Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Қызметкерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айрысудың құжаттық рәсімделуі



бет33/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
1.Қызметкерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айрысудың құжаттық рәсімделуі.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасында зейнетақылық қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлер мен қызметшілердің жалақысынан мынадай есептеулер мен ұстап қалуларды жүргізеді:
жеке табыс салығы - есептеу мынадай тізбекпен көрсетіледі: 3241«Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» қосалқы шотының дебеті және 3121 «Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
міндетті зейнетақы жарналары: 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме қызметкердің жазбаша өтініші негізінде, кейіннен мақсатына сай аудара отырып қызметкерлер мен қызметшілердің жалақысынан мынадай ұстап қалуларды жүзеге асырады:
мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеуге: 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3245 «Кәсіподақтық мүшелік жарна сомаларын қолма-қол емес аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
банктерге салымдар бойынша шоттарға: 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3247 «Банктерге салымдар бойынша шоттарға аударылған қолма- қол ақшасыз аударымдар бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін төлеуге: 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен банктен алынған несиені өтеуге: 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Ұстап қалулар сомасын аудару 3121 «Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3245 «Кәсіподақтық мүшелік жарна сомаларын қолма-қол емес аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3247 «Банктерге салымдар бойынша шоттарға аударылған қолма-қол ақшасыз аударымдар бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» немесе 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» тиісті қосалқы шотының дебеті бойынша және 1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ», 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет