Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясының маңызы Адам бала кезінен қалыптасады


Әсіресе, ойынның тіл дамытуда орны ерекше.Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдаланудың өзіндік мәні бар



бет2/4
Дата11.10.2022
өлшемі24,75 Kb.
#42278
1   2   3   4
Байланысты:
мектепке лекция

Әсіресе, ойынның тіл дамытуда орны ерекше.Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдаланудың өзіндік мәні бар. Ойындар қолдану арқылы оқу әрекеті жүргізіледі. Балалар тек ойнап қана қоймайды сонымен қатар, тілдері дамиды, қарым - қатынастарда сөйлеуі жақсы дами түседі. Топпен біріге жүмыс жасау қабілеттері арта түседі. Балалардың тілдерін дамытуда көптеген өлең - тақпақтар жаттату, ата - анасын қүрметтеуге, отансүйгіштікке баули отырып, тілдерін ары қарай дамытып, оқу іс - әрекетіне сай бағдарлама бойынша жаңа технологиялармен жүмыс жүргізген абзал. Балалардың сөздік қорларын дамытуда ойын технологиясының қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл - ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Бала ойын арқылы қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез - келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар қүрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір - бірімен өзара қарым - қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады.Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігі мен тілдік қорының дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын - балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін үстайды. Ал еркіндік дегеніміз - барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен қүлшынысы. Баланың білуге деген қүштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жүмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жүмбақ шешу және қүрастыру, саяхат, ойын сабақтарын үйымдастыру арқылы балалардың сөздік қорларын дамытады. Сөйтіп балатоптағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын үйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет