Педагогикалық рефлексияның деңгейлік концепциясы
Өз кәсіби практикасының әртүрлі қырларына қатысты мұғалім
қабылдайтын анализдің мәселелік және тереңдік деңгейі педагогикалық
рефлексияның өзге концепциясы үшін концептуалды негізді құрайды (Van
Manen, 1977).
Педагогикалық рефлексияның бастапқы практикалық деңгейіне тән
кәсіби ойлаудың регламенттелуі мен рецептуралығы мұғалімнің сырттан
берілген нәрсе ретінде априорлы қабылданатын іс-әрекет мақсатына жету
үшін дайындау процесінде алынған білімді тиімді және пәрменді қолдануға
бағытталуында көрінеді. Осы деңгейде сынып, мектеп, қоғам контекстінде
қарастырылатын оқу мақсаты да, оқу процесі де мұғалімге проблема болып
көрінбейді.
Мұғалім анализінің басты мазмұны оның практикалық әрекеттері мен
өнімділігі, яғни оқушының қандай да бір оқу материалын меңгеруі түрінде
олардың дереу қайтарымы болып табылады. Бұл ретте өзінің практикалық іс-
қимылдарын мұғалім нақты кәсіптік білімге сәйкестігі дәрежесіне
байланысты «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп талдайды және бағалайды.
Педагогикалық рефлексияның екінші деңгейі – каузалды (себептік) –
мұғалімнің өз іс-әрекеттері мен салдарларының себепті негіздерін түсінуіне
байланысты. Талдаудың мазмұны өзінің түсініктері мен қабылданған
әрекеттің әсерін анықтаған жағдайлық алғышарттары болып табылады.
Рефлексивті талдаудың осы деңгейінде мұғалім нақты жағдайды жалпы
психологиялық және педагогикалық заңдылықтардың көрінісі ретінде
қарастырады.
Педагогикалық рефлексияның үшінші деңгейі – сыни – мұғалімнің
өзінің моральдық және этикалық критерийлерін талдау мазмұнына енгізуге
негізделген.
Бұл деңгейде мұғалімдер қоғамда әділ және прогрессивті қарым-
қатынастарды дамыту мен нығайтуға әкелетін білім беру мақсаттары,
формалары, әдістері мен мазмұнының проблемалары ой-өрісі үшін өзекті
болып отыр. Бұл жерде оқыту процесі (мақсаты мен құралдары) және жалпы
оқу жағдайы (оқыту контексті) мұғаліммен тұрақты қайта ойлауға және
дамуға ашық, проблемалы болып қарастырылады. Осылайша, педагогикалық
рефлексияның деңгейлік тұжырымдамасы мұғалімнің рецептуралық,
149
техникалық рационалды, операциялық жоспары «осы жерде және қазір»
кеңістігімен шектелген, панорамалық сипатқа ие болатын, өз қызметін
бағалаудың кәсіби, моральдық-этикалық және кең әлеуметтік критерийлерін
есепке алатын деңгейге дейінгі кәсіби рефлексиясының өзіндік иерархиялық
кесіндісі болып табылады.
Педагогикалық рефлексия концепциясы мұғалімнің кәсіби мәселелерді
шешуде оның психологиялық феноменін түсінудегі орталық ретінде зерттеу
ұстанымын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай ұстаным мұғалімнің
практикалық
тәжірибесін,
теориялық
білімі
мен
кәсіби-тұлғалық
ұстанымдарын біріктіре отырып, өз қызметіне талдау жасау қабілетіне
негізделген, оны бағалау критерийі оның оқушылардың жеке және зияткерлік
дамуына әсер ету дәрежесі болып табылады. Басқаша айтқанда, мұғалім үшін
кәсіби рефлексия – бұл өз қызметін және оның нәтижелерін басқа
адамдардың мүддесінде үнемі ұғынуға негізделген кәсіби мұғалімнің өз
жұмысына саналы және жауапты қарым-қатынасы [93, 94, 95].
Достарыңызбен бөлісу: |