Монолог: «Желтоқсан желі» Орындайтын: Алтынбекқызы Нұрай 1-жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан – елдің ұлы мейрамы,
Жаңа шыққан көктемдей, жаз күніндей жайдары.
Арымыздай тап-таза, жанымыздай шуақты,
Көтерілді биікке Қазақстан байрағы.
2-жүргізуші: Біз – қазақпыз! Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге иегердің көзімен
Ән: «Қазағымсың!» Орындайтын: Русланова Вероника 1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, көрермен.
2-жүргізуші: Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!