МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет30/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   155
Жаңбырдың берекеті және ескерту
Сол күні Хұдайбияда жұртқа қуаныш сыйлап 
жауын жауды. Қурап, кеуіп кеткен өсімдіктер 
дүр сілкініп, құрғақшылықтан әбден қаталаған 
жәндіктерде де тіршілік нышаны байқала бастады. Бұл 
жағдай мүміндер үшін де Аллаһтың рақымдылығы-
ның анық көрінісі еді. Алайда, барша жұрт дәл осын-
дай деңгейде сезімталдық таныта алмады. Дер кезінде 
келген осынау иләһи берекетті дұрыс парықтай 
алмаған парықсыз жандар болған мән-жайды түрлі 
себептерге теліп, жауынды жауғызған Ұлы Құдіретті 
парықтап тани алмады. Әсіресе, Абдуллаһ ибн Убәй 
ибн Сәлул сынды белгілі табаны бүрсіз жандар:
– Бұл күз айларында кездесетін табиғи құбылыс 
болса керек. Оны біздерге Шираа жұлдызы жаудырған 
болуы мүмкін, – деген сөз тарата бастады. Аллаһ тағала 
үсті-үстіне осыншама нығметтер нәсіп етіп жатқанда, 
барлық нәрсені өздеріне тарту еткен Ұлы Құдіретті 
парықтап, ұғына алмау расында өкінішті жағдай еді.
Аллаһ елшісі таң намазын оқытып болғаннан 
кейін сахабаларына бұрылып:
25
Сол күні Хұдайбияда су оқиғасынан басқа да мұғжизалар болған. 
Қараңыз: Бұхари, Сахих, 3/1311 (3384); 4/1525 (3919); Ахмед ибн 
Ханбәл, Мүснәд, 4/290; Ибн Хиббан, Сахих, 11/126 (4801); Салихи, 
Субулул-худа уәр-рәшад, 5/73. 


77
Ұмра сапары және Хұдайбия
– Раббыларың сендерге не айтып жатқанын 
білесіңдер ме? – деп сауал тастады. Пайғамбарлық 
тәрбиені көрген жан-жүрегі пәк абзал жандар мұндай 
сауалға қалай жауап қататыны белгілі еді. 
– Аллаһ және расулы ең дұрысын біледі!
Сөз кезегі қайтадан Аллаһ расулына келген бола-
тын. Ол жағдайды жалпы жұртқа арналғандай етіп, 
ешкімді бөліп-жарып ренжітпестен айтпақ болған 
ойын ортаға тастады. Әуелі:
– Аллаһ былай бұйыруда, – деп сөзін баста-
ды. Тағы да Жәбірейіл-Әмин келіп, көктердің арғы 
жағынан жаңа хабарлар жеткізгені белгілі болып еді. 
Әрбір жаңа оқиғада иләһи бұйрықтарға қарай әрекет 
етуге ыждағаттылық танытатын сахабалар жамағаты 
Аллаһ елшісіне мұқият құлақ түрді. Пайғамбарымыз 
сөзін ары қарай жалғастырып:
– «Құлдарымның арасында кейбірі мүмін, кейбірі 
кәпір болған күйде таң атырды. Мүмін болып таң 
атырғандар: «Аллаһтың тартуы және рақымының 
арқасында жауын жауды» дегендер. Міне, олар 
Маған иман келтіріп, жұлдыздардың ықпалын 
жоққа шығарғандар. Ал енді «мына жұлдыздардың 
арқасында бізге жауын жауды» дейтіндер болса, олар 
Мені жоққа шығарып, жұлдыздарға иман келтірген 
бейбақтардың нақ өзі!» – деді.
Осы сөзімен, Аллаһ расулы ешкімнің атын атап, 
түсін түстеместен, ешкімді бөліп жарып ренжітпестен 
біреулердің жаңсақ сенімін түзетіп, себептерге ал-
данып, «Мусәббибул-Әсбап» болып табылатын 
себептердің Жаратушысын парықтай алмау сынды 
адасушылыққа беттемеуі үшін сахабаларына ескерту 
жасады. 


78
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Осы кезде сахабалар арасынан Амр ибн Салим мен 
Буср ибн Суфян Аллаһ расулына қой мен түйе сыйлады. 
Содан кейін хазірет Амр осыған ұқсас бір сыйлықты 
жақын досы Сағд ибн Убәдәға да тарту етіп, кейін 
ол сыйлықты Аллаһ расулына сыйлады. Осы жайтқа 
қатысты пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Амр мына отарларды да бізге сыйлады. Аллаһ 
тағала Амрдың берекетін арттырсын! – деп дұға етті. 
Содан кейін сыйға келген малдар бауыздалып, етін 
сахабалар арасында таратуды бұйырды. Бауыздалған 
қой мен түйе етінен өзі де басқалармен теңдей үлес 
алып, осылайша қиын-қыстауда бірге болумен қоса, 
молшылық кездерде де мүмін жүректердің бірге 
соғатынын паш етіп, жұртқа өшпес өнеге көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет