Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет35/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Байланысты:
treatise527

Есептік сан есімдері 
Дара тұлғадағы есептік сан есім:
Алдыңғы бəйге түйе бастатқан тоғыз, екінші жамбы бастатқан тоғыз. Осы 
сөйлемдердің бірінші сыңарының баяндауышы тоғыз, екінші сыңарының 
баяндауышы да тоғыз сан есімдері сөйлемді тиянақтай келе түйе бастатқан, 
жамбы бастатқан бастауыштарымен предикаттық қатынасқа түсіп отыр. 
–Күрделі тұлғадағы есептік сан есімдері: Бір Тəкежанда қазір сегіз жүз 
жылқы бар екен. Жиреншеде сегіз жүз. Оразбай мың бес жүзге жеткізіпті. 
3. Жетісуда – алты жүз мың. 4. Торғай облысында үш жүз отыз сегіз мың. 
5Солар саны елу-алпыс. 


66
«Есептік сан есімдердің ішінде бір сөзінің алатын орны ерекше. Бір сөзі 
есептік сан есімдерден жаңа сөздер жасайтын амал-тəсілдердің бəріне 
түгелдей қатысады. Осымен тынбай, бұл сөзден басқа қосымшалар арқылы 
да əр түрлі жаңа формалар (сөздер) жасалады. Сонымен қатар, бір сөзінен 
лексика-семантикалық тəсіл арқылы басқа сөз табына ауысқан формалар да 
бар» [43, 201-202 бб.]. Бір сөзінің осылайша əр тарапты болып келуі оның 
лексика-семантикалық жəне грамматикалық ерекшелігі мол екеніне
қолданылу өрісінің орасан көп жəне жан-жақты екендігіне əрі көрнекті дəлел 
де, əрі соларға байланысты роман-эпопеяда бір сан есімі арқылы жасалған 
есімді сөйлемдер мол кездеседі. 1. Ендігі керді тап өзі көреді. Өз басы 
көреді! Ал Керей, Уақтың малын берсін! Бергіземін! Ертең үстіңе сияз 
құрғызамын. Бұл бір. 2. Қайта, болыс болмай сыртырақ отырса, бар 
Тобықтыға өз əмірі молырақ жүрмек, ол бір. 
Тəуелдік жалғаулы есептік сан есім: 
Шарды түбінде елубасылар салып болған соң, санайтын ұлықтың өзі 
болмайды, осы мынау, столда отырған екі тілмаштың бірі.
Қарашоқының күнбатыс жағы, бұрынғы Қодар қыстауының арғы жапсары 
Торғай руына тиісті. Құлыншақ – сол Торғайдың басты кісісінің бірі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет