Үшінші деңгей – мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей – оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара әсерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады (13-сурет).
Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: вертикаль бойынша – жалпы мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы. Горизонталь бойынша – қоғамдық ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б.
Сурет-13. Мектепті басқару қызметі
Басқарудың талдау жасау, мақсаттылық, гуманистік, демократтылығы және мектеп басшыларының басқару қызметінің әр түрлеріне әзірлігі. Басқарудың гумандылығы және басқарудың демократиялығы. Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б.топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектептің түрлі басқару қызметіне дайын болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды:
педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілендіру;
орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі;
жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі;
педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.
Мектепішілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады.
Бұл жағдай тек қана қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшыларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі – мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделеді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мұғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыстыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |