МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет31/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   155
Сыйластықтың нәтижесі
Осылай уақыт өтіп жатқанда Аллаһ расулына ара-
ларында Амр ибн Салим, Хыраш ибн Умәйя, Харижә 
ибн Курз және Йәзид ибн Умәйя сынды кісілер бар бір 
топты ертіп Будәйл ибн Уәркә келді. Бәрі де Хузаға 
тайпасының өкілдері. Хузаға тайпасы мұсылман 
болсын, болмасын үнемі Аллаһ расулына тілеулес, 
сырлас тайпа еді. Адамгершілік тұрғысынан арала-
рында жақсы сыйластық бар еді. Олар Аллаһ расулын 
Тихама аймағында орын алған барлық жағдайдан ха-
бардар етіп, осылайша, белгілі бір деңгейде барлау 
міндетін де атқарып отыратын. Енді міне, ең бір 
шешуші тұста арадағы сыйластық өз жемісін беріп, 
жағдайды өздерінше сарапқа салған Хузаға тайпасы 
Аллаһ расулына көмек қолын соза келіп отырған жайы 
бар еді.
Келген топ сәлем бергеннен кейін Будәйл сөз 
бастап:


79
Ұмра сапары және Хұдайбия
– Біздер, сенің қауымың болып табылатын Қағб 
ибн Луәй және Амр ибн Луәй тайпаларымен біргеміз. 
Олар Ахабиш ретінде танымал маңайдағы тайпалар-
мен қоса өздеріне бағынышты басқа да тайпаларды 
саған қарсы айдап салып отыр. Бәрі тайлы-тұяғымен 
Хұдайбия маңайына келіп орналасыпты. Аллаһтың 
атымен ант етіп, бетке ұстарлары түгел жер жастан-
байынша бір қарыс кейін шегінбейтіндіктерін алға тар-
туда, – деп, сөзін тәмәмдады. 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Будәйлдің сөзін 
байсалды қалпынан айнымай мұқият тыңдады. Келген-
дер құрайыштың не істеп жатқаны жайлы хабар алып 
келумен қоса, Аллаһ елшісінің жағдайын да оларға ба-
яндап, ортаға елшілікке жүретін еді. Сонымен қатар 
бұл құрайыштың алғаш рет мұсылмандармен бейбіт 
келісім орнатуының бастамасы болар еді. Сондықтан 
да, негізгі мақсатты анықтап көрсету қажет. Осылайша, 
мұсылмандардың да абыройын мойындата отырып, бір 
мәмілеге келу аса маңызды еді. 
– Біз ешкіммен соғысуға келмедік, бар болғаны 
Бәйтуллаһты тауап ету үшін келдік. Кімде-кім 
Бәйтуллаһты тауап етуімізге кедергі жасайтын болса, 
солармен ғана соғысамыз. Шынында, қылышқа иек 
артқан әрбір шайқаста құрайыштықтар үлкен зиянға 
ұшырады. Олар барлық соғыста жеңіліс тапты. Егер 
қаласа, өздерін қауіпсіздікте сезінетіндей мұрсат 
беремін. Олар өзге тайпалар мен біздің арамыздағы 
мәселелерге араласпай тыныш отырсын. Егер басқа 
тайпалар мені жеңетін болса, онда көре жатармыз. 
Шындығында, олардың да қалауы осы емес пе? Ал 
егер менің дағуам үстем болып, ол тайпалар мені 
мойындайтын болса, онда олар басқа адамдардың да 
қалап жатқан дінін таңдап, Исламға кіреді. Қаласа, 


80
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қылышқа иек артып менімен соғысады. Әрі осы уақыт 
аралығында тынығып, күш жинап алады. Егер осы 
айтқандарымның ешбірін қабылдамайтын болса, онда 
мына басым тәнімнен бөлінгенше осы дағуам жолын-
да бар күшімді салып күресемін. Күдіксіз, Аллаһ осы 
істе өзінің түпкілікті үкімін береді деп сенемін, – деп, 
Аллаһ елшісі сөзін бітірді. 
Ардақты пайғамбарымызды келген топ мұқият 
тыңдады. Сосын Будәйл қайтадан сөз алып: 
– Айтқандарыңды міндетті түрде құрайыш-
тықтарға жеткіземін, – деді. Содан кейін Будәйл 
бастаған топ құрайыштықтарға қарай аттанып кетті. 
Олардың өздеріне келе жатқанын естіген құрайыш:
– Будәйл мен жолдастары келе жатыр. Құдай 
біледі, осылар тың тыңдап, біздің жағдайымызды 
барлау үшін келе жатыр. Олар келгенде жұмған 
ауыздарыңды ашушы болмаңдар, әрі олардан еш нәрсе 
сұрамаңдар, – деп шуылдасты. Бір демде құрайыш 
демін ішіне тартып, істің ақырын күте бастады. 
Жағдайдың мәз емес екенін байқаған Будәйл олардың 
үнсіздігін көріп амалсыз өзі сөз бастады.
– Біз Мұхаммедтің жанынан келе жатыр-
мыз. Олардың хабарын сендерге жеткізгенімді 
қаламайсыңдар ма? – деді. 
Құрайыштықтардың қатулы қабағы әлі де ашыла 
қоймады. Мұнымен қоймай Икрима ибн Әбу Жәхил 
мен Хакәм ибн Ас алға шығып, жақтырмаған сыңай 
танытып, күбірлей сөйлеп:
– Ол туралы бізге айтатын ешбір хабарыңды 
керексініп тұрған жоқпыз. Сен одан да келген ізіңмен 
кері қайтып, қасық қанымыз қалғанша соғыссақ та 
оны биыл Меккеге кіргізбейтінімізді айтып бар, – 
деді.


81
Ұмра сапары және Хұдайбия
Мүшріктер 
өздерінің 
алған 
беттерінен 
қайтпайтынын, соңына дейін жанжалдасып өтуге, 
ешбір бейбіт келісімге жанаспауға бекінгендерін 
білдірді. Дегенмен, мүшріктер арасында басқаша ой-
лайтындар да бар еді. Осы кезде Уруә ибн Мәсғуд алға 
шығып: 
– Будәйлдің айтпақ болғандарын тыңдаған 
жөн. Егер ұнаса қабылдайсыңдар, ұнамаса қабыл-
дамайсыңдар, мұнда тұрған не бар? – деп сөзге аралас-
ты. Осыдан кейін Сафуан ибн Умәйя мен Харис ибн 
Хишам Будәйлге қарап:
– Жарайды, айтпақ болғаның не еді? Көрген-
білгеніңді тегіс айт! – деді.
Мүшріктер ақыры сөз берген еді. Ендеше, осы 
мүмкіндікті өте ұтымды қолданып қалу қажет.
– Сендер асығыстық жасап, Мұхаммед жайлы 
шала шешім қабылдап жатырсыңдар. Ол соғысу үшін 
емес, ұмра жасау үшін келе жатыр екен, – деді. 
Будәйл құрайыштықтарға Аллаһ елшісінің өз ау-
зынан естігендерін түгелдей айтып берді. Мәжілістің 
райы енді өзгере бастады. Бәдір, Ұхыд және Хандақ 
соғыстарының жарасы әлі де болса жазыла қоймаған 
еді. Осындай жағдайда соғыстан басқа да балама 
жолдардың бар екеніне қатысты үміт оты жылт ете 
қалғандай болды. Осы тұста тәжірибелі Уруә қайтадан 
алға суырылып шығып:
– Ей, Құрайыш! Сендер менің айтқаныма 
күдікпен қарап, күмәнданған кездерің болды ма? – 
деп сұрады. Жиналған жұрт бірауыздан: 
– Жоқ! – деп жамырай жауап қатты. Уруә осы 
сөзімен бірдеме айтпақ болғаны белгілі еді. Сол жерде 
жиналған жұрт пен Уруә арасында мынадай әңгіме 
өрбіді:


82
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Сендер менің әкемнің орнындасыңдар, солай 
емес пе?
– Иә, дәл солай.
– Мен сендердің балаларыңдаймын, солай емес 
пе?
– Мұның да жөн делік.
– Естеріңде ме, бірде балаларым мен бағынышты 
қызметшілеріммен 
бірге 
сендерге 
көмектесу 
үшін Указдағы адамдарға сендерден іргесін аулақ 
салдырғанымды ұмытпадыңдар, солай емес пе?
26
– Иә, дұрыс айтасың. Солай жасағаның рас. Ара-
мызда ешкім сенің шынайылығыңа күдік келтіре ал-
майды. 
– Ендеше, бүгін мен сендерге бір кеңес айтқым 
келеді. Жақсы көретінімді өздерің де білесіңдер. 
Сендердің жақсылықтарыңды ғана ойлаймын, 
Сондықтан сендерге пайда келтіретін ешбір жайды 
сендерден жасыра алмаймын. Негізінде, Будәйл сен-
дерге өте пайдалы және ақылды бір ұсыныспен келіп 
отыр. Мұндай ұсынысты тек ақылы жоқ надандар 
ғана қабылдамас болар. Осы ұсынысты қабылдаңдар. 
Ал мені осы айтылғандардың дұрыс-бұрыстығын тек-
серу үшін елші етіп жіберіңдер. Осылайша мәселенің 
анық-қанығын сендерге біліп беремін. Оның айнала-
сында не болып жатқанын біліп қайтайын. Сендердің 
тыңшыларың ретінде барып, сендерге жаңа ақпар 
жеткіземін.
26
Уруа ибн Мәсғудтың анасы құрайыштық Субәйя бинти Абдишәмстің 
қызы болатын және «Менің анам сендердің қыздарың, осы тұрғыдан 
мен де сендердің балаларың саналамын» деген мағынада осы сөзді 
айтқан болса керек. Қараңыз: Ибн Хишам, Сира, 4/280; Табари, Тарих, 
2/118. 


83
Ұмра сапары және Хұдайбия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет