрет көп қырлы. Сұхбат беруші өзі туралы айтпаса да, оның тұлғасы, көзқарасы мен рухани құндылықтары көрінеді. Телевизиялық тәжірибеде портреттік сұхбаттың өзгеше уақыт дерегіне айналып, бір адамның бейнесін ғана емес, бүкіл ұрпақты көрсеткен жағдайлар кездеседі. Мәтін өз-өзінен адамды таныстырмайды, кейіпкер бетіндегі шынайы эмоция көрерменді бірге қиналдырады және бұл портреттік сұхбат жанрының мол мүмкіндіктерін көрсетеді.
Портреттік сұхбат очерк-фильмдердің негізгі құрамы бола алады. Мұндай портрет кең ауқымды қамтиды. Кейіпкер ел алдына басқа адамдармен қарым-қатынас барысында, мәселелерді талқылау т.б. жағдайларда көрінеді. Жадыра Сейдештің «Жүрекжарды», Әйгерім Сейфолланың «Меншікті мекен», Гүлмира Бықайдың «Кейіпкер» т.б. авторлық бағдарламаларын мысал етуге болады.
Проблемалық сұхбат. Егер портреттік сұхбатта журналист ақпарат табушы болса, проблемалықта журналист өз көзқарасын мәлімдеуге мүмкіндігі бар. Журналист белгілі бір мәселенің соңғы нүктесін қоя алмайды. Ең маңыздысы, проблемалық сұхбат әр адамға қатысы бар, маңызды сұрақты демократикалық ұстанымға сәйкес талдайтын, қоғамдық пікірді қалыптастыратын публицистикалық туынды.
Проблемалық сұхбатты алуда автор алдын-ала әңгіменің негізгі тезистерін ойлайды, қағазда болашақ бағдарламаның драматургиясын құрастырады. Өзінің сұрағы мен пікірін, әңгімелесуші тарапынан туындайтын қарсы дәлелдер мен сұрақтарға реакциясы және жауаптарға журналистің реакциясы ойша жобаланады. Ережеге сәйкес деректік материалдың жалпылығы тартылады. Бұл тұста жеке бақылаулар, статистика, танымал адамдардың айтқан сөздері ескерілуі тиіс. Логикалық дәлелдермен қатар, әңгімелесуші мен көрермендердің эмоционалдық әсері де есептелген аргументация болуы тиіс.
Проблемалық сұхбат сұхбаттардың ішіндегі ең күрделісі. Мұндай диалогты сәтті өткізу үшін тиянақты дайындық керек. Журналист білімділігі, мәдени деңгейі жоғары болғаны жөн. Журналист тақырыпқа қатысты материалдарды әбден мұқият зерттеуі тиіс. Портреттік және проблемалық сұхбат ақпарат шегінен шығып, сараптамалық жанрларға қосылып кету мүмкіндігі бар.
Телевидениедегі проблемалық сұхбат біз жоғарыда атап өткен сұхбат түрлерінің ең қиын, әрі күрделі түрі. Сұхбат алушы алдын-ала әңгіме тезисін, қоятын сұрақтарын дайындап алу керек те, сұхбат берушінің іс-әрекетін жіті қадағалауы қажет. Портреттік және проблемалық сұхбат ақпарат жанрынан гөрі кейде сараптамалық жанрға өте жақындығымен ерекшеленеді.
Телевизиялық сұхбат жанрының бір ерекшелігі – көзбен көре алу мүмкіндігінің пайда болуымен байытты. Сұхбаттың қайнар көзі радиодағыдай тек қана тіл шеберлігі, сөз ырғағы, эмоционалды бейнесі арқылы ғана емес, қимыл, іс-әрекет, сөйлеушінің өзін-өзі ұстауы, кей жағдайда қоршаған орта болып келеді. Көзге көріну арқылы ғана оның қолжетімділігі түсіндіріледі. Сондықтан телебағдарламалардағы сұхбат жанрының кең таралуы заңды құбылыс. Телеэкранда сұхбат жанры ерекше орын алады. Жаңалықтар қызметі жұмысын алып қарасақ та, әрбір бағдарлама белгілі бір адамға сұрақ қоюдан басталады. Сұхбат – көптеген қиын телевизиялық пішіннің маңызды элементі. Ол авторлық бағдарламаларда өте сирек қолданылады. Сұхбат жанрын сұхбат беруші журналистке қарағанда көп мағлұмат бере алатын жағдайда ғана қолданады. Немесе ол өзінің қатысуы арқылы белгілі бір қоғамдық ұйымдарды қолдағанда, нысанадағы сұрақ қоғам үшін маңызды болғанда және олардың көзқарастарын білу міндеттелгенде пайдалануы мүмкін.
Жақсы сұхбат екі адам арасында болған еркін әңгіме. Әңгімелесушілердің біреуі аталмыш тақырыпта өзекті мәселеге қатысты көп дерек бере алатын дәрежеде болуы тиіс. Ресми көріністегі жағдайлар ғана ескерілмейді. Бұл адамдар студияда емес, камерасыз, аппаратурасыз да әңгімелесе алар еді. Осы арқылы телевизиялық сұхбаттың екіжақтылығы көрінеді.
Телевизиялық сұхбат бұл журналистика жанрларын таңқаларлық сапамен байытып, дамыта түсті. Интонациялық, көңіл-күй бейнелеуші құралдарынан бөлек телевизияның ақпарат таратудағы аудиовизуалдық күшіне әңгімелесушінің мимикасынан бөлек оның қоршаған ортасы да қосылды. Телебағдарламадағы таңқалдыру-шылық ақпараттың сенімділігін туғызып, бұл жанрдың кең таралуына ықпал етті.
Журналистің сұхбаты - бір жағынан, осы ақпаратқа ие болып отырған адамнан мәлімет алудың тәсілі, ал екінші жағынан, телевизиялық бағдарламадағы қозғалып отырған тақырып төңірегінде сұрақ қоюдың көмегімен әрі толыққанды, әрі логикалық ақпарат алатын әңгіме, диалог түріндегі публицистикалық жанр.
Сұхбат - екеуара шығармашылықтың жемісі. Жетістікке жету, көбінесе, жүрізушіге байланысты. Журналист әңгімелесушіге сұрақ қою барысында оқырмандардың, радиотыңдаушылардың, телекөрер-мендердің нені сұрағысы келетінін алдын-ала ойластырады. Ол үшін сұхбат алушы жақсылап дайындалуы тиіс. Жиналған мәліметтер ішінен сұрақтар таңдап, әңгімелесушінің алдыңғы берген сұхбаттарындағы ойларын байқап, оның мінезі, әдеті, тіпті ортасы мен отбасы мүшелері туралы біліп алғаны жөн.
Сұхбат жанр ретінде телеэкраннан ерекше орын алады. Тіпті, жаңалықтардың бірде-бірі сұхбатсыз болмайды. Оқиғаға қатысушылардың немесе маңызды мәселеге деген адамдар көзқарастары үнемі қолданылады. Сұхбат телевизиядағы бағдарламалардың таптырмайтын құралы. Сұхбат берушіге қойылған нақты сұрақтар кейіпкердің биографиялық мәліметтерін толық білуге көмектеседі. Ол телебағдарламаға қажет болуы мүмкін. Бұл әңгімелесу кезеңі тергеуге айналып кетпеуі керек. Құрғақ анкеталық мәліметтерді тізбектей беру де әңгімелесуші мен сұхбат алушының арасын салқындатып алады. Кейін ол экраннан байқалып тұрады.
Бағдарламалық сұрақтар - бұл экрандық сұхбат тақырыбындағы әңгіме. Әңгімелесу барысында сұрақтардың қайталанып келуінен сақ болу қажет. Себебі, эфирге шыққан кезде журналистің алға қойған мақсатына орай сұхбат-ой және сұхбат-дерек болып та келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет