133
Рефлексия мақсатты болжаумен байланысты, өйткені қойылған
мақсаттарға жету жолдарын түсіну болып табылады. Осылайша, оқушыға
қатысты ол тәрбиелеу функциясын орындайды [84].
Бағдарламаның жаңартылған мазмұнында мұғалімдердің сабақтардың
кодталған мақсаттарын таңдай отырып, сабақтарды жоспарлауға мүмкіндігі
пайда болады. Мақсаттардың өзі оқу дағдыларын дамыту үшін дәйекті іс-
қимылдардан құралған. Төменде мұғалім оқу мақсатын оқушының
рефлексиясымен байланыстыруына мысал келтірілген. Бұл жұмыстың тиімді
әдістерін іздеу үшін жақсы тәсіл. Мақсат пен құндылықтар саны
оқушылардың мүмкіндіктері мен бағдарламамен анықталатынын түсіну
маңызды. Сыныпта ЕҚБ бар бала оқиды және мұғалімнің оқыту әдістерін
таңдау мүмкіндігі бар деп жобалайық: қандай мақсатқа қол жеткізуге
болады? ЕҚБ бар баланың қажеттіліктеріне сүйене отырып, мақсаттарды
қалай өзгертуге болады? Сабақтың қойылған мақсаттарына жету үшін қандай
әдістерді қолдану керек? Оқушы сабақта үйренгенінің куәсі не болатынын
ойлану керек (Бала қандай әрекеттерді орындайды? Қалай орындайды? Оған
не көмектесті? Ал не кедергі болды?).
Егер мұғалім оқушы рефлексиясын сабақ мақсатымен және күтілетін
нәтижелермен салыстыратын болса, кері байланыс педагогикалық жұмыстың
көптеген сәттерін түсінуге мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ, оқушы оқу
материалын түсінеді ме, мұғалімнің жоспарлауы балаға оқуға көмектесті ме?
Өз оқушыларымен сыныпта жұмыс кезінде мұғалім тиімді әдістерді
пайдаланады ма? (кесте 8)
Достарыңызбен бөлісу: