Microsoft Word Послед doc


 Сын есімді есімді сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет33/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67
Байланысты:
treatise527

2.1.2 Сын есімді есімді сөйлемдер 
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, 
еншісі де мол сөз табы – сын есім. Семантиқалық жағынан зат есім əр алуан 
заттық ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, 
сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің 
лексика-грамматиқалық тобы ретінде бөлінеді [43, 166 б.].  
Сын есімдер табиғатында затқа қатысты анықтауыштық қатынаста 
жұмсалуы тиіс. Дегенмен сын есім сөйлемде тек анықтауыш сөйлем мүшесі 
ғана емес, заттанып толықтауыш, бастауыш сол сияқты пысықтауыш 
қызметінде жұмсалады. 
Сын есімдердің əсіресе соңғы кезде көп жұмсалатын түрі оның сөйлемде 
тиянақты баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Міне оның осы қызметте 
жұмсалуы оның есімді сөйлемді құраудағы басты ерекшілігі болып табылады. 
Сонда сын есімдер сөйлемнің соңында келіп, баяндауыш қызметінде 
жұмсалу негізінде өз бастауышымен предикативтік қатынас құрайды да, есімді 
сөйлемнің негізгі арқауы жасалады. Ондай кезде сын есімдер сапалық, 
қатыстық, түрлі шырай формаларында да қатысады [56, 87 б.].
Сын есімдер – сөйлемде əсем ойдың көрікті көрінісі сияқты жұмсалатын 
сөз табы. Сын есімнің сөйлем соңында баяндауыш қызметінде жұмсалуы 
тілімізде тарихи жағынан ерте қалыптасқан сияқты. Басқа сөйлем мүшелері 
сияқты сын есімдер де сөйлем соңында жұмсалып, сөйлемді тиянақтауда 
өзіндік орын алады.Осының негізінде енді есімді сөйлемдердің аясы кеңейгенін 
көреміз. Сын есімдер есімді сөйлемдер жасауда зат есімдердей болмағанымен, 
сан есімдерге қарағанда «Абай жолы» роман – эпопеясында мол. Сын есімдер 
баяндауыштық қызметте сапалық та, қатыстық та түрде дара, күрделі құрамда 
келеді. Осы негізде сын есімдердің баяндауыш болуы, оның тұлғалық 
ерекшеліктері жəне есімді сөйлемдердің семантикасының да айқындалуы зат 


62
есімді баяндауышқа қарағанда енді басқаша мақсат тұрғысынан сөз 
болатыныны белгілі.  
Ол үшін сын есімді баяндауыштардың жасалуын көрсетелік. Роман 
эпопеядағы сапалық сын есімдердің жай түрі: ұзақ, сұлу, жақын, үлкен, кең, 
суық, жас, салқын, ашық, ыстық, əсем, жаман жəне т.б. жиі кездеседі. 
Мысалы: Туыс жағынан алғанда, Бөжей мен Сүйіндіктен гөрі Құнанбайға 
Байсал жақын. Түсі ақсұр келген, өзі қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей- 
осы отырғанның бəрінен де сұлу. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие 
бауы, ауыл қонысы, қой өрісі – барлығы да соншалықты таныс, жақын. Оспан 
əкесі ұрғанда жыламаса да, шешесі ұрған уақытта тіпті жылауық. 
Қарқаралыдан Шыңғысқа шейін жүретін жер ұзақ. Осы сөйлемдердегі 
бастауыштар Байсал, қой өрісі, жол сөздері таныс, жақын, ұзақ 
баяндауыштарымен бірлікке, қашықтықта, өлшемге, мезгілге байланысты 
ойларды білдіруге арналған. Керісінше Бөжей, шешесі – бастауыштары сұлу, 
жылауық баяндауыштарымен предикативті қатынаста бүткіл сөйлем əрі табиғи 
қасиетін жəне мінез түрін де көрсетеді.
Сын есімнің шырай тұлғасында келген сапалық сын есімдер 
Салыстырмалы шырай тұлғасының –ырақ, -ірек жұрнақтары арқылы
Абай тіккізген үйлер қазірде бұл өлкедегі қонаққа арналған үйдің бəрінен 
оқшауырақ. Түменде оқу орындары бұдан артығырақ. Көбінің сүйетіні тымақ 
ішік болса керек, сол көбірек.
–дау, -деу, –тау, -теу жұрнақтары: Қаратай болса, бұлардың барлығына 
алыстау. Кей жерлері Пушкинше емес, қатаңдау. Барлық қалың елдің ішінде 
екі-үш ауылдың көші ала бөтендеу. Қырыс қабақ, қою қастың астында көзі еті 
де қалыңдау, томпақтау. Осы жұрнақтармен жасалған сын есімді сөйлемдер 
жиі кездеседі деп айтуға болады.
-шыл, -шіл, -ғылт, -ғыш жұрнақтары арқылы: Көзінің жүзі ақшыл, не 
қызғылт сарғыш. 
Күшейтпелі шырай тұлғасында келген сын есімді есімді сөйлемдер: Отты 
сұлу көздерінің ақ, қарасы əлі де тап- таза. Дене күші бітсе де, түрі сап-сау
Құнанбай қоршауында ол екеуі қажып талған түрлерімен, ашаң, жүдеу 
жүздерімен өзгеше сұп-сұр
Асырмалы шырай тұлғасында кездескен сын есімді есімді сөйлемдер
Биылғы күз аса салқын. Ол Кəмшат кеткелі қатты жүдеу. Торғай руының ең 
жуаны. Жоғарыда аталған сөйлемдерде көбіне мекендік, мезгілдік қасиеттерді, 
табиғи қасиетін айқындайды. Сын есімдер есімді сөйлемдердің баяндауышы 
қызметінде сапалық, қатыстық түрінде жұмсалып қоймай, түрлі жалғауларда 
тұрып та сөйлемді тиянақтауы баршылық. 
Сын есімдердің жіктік жалғауда келуі сөйлемді тиянақтайды: Айтқаным 
айтқан, жазықтысың, арамсың... 
Сын есімдердің тəуелденіп келуі арқылы: Құнанбай - өз басы шешеден 
жалғыз, бəйбішенің жалғызы. Парақорлық – кітап айтатын күнəнің үлкені... 
Торғай руының ең жуаны. 


63
Қатыстық сын есім арқылы жасалған сөйлемдер: Қатыстық сын есімдер 
тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың 
сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті 
мен сипатына, мекен мен мезгілге жəне басқа да сол сияқты белгілеріне 
қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Қатыстық сын есімдердің ішінде 
сөйлемнің соңында сөйлемді тиянақты етуде келесі жұрнақтар арқылы 
жасалған сөйлемдерді көрсетсек. 
Есімдерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар арқылы жасалған 
сөйлемдер: 
-лы,-лі: Көкшіл түсті үлкен көздері əрі салқын, əрі сыр берместей сабырлы. 
Ол Құнанбайға өкпелі. Əсіресе Ырғызбай іші аман Қыстаулық жері сайлы
-ды, -ді,-ты,-ті жұрнақты: Ендеше, өлімнен ұят күшті. Даусы соншалық 
зілді, сөзі сондай салмақты. Жылтырай таралған қалың шашы, қызғылт реңді
-дай, -дей, -тай, -тей. Мысалы: Бұл көріністегі Оспан Тобықтының бүгінгі 
ортасында ешкімге ұқсамаған, алып батырдай. Олардың қасында ақтарылып, 
ағылып отырған кең сабадай. Самғап ұшар жанның жеңіл əсем қанатындай. 
Олар, анау көрініп тұрған екі Ақшоқы биігіндей ...Қайнауы жеткен ашу қызуы 
жеткен құрттай. Бұл күндерде Құнанбай мен жаңа болыстың мінезі, - 
тырнағына тышқан ілінген мысықтай. 
-сыз,-сіз жұрнақты. Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың барінде жақсы 
болғанмен, дəл күздігүні жайсыз-ақ. Бұл сөйлемдегі жайсыз сын есіміне ақ 
күшейткіш демеулігінің тіркесуі арқылы жасалған. Сонда бұл сөйлемнің, 
біріншіден, тиянақтылығы алдыңғы сөйлемдерге қарағанда нақтылау, өйткені 
ондай тұлғалы сын есімдер сөйлемнің ішінде келіп, ешбір сөзбен 
анықтауыштық қатынаста жұмсалмайтыны белгілі. Сондықтан бұл тұлғалы сын 
есімдер тек сөйлемнің соңында ғана келуі керек. Екіншіден, семантикалық 
жағынан да бұл сөйлем алдыңғы сөйлемдерге қарағанда нақтылық басым. 
Қазірде Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдə да сондай жалынсыз
Желісі бір түрлі қатты, мазасыз. Қонақ үйі шешелер үйіндей емес, сыртынан 
да салқын, үнсіз. Бірақ олардың айтуы Абайдай емес, дəмсіз, үстірт
–шаң, -шең жұрнақтары арқылы: Жас балалар, жас қыздар да бойшаң, 
денелері кесектеу, қол-аяқтарының бітістері де балғын, сом келгендей. Екі көзі 
ашушаң, ойнақы келіп, үнемі шатақ іздеп тұрғандай
–дас, -дес. Мысалы: Айғыздан туған Смағұл Оспанмен түйдей құрдас. 
Есімдерден сын есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар арқылы жасалған 
сөйлемдер: -ыл, -іл: Бірақ, үні зор, лебі екпінді, батыл. -қой жұрнағы арқылы: 
Соның бəрі шетінен қалжыңқой, ашық. 
Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар арқылы жасалған 
сөйлемдер: 
-ыңқы, -ңқы- жұрнақтары: Ақсұр жүзі жабыңқы. Өңшең тон, шекпен 
киген сұрғылт топтың пішіні де, қазіргі күздің сұрғылт, жабырқау аспаны 
сияқты күңгірт, салбыраңқы. Олар жаңағы интернаттың төрт баласынан сəл 
қалқыңқы.


64
–уық, -уік. Мысалы: Оспан əкесі ұрғанда жыламаса да, шешесі ұрған 
уақытта тіпті жылауық . 
–шақ,-шек жұрнақтары: Тартысуға да қорғаншақ, шабуға да мүгедек болып 
қалды. Бірақ байқап қараса Тоғжан тіпті ұялшақ. Соңғы сөйлемнң 
баяндауышы тіпті ұялшақ асырмалы шырай тұлғасында келген. Олар əрі 
қызғаншақ, əрі жорымтал, аңдығыш. –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: Көргісі келмейді, 
əсіресе танығанын айтқыш емес. 
Етістіктерден сын есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар арқылы 
жасалған сөйлемдер: 
–ғы, -гі жұрнақтары: Өзі күлдіргі
–ғыр, -гір жұрнақтары арқылы: Сөзге жүйрік мінезбенен іске де алғыр. 
Сын есімдердің есімді баяндауыш қызметінде сөйлемді тиянақтауы роман-
эпопеяда мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет