Методические рекомендации по внедрению эффективных методик и технологий в процесс обучения детей с особыми образовательными потребностями


Кәсіби рефлексия мұғалімнің зерттеу қызметі ретінде



Pdf көрінісі
бет27/150
Дата07.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#17120
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   150
Кәсіби рефлексия мұғалімнің зерттеу қызметі ретінде 

Американдық  психологияда  әзірленген  педагогикалық  рефлексия 

тұжырымдамасы 

мұғалімдердің 

кәсіби 

дайындығының 

зерттеу 

парадигмасына  негізделген,  оның  негізінде  Д.  Дьюидің  стандартты 

(«ескішіл»)  және  рефлексивті  педагог  (Cruickshank,  1987;  Reagan,  2000) 

арасындағы принципті айырмашылық туралы идеясы жатыр.  

Осы  тұжырымдама  оқыту  практикасында  оны  іске  асырудың  нақты 

тәсілдерінің  әртүрлілігін  ескере  келе,  келесі  мынадай  бастапқы  негіздерден 

тұрады: педагогикалық жағдайлардың проблемалық сипаты (яғни, кез келген 

педагогикалық  жағдай  –  проблемалық  жағдай);  педагогикалық  міндеттерді 

шешудегі  зерттеу  тәсілі;  білім  беру  жүйесіндегі  барлық  құбылыстар 

жиынтығының онтологиялық (гр. Ontos – нақты, болмыс) статусы.  

Бұл  тұжырымдаманың  бірінші  негізі  –  мәселелік  –  мұғалім  нақты 

жағдайды қарастыра отырып, оны шешу үшін дәстүрлі, стереотиптік тәсілге 

балама  барлық  шарттар  мен  құралдарды  есепке  алады  деп  болжайды. 

Мұғалім  жағдайды  «жаңа»  көзқараспен  қарауға,  өзі  үшін  оның  «ішкі 




146 

 

жағдайларын» анықтай отырып, оның үлгі ретінде қалыптасқан, стереотиптік 



шешуден  аулақ  болуға,  әр  жекелеген  жағдайдың  қайталанбастығын, 

бірегейлігін  сезіне  отырып,  ең  дәстүрлі  мектеп  мәселелері  туралы  ойланып, 

ешнәрсені «сенімге» қабылдамауға тырысады. 

Педагогикалық  рефлексия  тұжырымдамасының  екінші  негізі  – 

мұғалімнің  кәсіби  міндеттерді  шешудегі  зерттеу  тәсілі  –  мұғалімнің  кәсіби 

мінез-құлқындағы  зерттеушілік  бағдарын  мәлімдеу  жеткіліксіз,  оны  іс 

жүзінде  қамтамасыз  ету  қажет,  яғни  мұғалімдердің  кәсіби  дайындығы 

зерттеушінің  практикалық  ойлауын  қалыптастыруға,  зерттеу  қызметінің 

дағдылары мен іскерлігін дамытуға бағытталуы тиіс.  

Үшінші  негіз  –  онтологиялық-рефлексиялаушы  мұғалім  өз  қызметін 

талдау  кезінде  кәсіби-педагогикалық,  сондай-ақ  әлеуметтік  маңызы  бар 

критерийлерге  сүйенеді,  яғни  ол  оқыту  процесін  оқушылардың 

психологиялық  ерекшеліктеріне  оның  адекваттылығы  тұрғысынан  да,  оның 

мазмұны  мен  деңгейінің  қоғамның  мақсаттары  мен  қажеттіліктеріне 

сәйкестігі тұрғысынан да бағалайды. 

Мұғалімнің  сыни,  альтернативті  ойлауын  және  талдау  мен  бағалаудың 

кәсіби және әлеуметтік маңызы бар критерийлерінің негізіне сүйенетін оның 

зерттеу  ұстанымын  біріктіретін  педагогикалық  рефлексия  концепциясы  –-

авторлармен оның операциялық құрылымы түрінде өрістетілген. 

Ол педагогикалық қызметтің барлық аспектілері туралы ғылыми-кәсіби 

түсінігі бар; өзінің практикалық жұмыс тәжірибесін жинақтай алатын және өз 

тәжірибесінде  өз  әріптестерінің  тәжірибесін  қолдана  алатын;  тиімді 

нәтижелерге  қол  жеткізу  мақсатында  нақты  жағдайларға  сәйкес  оқыту 

жоспарын,  бағдарламасын,  формалары  мен  әдістерін  бейімдей,  толықтыра 

немесе  өзгерте  алатын;  сыныпты  «меңгере  алатын»:  тәртіпті  ұстай  алатын, 

жұмыс  көңіл-күйін  ұйымдастыратын;  оқыту  процесінде  оның  моральдық 

және этикалық жағын ескеретін; өзінің кәсіби іс-әрекетінің салдарын болжай 

алатын; педагогикалық жағдайды кең әлеуметтік контекстің құрамдас бөлігі 

ретінде  талдай  алатын;  кез  келген  жағдайда өз  міндеттерін  орындау  кезінде 

жоғары  кәсіби  дайындық  танытатын;  өзінің  кәсіби  қызметін  саналы  және 

ынталы 

зерттеуші 

болып 

табылатын 



рефлексивті 

мұғалімнің 

профессиограммасын білдіреді.  

Педагогикалық 

рефлексияның 

осы 


тұжырымдамасына 

көрнекі 


иллюстрация  ретінде  американдық  мұғалімдер  арасында  қандай  да  бір 

практикалық кәсіби проблеманы зерттеу жүргізу тәжірибесі келтіріле алады. 

Мектеп мұғалімдері оқу жылы ішінде зерттеуді жоспарлау, жүргізу және 

ғылыми  есепті  дайындау  ғылыми  стандарттарымен  белгіленген  кезеңдерге 

сүйене 

отырып, 


проблеманы 

теориялық 

және 

практикалық 



эксперименталдық  зерттеуді  жүзеге  асырады.  Мұғалімнің  осындай  зерттеу 

жұмысын  әзірлеуі  және  таныстыруы  оның  кәсіби  біліктілігін  арттырудың 




147 

 

мүмкін  стратегияларының  бірін  құрайды.  Дайындалған  ғылыми  есептер 



арнайы жинақтарда жарияланады.  

Олардың  бірін  Джордж  Мейсон  университетінің  білім  беруді  дамыту 

институты,  Вирджиния  (Research  in  Practice,  1998)  шығарған.  Ғылыми 

есептердің кейбір тақырыптары төмендегіше: 

«Әр  жастағы  балалар  бір-бірімен  оқу  сабағында  сөйлескенде  не 

болады?»,  «Ата-аналардың  балаларының  сыныптағы  оқу  процесіне 

қатысуы»,  «Сауатты  жазу  дағдыларын  қалай  дамыту  керек?»,  «Менің 

сыныбымдағы  қақтығыстар  қалай  шешіледі?»,  «Мектепті  тастап  кеткен 

жасөспірім  аналар  өз  білімін  аяқтау  үшін  қолдауға  ие  болған  кезде  не 

болады?»,  «Биология  сабақтарында  хат  және  рефлексияны  қолдануы», 

«Айқын  агрессивті  мінез-құлыққа  бейім  балаларды  достасуға  қалай  үйрете 

аламын?»,  «Жоғары  сынып  оқушыларының  шетел  тілін  үйренудегі  топтық 

белсенділік  әдісі»,  «Компьютерлік  бағдарламалардың  қандай  ерекшеліктері 

қыздардың компьютерге деген қызығушылығын арттыра алады?» және т.б.  

Әрине,  мұғалімдердің  зерттеу  жұмыстары  қатаң  университеттік  ғылым 

тұрғысынан  сынға  ұшырауы  мүмкін.  Алайда  мұғалім  жүктемесі  аса  көп 

болғанда, олар өзінің ерекше рөлін атқарады.  

Біріншіден,  бұл  мұғалімнің  білім  берудің  «ішкі»    проблемаларына 

объективті  көзқарасы,  бұл  ресми  ғылымның  теориялық  ізденістерінде  жиі 

жетіспейтін  буынды  құрайды.  Мұғалімнің  әртүрлі  мектеп  проблемалары 

туралы  жанды,  жиі  ойлаған  түсініктері  қамтылған  бұл  жұмыстарда  ақиқат 

жағдайлар жинақталған. 

Екіншіден,  мұғалімдердің  зерттеу  жұмысының  мәні  оның  кәсіби-

тұлғалық дамуына пайдалы ықпалымен анықталады. Зерттеу қандай мәселеге 

арналғанына қарамастан, онымен танысқан кезде, бірінші айқын болар нәрсе 

– мұғалімнің өз жұмысына деген көзқарасы: яғни, өз оқушыларына шынайы 

қамқорлық  жасауы,  олардың  дамуына  барынша  көбірек  пайда  әкелуі,  өз 

қызметінде жоғары кәсіби болуға ұмтылуы.  

Төменде  Т.  Джефферсон  атындағы  мектеп  мұғалімі  Б.  Сэендстрдің 

жүргізген зерттеуі туралы есеп беру қорытындысы берілген:  

«Бұл  зерттеу  жобасы  маған  оқушыларымды  жақсы  тануға  мүмкіндік 

берді.  Әңгімелесу  материалдары  мен  жүргізілген  сауалнамалар  анализі 

нәтижесінде  оқуда  кездесетін  проблемалар  анықталып,  қиындықтарды 

жеңуге көмектесетін оқыту стратегияларын таңдауға қол жеткізілді. Олардың 

шынайы жауаптары бұрын менің басыма келмеген нәрселер туралы ойлауға 

итермеледі.  Баланың  өз  сыныбында  қабылдануының  аса  қажеттілігі  және 

сыныптағы  басқа  балалардың  академиялық  қабілеттері  деңгейіне  сәйкес 

келмей қалу мазасыздығы мені таңғалдырды.  

Оқуға  үлкен  әсер  ететін  осы  қажеттіліктерді  сезіну  мені  сабақта 

оқушылардың  өзара  іс-қимылын  ұйымдастыру  тәсілін  өзгертуге  түрткі 

болды.  Мен  балалардың  қарым-қатынасы  мен  жетістіктеріне  деген 



148 

 

қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін топтық және жұптық жұмыс түрлеріне 



жиі  жүгіндім.  Сондай-ақ  біздің  арамыздағы  терең  қарым-қатынасты  сездім: 

менің  шәкірттерім  маған  жақын  бола  түсті,  өз  сезімдері  мен  ойларын 

білдіруде ашық бола түсті. 

Ақырында,  зерттеу  жұмысымның  проблемасын  ойлаумен  өткен 

көптеген сағаттар менің өзімнің бір қасиетімді ашты: балалар туралы әңгіме 

болғанда шешім шығарумен асықпайтын болдым» (Research in Practice, 1998, 

p.9) [92]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет