М.Әуезовтың әдеби мұрасы



бет2/4
Дата04.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#78937
1   2   3   4
М.Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бірі болып әдебиет тарихына байланысты зерттеу еңбектер жазып, мол мұра қалдырғаны белгілі. Өйткені жазушы өз мақала, еңбектерінде айтып өткендей, әдебиетті тану оның тарихын, осы күнге дейін жүріп өткен жолын, өсу кезеңдерін, түрлі заңдылықтарын білуден басталады деп түсінеді. Ол жасынан-ақ жазушылық қызметпен бірге әдебиет туралы ой-пікірлерін жариялап, ескі жыр - өлеңдерді жинап, оларды зерттеу саласында да өнімді еңбек етті. Оның қаламынан қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған көптеген зерттеулер шықты.
Ақынның «Абай жолы» - атты төрт томдық роман-эпопеясын жазуды «Абай жолы» атты төрт томдық роман – эпопеясын, «Абай» пьесасын, «Абай әндері» кинофильмнің сценариін, «Абай» операсының либреттосын жазды. Абайтануға арналған ғылыми монографиядан бастап, жалпы осы тақырыпқа жүзге тарта үлкен-кіші еңбектер жазып, жоғарғы оқу орындарында Абайтану арнаулы курсін пән ретінде өзі бастап дәріс жүргізіп, қалыптастырды. Абай тақырыбына докторлық, кандидаттық диссертациялар жазылуына жетекшілік, басшылық жасады. Жалпы жарияланғаны, жарияланбағаны бар, жазушы мұражайының архивінде осы тақырыпқа қатысты қолжазбалар елуден астам том пәпкіде жинақталған екен. Мұхтар Әуезовтің осындай дәуірлік маңызы бар үлкен ұлы тақырыпқа екі бірдей салада қалам тартып, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі ретінде танылған роман-эпопея, т.с.с. көрнекті көркем туындылар жазып, әрі терең де тегеурінді ғылыми зерттеу еңбектер жазуы - әлемдік әдебиет пен мәдениет, ғылым саласында бұрын-соңды теңдесң, аналогі жоқ таңғажайып тың құбылыстың бірі болып саналары сөзсіз.
М.Әуезовтың ақын Абайға деген көзқарасы Жазушы оны Абай кешірген дәуірдің ақыны, заманы бір, таптық тұрғылары да жақын деп, екеуінің кей тақырыптарын салыстыра қарастырып әлгіндей наразылыққа «Әбубәкір Абайша тұрғыдан қарамайды... әкімнің үлкеніне келгенде қиялап өтеді, қарсымын демейді...» Шәнгерей ақын жөніндегі сөз басқа. Ол – Бөкей ханның тұқымы, хан Жәңгірдің немересі, аз уақыт болса да соңғы хандық құрған Сақыпкерейдің «Нарындағы көк ордада» туған баласы,мұсылманша да, орысша да білім алған сыршыл ақын.
Таптық тұрғыдан ақын орыстың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы күйректік, сарындамашылдыққа, неше түрлі қараңғы күңгірт сезімдерге бой бұрып, діни лирикаға да, елесшілдікке де (символизмге) берілген әдебиет өкілдері сияқты «дәме мен дәрмен, сенім мен үміттен» күдер үзіп, бүгінгіден қашатын «ұлтшыл-байшыл сарындамашыл, дарашыл ақындарының басы болады».
М.Әуезовтің Ресей архивтері мен республикамыздағы қолжазба қорлары мен КСРО Жазушылар одағы мұрағатының «КСРО халықтары әдебиеті жөніндегі комиссия» қорынан табылған қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен декадасы, өзге де шараларда, т.б сөйлеген сөздері, ғылыми баяндамалары, стенограммалардағы сөздері, 1952 жылғы Фрунзеде өткен ғылыми конференцияда «Манасты» қорғауда сөйлеген сөзінен соң басталған саяси қудалау қазақ қаламгерлерінің да қолдауымен өршіп, өз елінен кетуге мәжбүр болуы себепті екі жылдай Мәскеу университетінде оқыған дәрістері мен ғылыми еңбектерінің қолжазба нұсқалары мен тезистері, сан түрлі тақырыптағы жазба пікірлері, эпистолярлық мұралары, түрлі мінбелерден сөйлеген сөздері бүгінде қолжетімді.
Мұхтардың әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы жайлы ойлары тым қызғылықты. Бірақ қазақтың қоғамдық өмірінің дамуы жағдайларына сүйеніліп айтылған бұл ойлар кейін өріс ала алмай, Мұхтардың ұлтшыл ретінде айтылған (1929 - 1932) байланысты тоқталып қалды. Оның алғашқы күрделі еңбегі «Әдебиет тарихы»(1927, Қызылорда) пайдаланудан алынып, идеялық жағынан зиянды кітаптардың қатарына қосылды. Тек Қазақстан дербес тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана «Ұлтшылдық ағын » аяқталып, соған қатысты тиім салынған әдебиеттер ішінде М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (Алматы, 1991) да толық күйінде қайта басылып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет