116
2. Қазақ халқының ұлттық спорт ойыны-
ның бірден-бір көп тарағаны —
бәйге мен
аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзге-
ше бір ерекшелігі сол — жарыс тек жазық
жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қой-
майды, спортшының
өзі мен оның атына
жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы,
жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі.
Бір жағынан,
осындай жарысты бұрын
белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу
қазіргі заманғы ат
спортының классика-
лық түріне жақындайды. Әсіресе, аламан
бәйге спортшының тактикалық шеберлігін
жетілдіруде маңызы зор. Жарыста мықты
да, жылдам спортшылардың бәрі бірдей
жеңе
бермейді дұрыс жаттығып, жарыс-
тың барысында атының күшін тиімді пай-
даланса ғана жеңіске ие болады.
Жарыстың үлкен шаруашылық, тәрбие-
лік мәні де бар. Олай болатын себебі —
жарысқа
қосатын атты таңдап алып, оны
баптап, бәйгеге жаратуға дейінгі ұзақ
мерзімге бәйге атына мініп шабатын бала
үнемі
басы-қасында болып, бапкермен
бірге еңбек етеді. Бапкер бәйгеге шабатын
атты
ғана баптап қоймайды, оған мініп
шабатын баланы да қоса дайындайды.
Бала
бәйге атына берілетін жем-шөп, су-
дың мөлшеріне дейін біледі. Бәйге атына
мінетін бала атының қандай қабілеті бар
және жарыс үстінде
оны қалай пайдала-
ну керектігін жарыс басталмастан бұрын
біліп алады.