Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай!


А. Байтұрсынұлының «Абай – қазақтың бас ақыны» мақаласындағы Абайға тән қасиеттерді талдап жазыңыз



бет17/23
Дата12.05.2023
өлшемі488,5 Kb.
#92134
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
эссе2020

9. А. Байтұрсынұлының «Абай – қазақтың бас ақыны» мақаласындағы Абайға тән қасиеттерді талдап жазыңыз.
Қазақ сөз өнерінің «патшасы» Абай арқылы қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы сөз қозғап, өлең сөздің қадір-қасиеті жайлы толғаулы ой қозғаған алғашқы мақала Ахмет Байтұрсынов қаламынан шықты. Абай туралы “Қазақ” газетінің 1913 жылғы 39-41– сандарында газет редакторы Ахмет Байтұрсыновтың “А. Б.” деп қол қойған “Қазақтың бас ақыны” атты көлемді мақаласы жарияланды. Мұнда қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев туралы алғаш тереңнен тартып ой айтылған. Абай өлеңінің асыл қасиетін терең түсінген, өлең өнерінің озығы екеніне көз жеткізген А.Байтұрсынов: “Одан асқан бұрынғы-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ” деген тың да түйінді тұжырым жасайды.
Мақаланы оқи отырып байқағаным, Ахмет атамыз Абайды әр қырынан ашуға тырысқан. Абайға тән қасиеттер: сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. сыншылық көзқарасының өткірлігі мен нағыз ақынға қажетті де керекті шеберлікті толық игерген тұлға екендігін білеміз. Абайдың өскен ортасына, тәлім-тәрбиесіне, өмір жолына көз жіберіп, осылардан қалыптасар адамдық болмысына ой тастап, одан туындаған пікірлерін ортаға салады.
Абай замана ауыртпалығын, елдің басына түскен зорлық-зомбылықты терең сезініп, жүрегімен түсініп, жырлай білген. Абай ақындығының өзгелерден оқ бойы озықтығы оның өмірден түйгені мол көрегендігімен қатар, терең білімпаздығынан деп таныған Ахмет, Абай білімінің құнары европалық ғылым-білімде деп есептейді.
Ахмет Байтұрсынов аталмыш мақаласында Абай өлеңдерін қабылдау қиынға соғатындығын айта келіп, Абай сөзін ұғынудың қиындығы Абай поэзиясының жадағай жылтыр сөзден құралмай, ойлы, мағынасы тереңде жатқан сөз жүйесі болғандықтан деп біледі.
Яғни, Ахмет пайымдауынша, оқырманның Абай сөздерін түсінбеуінің басты себебі, ақынның өз заманындағы талғам-танымнан озық кетіп, сол тұстағы оқырман деңгейінен ой асырып тұрғандығынан.
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады.

Соның арқасында біз Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықтық. Бұл – Абайға дегенбіздің құрметіміз әрі білімімізді толықтыруымыз. Біз де мектепте Абайға арнап үлкен кеш өткіздік. Абай жырларын оқу челленджісін ұйымдастырдық. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді деп сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет