Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай!


Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романында автордың Әбілқайыр ханды өзгелерден даралайтын ерекшеліктерін талдап жазыңыз



бет12/23
Дата12.05.2023
өлшемі488,5 Kb.
#92134
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
эссе2020

28. Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романында автордың Әбілқайыр ханды өзгелерден даралайтын ерекшеліктерін талдап жазыңыз.
«Үркер» - тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен толғайтын кең құлашты күрделі роман.
Бұл романның негізгі тақырыбы – қазақ халқының 18 ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі болып табылады. Шығарма халық тағдырының алды үмітсіздеу, белгісіз бір кезеңінде Әбілқайыр ханның орыс патшасына бодан болуға рұқсат сұрап, елші жіберіп, соның жауабын сарыла күткен күпті күйін суреттеуден басталған. ...Романда Қазақстанның Россияға қосылуының табиғи заңдылығы шынайы көрініс тапқан». Әсіресе романның бас кейіпкері, әрі өз тұлғасымен жазушыны шабыттандырған Әбілқайыр бейнесі ерекше берілген. Романдағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет, өмір құбылыстары — бәрі де оның негізгі қаһарманы Әбілқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой-елегінен өте көрсетіледі. Әбілқайыр романда әр қырынан көрінеді
Әбілқайыр тұлғасы көпқырлы, терең сырлы. Оны өзгелерден даралап көрсететін бірнеше ерекшелігін саралап өтсем.. Ең алдымен, ол — хан тұқымы, сұлтан. Ол – хан, ақылға да, айлаға да жүйрік; тарихи дәуір мен оқиғалардың ең өзекті, мәнді сипаттамаларын саяси әлеуметтік барлық қыры мен сырын өзгелерден терең пайымдайды; халқының тағдыры үшін батыл шешімдер қабылдайды; қайсарлығын таныта отырып, елдің игілігі үшін дұшпандары мен жаударына қасқайып қарсы тұратын ардақты ер деп толықтай айтуға болады.
Менің ойымша, Әбілқайырдың алғырлығы мен қайсарлығын романды оқи отырып анық байқайтындаймыз. Ол әуелде бойын жасырып, мұратына жеткізер жолды алыстан барлайды. Іске де, сөзге де мығым келеді. Хан тағына алып баратын ағалық жол басқаныкі болғанымен, ойының саралығы, ісінің даралығы жағынан бұл басқа сұлтандардан үстем болып өседі. Ол өзінің осы қасиетін байқап қана қоймай, өзгелердің сол қасиетіне көздері жеткенін қалайды. Осы мақсатына сай, ол өзінің өзгелерден артықшылығын тура билердің, ұлыс ақсақалдардың, аты шыққан, халыққа еңбегі сіңген батырлардың көзіне көлденең тартып, көрсете біледі.
Сонымен қатар, қашқанын қуып жететін, көздесе атып түсіретін мерген, хас батыр, сом тұлғалы ер, ақыл мен айласы қатар жүретін әділ болып шыққанын көруге болады.
Өзін қарапайым, сыпайы ұстап, халықпен ойлы, салмақты қарым-қатынас жасайды. Көп ортасында болады, сөз тыңдауға, адам тануға ұмтылады. Әбілқайырдың бұл мінезінде хан тағына өзін іштей дайындау сезіледі. Оның осы жолдағы адамдық ізденістері, мінез-құлқын қалыптастыруы, толысуы ерекше қызықты. Романда сол кездегі ел өмірінің кең тынысымен астасып, жарқын бейнеленеді. Әбілқайырдың кедей деп кем тұтпай, Тайланды тең ұстап дос болуы — оның азаматтығын танудан туған білімділік. Тентек інісі Мамай Тайланға зорлық жасап, шұбар атын тартып мінгенде де, ол інісін жазалап, әділдік жағында қалады. Әбілқайырдың Ресейге қол артуы, оған бағынуға ант беруі жалпы қазақ мүддесіне де, оның мұсылмандық салтына да, халықтық дәстүріне де қайшы емес екенін, оған қарсы болушылардың ойы тек түсінбестік пен бәсекелестіктен туғанын көрсетуге жазушы ерекше көңіл бөледі. Ел тағдырын Әбілқайырмен бірге ойлап, оның идеясының іске асуына тілек те, білек те қоса біледі. Әсіресе Мәртебе, Құлтөбе, Ордабасы жиындарындағы үш атыраптан бас қосқан елдің думанды мерекесі — реалистік бояуы қанық суреттер. Осы жиындар мен ондағы ел тіршілігі, аға билердің өнегелі сөздері халық санасында қалыптасқан шешендік өнер поэтикасына негізделеді. Роман айтар ел тағдырына қатысты ақылды ойлар, халықтың мінез-құлқы сол елдің мекені болған даланың кеңдігін бейнелейді. Халықтық характерлерде де осындай сипат басым. Ерлік те, сөз ұстар тапқырлық та сол ортаның шындығынан туады
Қорыта келе, алдына мақсат қойып, соған өзінің табандылығы мен қайсарлығы жете білген Әбілқайыр бейнесін жазушы оқырмандарына керемет жеткізе білген деп ойлаймын. Себебі, тек қара басың үшін ғана емес, елім, жерім деп ерлікпен күресіп, мақсатың жолында аянбай еңбек ету керектігін бізге өнеге етіп қалдырғандай болды.
27. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы бас кейіпкер Демежанның кісілік келбетін нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз
Алғашқы қадамын поэзиядан бастап, шағын жанр арқылы романға келген Қабдеш Жұмаділов – қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік орны бар қаламгер. Қ.Жұмаділовтің “Тағдыр” романы қазақ халқы басынан кешірген ауыр бір кезең – екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. Романда алуан мінезді, алуан тағдырлы кейіпкерлер характері сомдалып, болмысы ашылады. Патшалық Россия мен Цин империясы Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы иеліктерін айқындап, енші бөлісуді ХІХ ғасырдың 80-жылдары ғана қолға алған болатын.
Романдағы күллі оқиға осы айтулы тарихтың халық тағдырына қалай әсер еткенін бейнелеуге арналған. Тарбағатайдың күнгейін мекен еткен халық тағдыры, Цинь империясының аз халықтарға жүргізген саясаты шынайылықпен шығарманың өзегіне алынған. Романның басты қаһарманы – Демежан. Оқырман бұл кейіпкермен роман оқиғасының басында Шәуешек аймақтық губернатор – Ши-амбының қарауында тілмаш болып қызмет істеп жүрген кезінен танысады.Өзгелерге ұқсамайтын ерекше тағдыры бар Демежанның өмір жолы, тіршілік соқпағы, Шәуешек аймағының әміршісіне бағынатын мекендерде тіршілік кешкен қазақ руларымен тығыз байланыста көрсетіледі. Қала өмірінің өзіндік ерекшеліктері, дала тіршілігі, күнделікті өмірге еніп жатқан жаңалықтар нанымды суреттелген.
Демежан тек малмен ғана кәсіп қылу тым аз, кәсіптің басқа түрімен де шұғылданған жөн деп тауып, бейнетқор жұртпен бірлесіп, Боздақ даласына егін салады. Өзіне сол егіс басына таяу жерден қора-жай салдырады. Алғашында бұл ісіне өзгелерді иландыра алмайды. Тіпті өз әкесі Керімбай да наразы. Дегенмен, алғанынан қайтпайтын бір беткей ұл өз дегеніне жетеді. Бұрын қазақта жоқ үрдісті бастап, зәйімке салдырады. Маңына жарлы-жақы байларды, зәбір көрген қарапайым адамдарды жинайды. Қыр еліне түскен алым-салықтың ауыртпалығы халықты қатты күйзелткенде осы Демежан ара түседі. Жергілікті мәнжу, сібе-солаң, қалмақ жұртына алым-салық жиналмайды. Бар ауыртпалық қазақтарға түседі. Бұл жайт қазақтардың наразылығын туғызады, алым-салық жинаушылармен арада араздық туады. Халықтың жағдайын жанымен сезінген Демежан Ши-амбының алдына барып, салықтың шектен тыс ауыр екенін айтады. Ақыры, Ши амбыны өз сөзіне иландырып, “Сары ноқта”, “Қара шығын” салықтарын алдырып тастайды. “Қан божы” деп аталатын салықты ғана күшінде қалдырады. Әйтпесе қазақ рулары шекара асып көшіп кететін қауіп туады. Керімбай дүние салып, орнына Демежан үкірдайлыққа сайланғанда, ағайын арасының күңкілі ушығып, бір шындықтың беті ашылады. Ол шындық – Демежанның нәсілі Керей, Керімбайға бар болғаны жиен екендігі. Елі үшін еңіреп жүрген Демежанның іс-әрекеті, ұлықтар алдындағы беделі отбасынан асар ойы жоқ кейбір биліктегілердің ішін тарылтып өзіне өшіктіре түседі.
Демежан – бәрінен де биік тұрған тұлға. Не әрекет қылса да еліне пайдалы істі ойлап жүрген азамат Абдыра мен Қараүңгір өзендерінен тартылатын екі тоған суға қағаз жасатып, оны Іле жаңжұңына бекіттіртіп алған. Осы жайт халдайлардың Демежанға деген өшпенділігін қоздырады. Оңтайлы сәтінде олар Демежанды ықтырып алғылары келгенмен, досына дархан, жауына өр болып жаралған Демежан бой бере қоймайды. Реті келгенде алмастай тілмен орып түссе, кейде күшпен де айбат көрсетеді. Әр кезде әлсіздің қорғаны болып жүрген аптал азаматтың жауы көбейген үстіне көбейе түседі. “Жау — жағадан алғанда бөрі — етектен” дегендей, халдайлардың араздығы аздай, өз басының ғана қамын жеген пасық қандастары Демежан айналасына тор құрып, тынысын тарылта түседі. Демежанның атақ-абыройын қызғанған Ысқақ халдайлармен ауыз жаласып, Демежанның көзін құртпаққа бекінеді. Ысқақтың ойынша – Демежан оған үлкен кедергі. Ел ішіндегі ұрлық-қарлықты тыю үшін жасаған әрекетін де жаулық деп қабылдаған Байсерке сияқтылар да солармен жақтасады. Ақыры Демежанға қастандық оғы атылады. Атушылар – Дохалдайдың бұзақы інісі Бужыңқа мен Ысқақ. Алайда, оқ дарымай, Демежан аман қалады. Тоған суына талас кезінде халдайлармен арада болған қақтығыста әбден ызаға булыққан Демежан халдайлардың басшысы Дохалдайдың айдарын кесіп алады. Бұл оқиға Демежан басына үйірілген бұлтты қалыңдата түседі.
Құлжаға Демежанның үстінен арыз айтпақшы болып, Дохалдай аттанса, оның соңынан ұрлығы үшін абақтыда қамалып жатқан Байсерке аттанады. Екеуі бірігіп, Демежанға қарсы іс қозғайды. Ақыры аймаққа жаңа келген ұлық Матен-амбы Демежанға жабылған жаланы ұлғайтып, оны қамауға алады. Ең ауыр жаза – дарға асуға үкім шығарадыМаншың өкіметі құлап, Матен амбы да қор өліммен өлген. Демежанның өзі өлсе де, ісі өлмеген. Өзі отырықшылыққа үйреткен ел егіншілікті кәсіп қылып, күн көруде. Демежан тоғанының кілтін ұстаған, егінші қауымға ақылшы аға болған Бөке қарт, оның айналасындағы адамдар Демежандай дегдар азаматты ауыздарынан тастамайды. Кезінде Демежан салдырған мешіт-медрелесер халық игілігіне қызмет етуде.
Менің ойымша, жазушы оны қарапайым халықтың Демежанның жақсы іс-әрекеттерін, оның ойын әлі де есте сақтауы арқылы көрсетеді. Жұрт Демежанға тапқан айыпқа сеніп, оны жамандамай құрметтеуі бұл түйінге анық дәлел. Өз ойым жазушының бұл ой-пікірімен толық келісемін. Себебі, адам баласы тек жақсылықты есте сақтап, жамандықты ұмыту қажет. Әрине, бұл оңай емес, бірақ бәріміз де пендеміз, бәріміз де бұл өмірде қателіктер жасаймыз. Сондықтанғ күнәләрді кешіріп, жақсылықты есте сақтайық. Сол кезде жұрт, мемлекет ішінде ынтымақ, береке болады деп ойлаймын

26. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесінде Балзия шекара асып, елді бастап Қытай жеріне кетеді. Қалай ойлайсыз, бұл шарасыздықтан ба, әлде жеке бас амандығын сақтау ма? Ойыңызды дәлелдермен жеткізіңіз.


Заманай мен Аманай" - Сәкен Жүнісовтің табысты туындыларының бірі. Оның қазақ прозасындағы орны ерекше. Сәкен Жүнісовтің повесінде ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы халық ахуалы, тіршілігі көрініс береді. Ұжымдастыру уақытында жат мекен, өзге қонысқа қоныстанған қазақтардың сұрықсыз өмірі, күйбең тірлігінен сыр береді «Заманай мен Аманай» шығармасы бізге Сәукеленің байырғы тарихынан сыр шертеді.Мұнда Балзия жетпіс үш жастағы әже бір өзі кішкентай баланы қасына ертіп алып,ауырып,төсектен әрең тұрып,әрең жүргеніне қарамастан,аштықты ескерместен сонау алыс Жетісуға жолға шығуы.Ал Жетісуға барар жолда алдыда биік асу бар.Ол – Сәукеле тауы.Оның басын адам өте алмайтындай мәңгілік мұздықтар алып жатыр.Балзия мен Аманай батылдық танытып бұл асуды да бағындырады. Тазалықтың туасы тектіліктен екендігін дәлелдей отырып, арттағы атамекеніне қайтар ертеңін дәтке қуат еткен күшті характер иесі. Жалғыз ұлы Заманайын туған еліне жеткізе алмаса да, одан қалған жалғыз тұяқ немересі Аманайды кіндік қаны тамған Отанына оралтуға бар күшін салады. Автор бар өмірінде көрген қиыншылығы аздай, қартайғанда ауру, өлмелі кемпірдің тау асып, тас кешуі – Отанға деген махабаттан туған жанкештілік дейді. Осыдан аттай елу жыл бұрынғы жіберген кемшілігін түзеу, бабалардан тағылым алу, «тойған жерінде емес, туған жерінде» қалу оның арманына айналады.
Шығарманың түйіні, Балзия ананың өзін құрбан етуі, ұрпағының болашағы үшін, тәуелсіздік үшін талпынысы деген ой салады. «Кешір, кешіре гөр! Соңғы жолға Аманайымды жеткізе алмадым. Менің қыл көпірім де, соңғы сызығым да осы шығар. Мені осалдық жасады деме. Өйтпесем болмайды. Мені қарайлап, Аманайымның кетер түрі жоқ. Аш бала енді бірер күн аялдаса, шыдай алмайды. Аштықтан бұрлығып өледі».
«Бұдан әрі менің, қарағым, сүйретілер мұршам жоқ. Менің көзім жоғалса, күдер үзіп, Аманайым да бұл арадан тезірек кетер. Елді табар. Барым осы, кешір» – деп С.Жүнісов қаһарман бойындағы туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін, өмірдің қонағы емес, қожасы болсам деген өршіл талабын оқушы зердесіне шеберлікпен жеткізеді.
Аманай тек батыл ғана емес,сөзге берік,ержүрек,ақылды бала болған..Оның сөзге беріктігін «...ішіңде қалсын»,-деп әжесі айтқанда,ол намысқа тырысып,ешкімге тіс жармағандығынан аңғара аламыз.Оның да жүрек түпкірінде ашылмаған,белгісіз қырлы туған жерге деген махаббатты жатыр.Сондықтан болар,әжесімен бірге қыр асыл,тау басты...«Отанды,ұлтты,әдебиетті,оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ.Тынымсыз,жанашыр,табанды әрекет керек»,-деп Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай,бұл әңгімеден Балзияның қанша ауырса да,жаны қиналса да оның бәріне мойымай төтеп беріп, туған жеріне бастап барар жолын тапқандылығынан оның табандылығын, қайсарлығын,көрегендігін біле аламыз.Оқиға соңында оның жартастан құлап, су ағынымен туған жерінде көз жұмғандығы баяндалады. Қорыта айтар болсақ жат жерде жүрген қазақтың елін, жерін сағынып, көксеуі Отанға деген нағыз махаббатын көрсетеді. Өзге топырақта күн кешіп, өзге судан ішіп, өзге ауамен тыныстаса да, жүргегі темірқазық туған жері үшін соғып, кіндік қаны тамған өлкені бір сәтке болсын естен шығара алмауы оқырманның тұла бойын нәзік сезімге толтырып, ұлтын, жерін сүюге үндейді. Повестің өскелең ұрпаққа берері мол. Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелейтін повесть қазақ прозасындағы шоқтығы биік туынды болып қала бермек.

25. М.Шахановтың «Танакөз» поэмасының негізгі идеясы - адал достықты өз ортаңыздағы достарыңыздың іс-әрекетімен байланыстырып жазыңыз.


Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді
Заманымнан алғанша үлесімді,
Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді.-деген, бұл күнде азаматтығы мен поэзиясын күллі әлем мойындаған Мұхтар Шаханов – ұлт тағдыры,тіл жанашыры болып, осындай басын бәйгеге тіккен ұлтжанды ақындардың бірі ғана емес,бірегейі. Бүгінгі тақырыбымыз Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың«Танакөз» поэмасы шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылықты дәріптейді.
Бұл поэма қазақ жастарына, сол арқылы бүкіл қазақ ұлтына түзу бағыт сілтеді. Шынайылықты, адалдықты, ұлы достықты дәріптеген бұл шығармасында ақын жалаң насихаттың жетегінде кетпейді. Мұхтар ақын үшін байлықтың үлкені, оның ұғымындағы ұлы достық оп- оңай қол жеткізетін нәрсе емес. Адамгершілігі мол кемел адам болу үшін ең алдымен адамға тән бірқатар ұлы достықты бойына жинақтай білуің шарт. «Танакөз» поэмасы осы ретте көпшілікке ғибратты бағыт сілтейді. Және де осы қасиеттердің әрқайсысының адам өміріндегі мән-маңызың түсіндіреді. Екі достың ғашық болған Танакөзі ол бір махаббаттың мөлдірі, сүйіспеншіліктің сусыны, алғашқы екеуі бірдей гүл ұсынғанда Мұраттың бойынан қызғаныш оты шарпып өтсе де, ес тоқтатып сезімді ақылға жеңдіреді. Танакөзді өзі ішінен қимас, силас досына ұйғарады. Өзі Зеркүлге үйленеді.
Поэма достыққа деген адалдықтың биік үлгісін көрсетеді. Ақын замандас өмірін әр қырынан суреттеп кейіпкерлерінің болмысынан ұрпаққа өнеге болар ой түзейді. Поэма адамдардың тағдыры, мінезі, кейіпкердің ой-толғанысы арқылы ашылады. Ақын лирикалық қаһармандарының рухани биіктігіне сүйсіну арқылы оқырманнын да достық пен махаббаттың ұлы қасиетіне үнілуге шақырады. Басты кейіпкерлердің өмір сүрген ортасымен соғыстан кейінгі шындығы, әкеге деген сағынышы мен анаға деген құрметі, бір-бірінен жан аямас үш достың қарым-қатынасы аясында шығармада сәтті көрініс табады.
Өзіне мінез-көркі, рухы сай адал жар табу қашан да ер жігіттің басты арманы болып келді және бола да бермек. Шындап сүйе білу – қашан да зор талант. Күнделікті жай тұрмыста дарынсыз, жігерсіз, тайғанақ әрі тұзсыз көжедей татымсыз адамдар қандай көп болса, сүюде де сондай көп. Сезім мен сенім Эвересінің құзар шыңына ілуде ғана бір адамның көтерілетіні де содан. Адам Ата мен Хауа Анадан бастап бірде қуантып, бірде жылатып, бірде үміттендіріп, бірде түңілтіп келе жатқан махаббат атты құдіретті күшке ешкім ұстаздық ете алмаса керек. «Достық жоғалған жерде – қоғам, махаббат жоғалған жерде ұрпақ азады», – депті Мұхаммед пайғамбар. Ұлағатты пікір!. Міне,санаулы айлардан соң өз кемелеріңді өмір-теңіздің асау толқындарына қарсы салып, жаң өмірге қадам басасыздар.Армандарыңыз орындалсын,достықққа адал , сезімдеріңізге сызат түспесін,-Жинасаң да әлемнің бар алтынын,
Адамдығың көрсетпесе жарқылын,
Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.
Ешкім рух байлығынан бөлініп,
Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным-деп,рухани бай болуға шақырамын

21. Ә.Нұрпейісовті «Арал Хиросимасының куәгері» деп атаған қырғыз режиссёрі Болат Шәмшиевтің пікіріне «Соңғы парыз» дилогиясынан дәлелдер келтіріңіз.


«Ә.Нұрпейісов «Соңғы парызда» бүтін бір ғасырдың сұмдық зұлматымен жекпе-жек шығып, онымен есеп айырысуға кіріскен деуге болады. Бұл – нағыз лирикалық эпопея! Әрине «Соңғы парыз» ажал аузында жатқан теңіздің азалы жоқтау жыры ретінде де өте тартымды оқылады «Міне көз алдымызда бір кездегі арнасынан асып, ақтолқынын аспанға шашып жататын алып теңіз ауру меңдеген адамдай жантәсілім еткелі жатыр». «Арал теңізі жойылып барады. Ауа уланған. Халықтың күнкөрісі қиындап кетті. Олар соған қарамастан ата-бабасының сүйегі жатқан, өздері жар құшып, ұрпақ сүйген туған жерінен табан аударып басқа жақтағы ешбір жұмаққа барғысы келмейді. Жаратқанның осынау керемет көркем де ақылды ұрпағы мұндай жантөзгісіз, мұндай қорлық жағдайда өмір сүрмеуі керек еді ғой. Жаны да, тәні де қансыраған оларды сор мен тұз жегідей жеп, кеміріп жатқан осынау қасіретті өңірге құрбандық қылуға болмайды ғой!». «Соңғы парыз» ең әуелі өліп бара жатқан теңіз туралы зілмауыр қайғы-қасірет пен сол ажал алдындағы теңізге арналған ащы зарлы мұңлы әуен ретінде керемет тартымды. Бұл – романның негізгі арнасы. Жанының азалы жыры. «Бір кездері арнасына сыймай асып-тасып жататын алып теңіз енді міне, сенің көз алдыңда адамзат баласының ашкөздігі мен санасыздығының құрбаны болып, ауруы әбден меңдеген адамдай азаптан қатты қиналып өліп барады». «Арал ажал аузында. Ауа уланған. Халық кедей. Сол халық сөйте тұра туған жерін, ата-бабадан қалған, кіндік қаны тамған, ғасырлар бойы тамыр жайған жерін тастауға қимай әлі де осында табан аудармай өмір өткізуде. Егер әділдік дегеннің жер бетінде бар екені рас болса, адам баласы мұндай қорқынышты да қорлық пен мазаққа толы жағдайда тұрмауы керек еді ғой!» «Осы бір күл үйінділерін суырып, көкке ұшырып аңызақ жел еседі. Бүгінде балықшылар поселкесінің ақсақалды қарттары ғана осы бір репеті жаман құланды төбешіктердің маңынан өтіп бара жатып мұнда қашан, кім тұрғанын есіне түсірген болады. Міне, мынау Кәленнің үйінің орны, оның қасындағы Достың үйіне таман сірә, Мөңкенікі болу керек. Ал анау жарқабақтың басындағы ысырма құмның астында қалған от орнындай ғана кішкентай төбешік – баяғы аңғал-саңғал болып тұратын берекесіз Судыр-Ахметтің үйінің орны ғой.» …
Көрнекті қырғыз режиссері Болат Шәмшиев «Соңғы парызды» оқып шыққаннан кейін авторға жазған хатында Әбдіжәміл Нұрпейісовті «Арал Хиросимасының куәгері» деп атайды. Хатынын үзінді келтіріп өтсек.: «ХХІ ғасырдың кіреберісінде беті ашылған, іркілмей айтуға болатын үлкен бір қасірет болса, ол – «Жаһандану» деп аталатын құбыжықтың адамзаттың қарсы алдында аузын арандай ашып тұрғандығы туралы болуы мүмкін. Ол әлдебіреулер таңдап алған қасіретті жолдың үстінде тек адамдарды емес, сонымен бірге Жер деп аталатын бүкіл ғаламшарды жойып жіберуге дайын тұр. Сондықтан егер осы тақырыпта әлі де жазар болсаңыз, мына «жаһандану» (глобализация) деп аталып жүрген тажалдан сақтандыруға көбірек көңіл бөлгеніңізді қалар едім. Ойлап көріңіз, төрт құбыласы түгел қарһәлләзи Еуропа да, семіздіктен жарыла жаздап жүрген Америка да оған бас қатырмайды. Оларға керегі де сол. Олар бізге қарағанда әккі де тісқаққан ақылдылар ғой, не нәрсені де теориямен, ережемен есептейді. Бірақ Жапонияға ядролық бомбаны тастап кеп жібергенде ғана зәресі зәр түбіне кетті. Ал Аралда не болып жатқанына олар әзір пысқырмайды да, бас ауыртпайды. Тіпті Алматы мен Бішкектегілердің өздері де бұл сұрапыл сұмдықтың байыбына баруға жетесіз болып отырғанда америкалықтарға не жорық?! Қазір ажалдың өңешіне қара құрдымға қарай кетіп бара жатқан жердің зарын, бүгінгі тіршілік атаулыға қатар төніп тұрған қауіп-қатерді айтып, жаһанға жан даусымен айқай салу үшін тек Сіздегідей жүрек, Сіздегідей сана керек!» - деген болатын Ал оны ары қарай Н.Анастасьев пікірімен жалғастырар болсақ, былай дейді: «Жеке өз басым «глобализм» - жаһандану дегеніміз дәстүрлі сана мен постиндустриялық сананың тоғысындағы әлемдік кеңістіктен бағыт-бағдар табуға тырысушылықтың бір түрі деп білемін. Ал мұндай тоғысу апатқа, міндетті түрде дағдарысқа, тіпті ұлы жарылысқа да әкеледі. Ал Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парызында» тек Аралдың емес, бүкіл жұмыр жердің тас төбесіне келіп төніп тұрған экологиялық апат туралы терең ой, саналы адамзаттың қабырғасын қайыстырар қайғы дерті жоқ дей алмайсыз» Бұл айтылған пікірлерден авторға айтылған бағаны көріп отырсақ, бір жағынан елге деген жанашырлық танытуды, қолдау білдіруді көріп отырғандаймыз. Бұдан шығатын қорытынды адам табиғаттың сақтау керек, яғни, біздің парызымыз-
экологияны сақтау.
18. Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында «Мәңгілік қазақ» бейнесінің сомдалуын өлең жолдары арқылы талдаңыз.
Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — «Мен – қазақпын» поэмасы. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы
асқақтата көркемдеп жырлай білді. «Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде табыстым мұң тілімен»... деген өлең жолдарынан — ақ ақынның қазақтық, азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің «қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.
Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.
«…Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,
Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым», —
деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Енді бірде қазақтың ән — күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді:
….Күй емес пе, ботасыз нар идірген?
Ән емес пе, аққудай жар ілдірген?–деп, қазақ халқының ән — күйі мен жырының өзіндік ерекшелігін, даралығын паш етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады. Поэманың келесі бір шумағында ақын:
Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді,
Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.
Кең далаңда керіліп, атыңды атап,
Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді… —
деп, қазақ халқына жаңа заманға сай болуға, еркіндікті, елдікті, бірлікті сақтауға үндейді. Елі үшін құрбан болған Әлия, Мәншүк, Төлегендерді жырына қосып, олардың ерлігін, олар бастаған жол, халық бақытының түп қазығы болғанын суреттей отырып, олардың ісін жалғастырушы бүгінгі ұрпақ екенін мақтан ете жырлайды. Мерейі өскен бүгінгі бақытты халқымыздың қуанышы жыр боп төгіледі. Бүгінгі таңда еліміз егемендік алып, осы азаттық жолындағы «мың өліп, мың тірілген» кездерді еске алғанда ақын арманы поэма шумақтарынан анық байқалады.
«Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті...»,—деген өлең жолдары бүгінгі «егемендікті» жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:
Мен — қазақпын қаныммен, сүйегіммен.
Сән — салтанат, салтымды сүйемін мен, —
… Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып.
Қазақстан гербі де, жалауы да, —
деп шаттанады, қазақ елінің ешкімнен кем емес екенін дәлелдей түседі. Ақын өз жырының елі үшін ешқашан таусылмайтынына ерекше қуанады.
Мен — қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске —
Айта бергім келеді, айта бергім, —
деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезіліп, ақындық даңқын көтере түседі «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. « Мәңгілік ел – ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – «Мәңгілік қазақ» перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!-деп айтқан Елбасының сөзімен эссемді қорытындылай келе ұрпаққа ,яғни, бізге артқан сенімімінен шығамын деп ойлаймын.

20. Т.Ахтанов романының «Шырағың сөнбесін» деп аталу себебін оқиғалар негізінде талдап, көзқарасыңызды мысалдар келтіре отырып жазыңыз.


Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, астары қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Оның зардабы иығына қаруын асынып, қан майданға аттанған талай азаматтарымызды ажал отына тастады. Дәрменсіз бала мен нәзік жанды ана-әжелеріміздің өмірін қасіретке толтырды. Осы кездегі халық басына түскен қасіретті әйел атынан суреттеген іргелі туынды – Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы. Романға «Шырағың сөнбесін» деп ат қойылуының мәні де тереңде жатқандай... Жазушы ойын тарқатып талдайын.
Романның көтерген жүгі ауыр. Ол жүк- халық болашағы. Ал халық болашағы ұрпақ жалғастығына келіп тіреледі. Жазушы осы ойды Нәзира арқылы бізге жеткізіп отыр. Сұрапыл соғыс жылдарында талай қасіретті басынан өткерген Нәзираның барлық қиындыққа төзе біліп, өмірінің жалғасы – ішіндегі нәрестесін дүниеге әкеліп, өмір сыйлағаны үлкен ерлік деп есептеймін. Меніңше, бүгінгі таңда адамдардың ұрпаққа, болашаққа деген көзқарасы мүлдем өзгеріп кеткен сияқты. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен әз аналар арасынан нәрестесін балалар үйінің босағасына тастап кететін тасбауыр аналардың кездесетіні өкінішті-ақ. «Тастанды балалардың» аналары осы Нәзираны үлгі тұтып, жан түршіктірерлік қылыққа бармаса екен деп армандаймын. Нәзираның «Енді өлгім келмейді. Сонша тозақтан өткеннен кейін... енді тіпті өлуге хақым да жоқ сияқты» деген жолдары осының айғағы іспетті. Нәзира басында жап-жас келіншек, ауылдың албырт қызы болған еді. Аз ғана уақыт ішінде сұм соғыс есейтіп жібереді. Сұрапыл майданда жас келіншектің мерт болмай, нәрестесімен еліне оралуы- шығарманың өміршеңдігі.
«Мен жападан жалғыз қалдым. Көз жасым сыртқа шықпай ағыл-тегіл кеудеме құйылып жатты. Бірақ мені тоқтататын бір-ақ жан – СОЛ. Бүйірімді түртіп-түртіп қалатын СОЛ тірі жан иесі... ». Жазушы романының шырағын сөндірмей, өмірді, ұрпақты жалғастырушы – осы «СОЛ». Нәрестенің әзірге ат-есімі жоқ. Бірақ «СОЛ» аман болса, Қасымбектің шаңырағы құламайды, аты өшпейді! Осы ұрпақ өмірдің жалғасы ғой! Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Өйткені, қилы замандарда ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады деп ойлаймын.
Автордың романын «Шырағың сөнбесін» деп атауының бір себебі, соғыс жылдарында ауыртпалықты басынан кешкен халықтың болашақтан үмітін үзбей, жеңіске жетуін ұрпаққа үлгі еткен. Нәзираның: «Қайран туған жер! Сені де көретін күн болар ма екен? Арамыз бөлініп қалды. Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар. Кішкентай болса да үміт жетелеп, әйтеуір жақындай берейікші деп шығысқа қарай жетелеп келеміз» деген сөздері осы ойын оқырманға паш еткендей. Өмір үшін күрес дегеніміз не? Менің ойымша, өмір үшін күрес – алдағы толқын жолдарға төтеп беру, мойымау, қиындықтарды жеңе білу.
Сөзімді қорытындылай келе, «Шырағың сөнбесін» романындағы кейіпкер тағдыры келешек ұрпаққа үлгі. Себебі қайталанбас батырлық пен жау тылында жаумен бетпе-бет келу кез-келген адамның қолынан келмейді. Өшпес тұлғалар ерлігі ел есінде. Нәзирадағы ерлік өз болмысын аша түскендей. Аталмыш роман бір ғана Нәзира арқылы өмір үшін күрестің шынайылығын көрсетті. Нәзирадай рухты қазақтың ұл мен қыздары көп болса игі еді. Еліміздің болашағы – рухты жастар қолында!Е ндеше, өмірдің шырағы, болашағы – келер ұрпақ, сол шырақты сөндіріп алмайықшы!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет