«Мұғалімнің айналысатыны — үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды…» Ж. Аймауытов


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау



бет5/10
Дата27.09.2023
өлшемі48,4 Kb.
#111111
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
4.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады
4.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, 21 жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:
• жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;
• әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
• тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны (3-кесте) пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. 3-кесте.

Оқушы орындаған әр тапсырма барысында берілген дескрипторды басшылыққа ала отырып, әр оқушы жұмысына кері байланыс жазылып отырады және оны оқушы портфолиосына салынып, жинақталды. (1-сурет)


1-сурет. Оқушы портфолиосы. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Ата – анамен байланыс орнату мақсатында апта сайын оқушының білім деңгейлері туралы хабарлама беріліп отырды. (2-сурет)
2-сурет. Ата – анамен байланыс дәптері
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі біроқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Оқушы білімін бағалауға тоқталар болсам, жаңа білім беру мазмұнында бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Бұл бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін тәжірибе барысында байқадым.М.Сиранов атындағы орта мектептің«Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы» 11.01.2017 ж №36 бұйрықпен 1 — сынып оқушыларының білімін критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлға болып директордың оқу- тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.Тұрымбетова тағайындалып, білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижесін талқылау үшін модерация өткізуге төмендегі құрамда комиссия құрылды:

  1. С.Карентаева –қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  2. А.Молдағалиева – бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігінің жетекшісі

  3. Д.Жантлеуова – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  4. А.Бектурсинова – бастауыш сынып мұғалімі

  5. А.Кабиева – бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты (Оқу-әдістемелік құрал) басшылыққа алып, аудандықбілім бөлімінің ұйымдастыруымен «Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау» атты семинар өткізілді. Ол семинарда — критериалды бағалау жүйесінің терминдері менанықтамалары, қағидаларымен танысып, білім алушылардың оқу жетістіктерін,қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың үдерістерін жоспарлау,ұйымдастыру кезінде мұғалімге көмек болатындай, тәжірибелік ұсыныстармен тоқсандық, жылдық баға қою механизмдері көрсетіліп, түсіндірілді.
Қаңтар айының 12 жұлдызында математика пәнінен алғаш рет бөлім бойынша жиынтық бағалау өтілді. Төменде сол жиынтық бағалау жұмыстарының қортындысы: (3-сурет)
3-сурет. Математика пәні бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы
Оқушылар бұл жұмысқа қызығушылықпен қатынасты. Алдына ала жинақ тапсырмалардан оқушыға тапсырмаларын, бағалау критерийлерін, рубрикасы шығарылды. Жұмыс уақыты 15 минут болатын. Жұмыс жекелеген оқушыларға қиындық тудырды. Дегенмен, әр оқушы қалыптастырушы бағалау кезінде алған білім деңгейлерін көрсете алды. Ата – аналарға осы жұмысқа байланысты рубрикалар таратылып, таныстырылды. (4-сурет)
4-сурет. Рубрика
Әр ата – ана өз баласының жеткен жетістігі мен кемшілігі туралы мәлімет алды. Әр пән бойынша білім алушының жиынтық бағалау кестесі толтырылды. (5-сурет)
5-сурет. Оқушылардың білімін есепке алу бетшесі мен журналы
Сонымен критериалды бағалау бізге не береді деген сұраққа тоқталсам:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет