Ән: «Қазақстаным!» Орындайтын: Кенжебек Нұрхат 1-жүргізуші: Тарихта, Ұлы Дала Алтын орданың 38 ханының аты-жөнін, олардың билік құрған жылдарын нақтылуға 1960 жылдары қол жеткізген ғалым М.Г.Сафарғалиев болды. Біз солардың тек бірнешеуіне тоқталсақ дейміз. Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары — Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан — байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
2-жүргізуші: Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
1-жүргізуші: «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.
2-жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты десе де болады.