Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Тақырып 15.Қаржылық есепті құру тәртібі



бет44/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Тақырып 15.Қаржылық есепті құру тәртібі.
Дәріс 29
1.Қаржылық есепті дайындау қағидалары.
2.Қаржылық есепті ұсынудың талаптары.
3.Бухгалтерлік шоттарды жабудың тәртібі.
Дәріс 30
1.Мазмұны мен құлылымына сәйкес қаржылық есептілікті толтыру тәртібі.
2.Шоғырландырылған қаржылық есептілік.

Қызметтің есептелуі мен үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың қағидаттары болып табылады. Есептеу қағидаты төлем уақытына қарамай, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі. Қызметтің үздіксіздігі қағидаты мемлекеттік мекеме болашақта жұмыс істеуге ниетті екендігін, қызметті жою қажеттілігі немесе қызмет ауқымын анағұрлым қысқартуғп болмайтынын білдіреді. Егер мұндай ниет немесе қажеттілік болса, онда қаржылық есептілік арнайы ереже бойынша жасалады. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сеніміділік пен салыстырмалық болып табылады.


Операциялар мен оқиғалар есепке алу құжаттамасында тіркеледі және олар жататын кезеңдердің қаржылық есептіліктерінде танылады. Қаржылық есептілік операциялар мен басқа оқиғалардың қаржылық нәтижелерін олардың экономикалық сипаттамаларына сәйкес негізгі санаттарға (қаржылық есептілік элементтеріне) топтай отырып көрсетеді.
Активтер, міндеттемелер және капитал қаржылық есептіліктің қаржы ережесін бағалауға байланысты элементтері болып табылады.
Кірістер мен шығыстар қаржылық қызмет нәтижелері туралы есепте қызмет нәтижелерін тікелей өлшеуге байланысты элементтер болып табылады. Активтерге өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеменің бақылауындағы ресурстар жатқызылады, олардан болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеует күтіледі. Активке негізделген болашақ экономикалық пайдалар түрлі жолдармен түсуі мүмкін. Актив жеке немесе басқа активтермен үйлесімділікте тауарларды өндірген және қызметтер көрсеткен кезде басқа активтерге айырбастала, міндеттемені өтеуге қолданыла алады. Тауарларды өндіру және қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, бірақ ақша қаражатының таза түсімін тікелей қамтамасыз етпейтін активтер сервистік әлеуетті білдіреді. Актив мынадай өлшемдердің кез келгеніне сәйкес келген жағдайда айналымды (қысқа мерзімді) ретінде жіктеледі:
оны сату немесе іске асыру ұйғарылады немесе ол қалыпты операциялық цикл барысында қолдануға арналған;
ол негізінен сауда мақсаттарына арналған;
есепті кезеңнен кейін 12 ай ішінде оны сату ұйғарылады; немесе есепті кезеңнен кейін кем дегенде 12 айға міндеттеме бойынша есептеу үшін айырбастау немесе қолдану рұқсат етілсе – бұл ақша қаражаты немесе ақшалай баламалар.
Барлық өзге активтер ұзақ мерзімді (айналымнан тыс) ретінде жіктеледі.
Мемлекеттік мекеменің реттелуі экономикалық пайданы немесесервистік әлеуетті қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соқтыратын өткен оқиғалардан туындайтын елеулі міндеті міндеттеме болып табылады.
Бар міндеттенді реттеу екінші тараптың талаптарын қанағаттандыру үшін әдетте мемлекеттік мекемеден экономикалық пайдасы бар ресурстардың ағып кетуіне байланысты. Бар міндеттемені реттеу ақша қаражатын төлеумен басқа активтерді берумен, қызмет көрсетумен не бір міндеттемені басқасымен айырбастаумен жүзеге асырыла алады.
Міндеттеме сондай-ақ кредит берушінің өз құқықтарынан бас тарту немесе оны жоғалту сияқты басқа құралдармен өтелуі мүмкін. Міндеттеме мынадай кез келген талаптарды қанағаттандырғанда қысқа мерзімді ретінде жіктеледі:
оны өтеуді қалыпты операциялық цикл шегінде жүргізу ұйғарылады;
ол негізінен сауда мақсаттарына арналған;
ол есепті кезеңнен кейін 12 ай ішінде өтелуі тиіс; немесе
есепті кезеңінен кейін кем дегенде 12 айға субъект міндеттемені өтеуге мерзімін өткізіп алуға шарттсыз құқығы болмағанда.
Барлық өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі. Барлық міндеттемелерді алып тастағаннан кейін қалатын активтердегі үлес таза активтер/капитал болып табылады.
Тану бапты сөзбен сипаттауды және оның ақшалай шамасын және осы соманы қаржылық жағдай туралы есеп немесе қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп қорытындыларына енгізуді қамтиды. Тану өлшемдеріне жауап беретін баптанды мойындамау пайдаланылатын есеп саясатын ашумен де, ескертулермен де өтелмейді.
Қаржылық есептілік элементінің анықтамасына жауап беретін бап егер:

  1. бапқа байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті субъекті алады немесе жоғалтады деген ықтималдық болғанда;

  2. объектіні сатып алуға немесе құнына іс жүзіндегі шығындар сенімді өлшенгенде танылуы тиіс.

Қаржылық есептілік элементтерінің арасындағы өзара байланыс нақты элемент, мәселен актив үшін тану анықтамасына және өлшемдеріне жауап беретін бап автоматты түрде екінші бір элементті, мәселен табыс немесе міндеттемені тануды талап етеді дегенді білдіреді. Қаржы жылы жылдық қаржылық есептілік үшін есепті кезең болып табылады. Қайта құрылған мемлекеттік мекеме үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңде басталады.
Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беріледі.
Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікті жасауы және беруі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет