Қан алатын жерлері:шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, масканы, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.
Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз).
Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.
Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын,сосын оны қысуын сұраңыз.
Қолғаптытері антисептигімен өңдеңіз.
Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.
Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ - иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.
Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.
Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).
Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.
Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.
Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.
Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз.
Қаны барпробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.
Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.
Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.
Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз.
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;
ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;
қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;
шприцсіз қанды алуға тыйым салынады - тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).
жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;
вакутайнер (BD VACUTAINER) - қауіпсіз жүйесі бар қанды алу- медициналық қызметкерлерді максимальды қорғауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.