8
1 ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ СИНТАКСИСТІК ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ
1.1 Тіл біліміндегі есімді сөйлемдер, олардың зерттелуі
Қазақ тіл білімінде ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап синтаксистің
объектісі сөз тіркесі жəне сөйлем болса, соның
ішінде сөйлемнің орны қай
жағынан болса да ең елеулі орын алады деп айтуымызға болады. Тіл – қарым-
қатынас жасаудың құралы да, сөйлем - сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын
айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы əр алуан, əрқилы болғандықтан, соларды
айту үшін жұмсалатын сөйлемдер, олардың құрамы да түрлі-түрлі болады [1,
106-107 бб.].
Сөйлем синтаксистік конструкциялардың ішкі құрылымдық ережесі
негізінде ұйымдасқан коммуникативті бірлік ретінде адам ойын бейнелейді.
Грамматикалық бірліктер арқылы өмірдің нақты көрінісі бейнеленетін
сөйлемде, олардың лингвистикалық сипаттамасы тұрғысынан келгенде
зерттеушілер арасында сөйлемнің лингвистикалық құрылымы төңірегінде түрлі
көзқарастар қалыптасқан.
Тіл біліміндегі сөйлем туралы, оның түрлері жөніндегі түрлі көзқарастарға
қарағанда, олар бір біріне қарама-қарсы болып келеді, енді бір пікірлер бірін-
бірі толықтырып, жинақтау сипатына ие.
Сөйлем, оның ережелері туралы пікірлер өте көп. Сөйлемге берілген
анықтамалар мен олардың белгілерін атауда
тіл білімінде мына белгілер
анықталған: предикативтілік, модальділік, коммуникативтілік, интонациялық.
Профессор М. Балақаев сөйлемге мынандай анықтама берді: «Предикаттық
қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегін
сөйлем дейміз» – дейді [1, 16 б.]. Бұл анықтамадан предикаттық қатынас
арқылы сөйлем бастауыш, баяндауыш негіз болатынын басты өлшем болу
керек. Лингвистикалық əдебиеттерде баяндауыш қызметін етістік сөз табы
атқарады деген көзқарас басым болып, есім сөздердің баяндауыштық қызметі
ұзақ жылдар бойы назардан тыс қалып келді. Дегенмен барлық синтаксистік
еңбектерде сөйлемнің түрлеріне қатысты, баяндауыштың
жасалуына қатысты
есім сөздер туралы айтылып отырды.
Қазақ тілінде сөйлемдердің зерттелуі ХІХ ғасырдан басталды деп айтуға
болады.
1839 жылы Қазан қаласында басылып шыққан А.К. Казамбектің
«Грамматика турецко-татарского языка» деген еңбегінде синтаксис мəселесін
«Общее словосочетание» (ІІІ бөлімі) түрінде ат беріп қарастырған. Негізгі
тарауларда сөздердің байланысы (словосочетание), есім мен етістік сөздердің
(не
формаларының)
синтаксистік
қызметі
сөз
болады.
Автор
«Словосочетаниені»
немесе
синтаксисті
логиканың
этимологиясымен
байланысу (тіркесу) тəсілі деп түсінеді. Демек, «Словосочетаниенің»
грамматикалық жəне логикалық тұрғыдан қаралатынын ескертеді» [2, 393 б.].
Ал сөйлем туралы «Кіріспеде» мынадай қысқаша түсінік берілген:
«…предложение или суждение о
предмете посредством сочетания нескольких
слов» [2, 394 б.]. Сөйлем мен байымдау (суждение) бір-біріне тепе-тең болып
9
алынады. Сонымен бірге, сөйлемнің бастауыш пен баяндауыштан құралатыны,
баяндауыштың бастауышқа байланысты мағына білдіретіні аталып кетеді.
Сондай-ақ осы еңбекте бастауыш пен баяндауыштың қандай сөздермен
жасалатыны жəне қандай типті болатыны көрсетілген.
Баяндауышты дара түрі туралы былай дейді: «Несоставным могут быть:
1. Имена
существительные,
как
собственные,
так
нарицательные,
собирательные
и
отвлеченные,
определяющие
или
объясняющие
подлежащего… 2. Имя
прилагательное, прямо определяющее качество или
состояние подлежащего. 3. Местоимения личные и притяжательные... 4. Имена
числительные… 5. Неопределенное наклонение всякого глагола… 6. Наречие
вообще» [2, 415-416 бб.].
Баяндауыш аталған сөз таптарынан болады деп, бірақ сол сөз таптарының
кейбір мағыналық, морфологиялық өзгешеліктері ескертілмейді. Ал, етістік
тұлғаларынан болатын баяндауыш туралы айтылмаған.
Профессор Қазамбектің осы еңбегі қазақ тіліне тікелей қатысты болмаса
да, түркі тілдерін зерттеуде ерекше орын алады. 1861 жылы Қазан қаласында
А.К. Қазамбектің шəкірттері шығарған Н.И. Ильминскийдің «Турецкая
хрестоматиясының» ІІІ томы тікелей қазақ тілін зерттеуге арналды.
Қазақ тілін зерттеуде, оның ішінде грамматиканың ең күрделі саласының
бірі синтаксис саласын зерттеген ғалым, профессор П.М. Мелиоранский болды.
Ғалым өзінің «Краткая грамматика казах-киргизского языка»
деген еңбегінде
қазақ тілінің синтаксисін зерттеп, көбінесе жай сөйлемге, ал құрмалас сөйлемге
азырақ тоқталады.
Профессор П.М. Мелиоранскийдің «Синтаксисінде» сөйлем құрылысы,
бас мүшелер жайында былай айтылған: «При плавной, спокойной речи простые
предложения состоят по крайней мере из двух членов: подлежащего и
сказуемого; как подлежещее, так и именное сказуемое стоят в именительном
падеже, и подлежащее стоит обыкновенно перед сказуемым. Сказуемым могут
быть имена и глаголы. Если сказуемое выражено посредством имени (а равно
именной глагольной формы), то для показания связи между ним и подлежащим
употребляются при 1-ми 2-м лице обоих чисел предикативные местоименные
аффиксы, а при третьем лице обоих чисел частица «-ды», «-ді» и т.д. Эти
аффиксы, а особенно частица «-ды», «-ді», иногда опускаются.
Примечание. Если при именном подлежащем сказуемое выражено именем
прилагательным, то при нем обыкновенно повторяется имя, служащее
подлежащим.
Например, «Твоя лошадь хороша» по-киргизски будет «Сенің
атың жақсы ат» [3, 1-2 бб.].
Бұл еңбекте жай сөйлемнің құрылысы, жұмсалу ерекшеліктері, бастауыш
пен баяндауыштардың морфологиялық, синтаксистік тұлғалары тар көлемде
болса да анықталмаған.
Cөйлем түрлері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеу
сондай-ақ А. Байтұрсынов атымен де байланысты. 1925 жылы
Қызылорда
қаласында басылып шыққан «Тіл-құралдары» (үш кітап) оқу орындарында
оқулық есебінде жұмсалған елеулі еңбек болды. Онда грамматикалық атаулар
10
мен дыбыс, буын, сөз, сөйлем, құрылыстары жайында жүйелі түрде
мағлұматтар берілген. Синтаксиске қатысты бастапқы мағлұмат үшінші «Тіл-
құралында» баяндалады [4, 6 б.]. А. Байтұрсынов еңбегінде жалаң, жайылма,
болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, сұраулы, лепті, тілекті, жай сөйлем
жəне құрмалас сөйлем түрлерін бөліп қарастырады. Автор сөйлемдердің түрін
жеке бөліп қарастырғанымен, етістікті, есімді сөйлем түрлері туралы пікір
қозғамайды. Алайда автордың бұл еңбегінде сөйлем түрлерін ажырату
барысында мынадай есімді сөйлемдер кездеседі:
-
Болымды сөйлем: Бурыл атта бұғау бар, оны да кесер егеу бар.
-
Болымсыз сөйлем:
Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес деген
сөйлемде
мұрат емес, ұят емес зат есімдері мен болымсыз етістік арқылы
жасалған құрама баяндауыштар сөйлемді тиянақтап тұр.
-
Толымды сөйлем: Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек.
-
Жалаң сөйлем: Ет жасық. Қымыз-
сусын. Аспан ашық.
-
Жайылма сөйлем: Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Бұл сөйлемдердегі баяндауыштары
жапырақ,
шүберек, сусын, балада,
далада – зат есімнен,
ашық, қымбат – сын есім сөз таптарынан жасалған есімді
сөйлемдер.
Достарыңызбен бөлісу: