Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Резервтік капиталды құру және пайдалану (жұмсалыну) тәртібі



бет41/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
3.Резервтік капиталды құру және пайдалану (жұмсалыну) тәртібі.
Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалауға резервтерді есептеу мен есептен шығару тәртібі осы Ереженің тиісті кіші бөлімдерінде анықталған.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотында есепті жылдағы мемлекеттік мекеменің кірістері мен шығыстарының сомасын жабу нәтижесі көрсетіледі, бұл ретте мынадай корреспонденциялар жүзеге асырылады:
5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының дебеті және Шоттар жоспары шығыстарының тиісті қосалқы шотының/шотының кредиті;
Шоттар жоспары кірістерінің тиісті қосалқы шотының/шотының дебеті және 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті.
5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шотында есепті жылды қоса алғанда мемлекеттік мекеме қызметінің барлық кезеңіне ұлғаю нәтижесімен қаржылық қорытынды көрсетіледі және мынадай жазбамен көрсетіледі:
5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шотының дебеті және есепті жылдың теріс қаржылық нәтижесі болған кезде 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті;
5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының дебеті және есепті жылдың оң қаржылық нәтижесі болған кезде 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті.
Ағымдағы кезеңде өткен жылдардың қателерін түзету 5220 «Алдыңғы жылдардағы қаржы нәтижесі» шотын қолдана отырып жүзеге асырылады.
- ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шоттары бойынша есепке алу Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.
- ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Тақырып 14. Баланстан тыс шоттардың есебі


Дәріс 27
1.Баланстан тыс шоттарда есепке алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет