МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет26/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   155
Меккеліктердің әрекеті
Аллаһ елшісінің сахабаларымен ұмра жасау үшін 
Меккеге келе жатқанын естігенде, қала тұрғындары 
қатты әбігерге түсті. Бәрінің зәре құты қашты. 
Ойламаған жерден хазірет Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
өздеріне қарай келе жатты. Бұл жағдайда 
соғыстың орын алу ықтималдығы болмаса да осы 
жайттың өзі олардың психологиялық тұрғыдан 
қаншалықты әлсіз екенін әйгілейтін жағдай еді. 
Сондықтан да, меккеліктер дереу ақылдастар кеңесін 
жинап, мәселені талқыға сала бастады. Олар:
– Мұхаммед өзі бастаған қолмен келіп ұмра 
жасамақшы екен. Ал арабтар Мұхаммедтің біздің 
төбемізден түскендей баса-көктеп келуін қалай 
бағалайды? Уаллаһи, тірі тұрсақ олардың Меккеге 


64
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
кіруіне ешқашан рұқсат ете алмаймыз, – деп дабыр-
ласты. Сонымен қатар, «ұмра жасауды сылтаура-
тып Меккеге кіріп алып, әскерімен тарпа бас салып 
шабуыл жасайтынын» алға тартушылар да табылды. 
Сөз алғандардың барлығы қалай болғанда да 
мүміндерді Меккеге кіргізбеуге тас-түйін бекінді. 
Отырыс нәтижесінде осы істі Сафуан ибн Умәйя, 
Икрима ибн Әбу Жәхил және Сухәйл ибн Амрге тап-
сырды. Олар барлық мәселеде өздерімен ақылдаспастан 
ешбір қадам жасамайтындықтарын айтып, Құрайышқа 
кепілдік берді. Ең алғашқы кеңеске салған мәселелері 
екі жүз адамдық барлаушы жасақты Қураул-Ғаним 
деген жерге жіберіп, жасақтың басына ержүрек кісіні 
қолбасшы етіп тағайындау жайы болды. Осы ұсыныс 
ортаға тасталғанда құрайыштықтар:
– Оң ұсыныс! – деп оларды құптады. 
Осы шешім қабылдағаннан кейін Халид ибн 
Уәлидтің қолбасшылығымен екі жүз атты жауынгер 
дереу атқа қонды. Олар Қураул-Ғаним деген жерге 
жетіп, Хунұлдары, Бәни Харис, Бәни Абдимәнәх, 
Бәни Мұсталық деген атпен танымал және өздерін 
сол аймақта орналасқан таудың құрметіне Ахабиш 
деп атайтын тайпалармен, сондай-ақ Сақиф деген 
өздерімен көршілес тайпаларды соғысқа дайындық 
жасауға шақыратын болып ұйғарылды. Баратын 
жерлері де белгілі. Қайткенде Бәлдахқа жетулері керек.
Осы тұста құрайыштықтар әсіресе, Ахабиш тай-
паларына түрлі тарту-таралғы жасауды да ұмыт 
қалдырмады. Өзара міндеттеме алып, ең әуелі Дарун-
Нәдуәдан бастап, Сафуан ибн Умәйя, Сухәйл ибн Амр, 
Икрима ибн Әбу Жәхил, Хуайтыб ибн Абдилуззаның 
үйінде тарту-таралғыларды реттестірді. 


65
Ұмра сапары және Хұдайбия
Баратын жер белгілі. Енді сақадай-сай дайын 
болған барша Бәлдахқа келуі қажет. Көп өтпей ша-
тырлар тігіліп, қалай болғанда да мүміндерді осы 
жерден ары қарай өткізбеу үшін мүшріктер ант-су 
ішісті. Құрайыштың әйелдері мен бала-шағалары да 
осы жерге ағылып келіп жатты. Тау төбелеріне белгілі 
бір қашықтықта қарауылдар қойылып, оларға тек 
өздері ғана еститін дауыспен мүміндер келгенде хабар 
берілсін деп нұсқау берілді. 
Олардың осы әбігеріне куә жаңадан мұсылман 
болған Буср ибн Суфян Аллаһ елшісіне келіп өзі көрген 
жайттарды баяндады. Сол кезде мүміндер Усфан 
маңайындағы Ғадирул -Әштат деген жерде келе жатқан 
еді.
– Уа, Аллаһтың расулы! Мына құрайыштықтар 
сенің келе жатқаныңнан хабардар. Сауын түйелері мен 
бала-шағаларын да қастарына алып, қару-жарақ, сау-
ыт-сайманын сайлап отырған жайы бар. Олар Зу-Туада 
өздерінің ордаларын тікті. Сені Меккеге кіргізбеу үшін 
Аллаһтың атымен ант-су ішісіп өзара серт байласып 
жатыр. Халид ибн Уәлид болса екі жүз атты сарбаз-
бен Құраул-ғаним деген жерде күтіп жатыр, – деп, 
жағдайды баяндады. 
Хазірет Бусраның болып жатқан жағдайды айна-
қатесіз жеткізгенінен Аллаһ елшісі мүшріктердің 
психологиялық хал-күйін, олардың қырсылық таныту 
үшін қандай қадамдарға болсын барудан тайынбай-
тынын түсінді. Тіпті Аллаһ үшін деген желеумен 
қылыштарын жалаңдатып, соғысқа дайындалған 
мүшріктердің әрекеттеріне таңданды. Дегенмен 
түптің түбінде осы құрайышты жеңетінін де тілге 
тиек етті.


66
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет