98
бұрынғы негізгі сөздермен тіркесіп, күрделі мүшелердің
құрамына енетін
көмекші компоненттер есебінде қызмет етіп тұр да, олардың əрқайсысы
семантика жағынан сол негізгі сөздердің мағыналарына өзінше əр қилы
қосымша мағыналар үстеп тұр. Осындай құрамдағы топ сөйлемнің бастауыш,
пысықтауыш, толықтауыш қызметтерінде жиі жұмсалса, ал олардың
анықтауыш қызметінде жұмсалуы өте сирек.
Сөйлемнің басында, ортасында
ғана қолданылатын көмекші есім енді сөйлемнің соңында жұмсалып сөйлемді
тиянақтау дəрежесіне де ие болуда. Есім мен көмекші есімді түйдекті тіркестер
баяндауыш қызметінде сөйлемнің соңында жиі жұмсалатынын роман-
эпопеядан байқадық.
Жай сөйлем түрлері
Жақты сөйлем
-Ілік жалғаулы сөз бен көмекші есім арқылы: Ондайда негізгі сыңарлы сөз
ілік жалғауының ашық түрінде келеді. Осы –
Тереңсайдың тұсы. Бұл
сөйлемдегі тəуелдік жалғаулы
тұсы көмекші есімі мен жалқы топоникалық
атаулар
Тереңсай баяндауыш
қызметінде жұмсалған, бастауышы
осы сілтеу
есімдігі.
- Жалаң сөйлем: Күтушінің бəрі де
ат үстінде. Бұл сөйлемнің
баяндауышы ат үстінде – ілік жалғауының жасырын түріндегі жалпы есімі мен
жатыс септігіндегі көмекші есім арқылы сөйлемді тиянақтап тұр.
- Жайылма сөйлем. - Ілік жалғауының жасырын түрі мен көмекші есім
арқылы: Күндіз болса барлық жұрт
ат үстінде.
-Толымсыз сөйлем. – Шығыс септік жалғаулы көмекші есім арқылы: Оның
өзін де бір сұмдық деседі ғой
артымнан.
Құрмалас сөйлем түрлері
-Жалғаулықсыз мезгілдес салалас сөйлем.
- Ілік жалғауының жасырын түрі мен көмекші есім:
Егер ілік жалғауының
ашық түрімен көмекші есімдер көбіне тəуелдік жалғауының тек 3-жағында
жұмсалса, ал ілік жалғауының жасырын түрінде көмекші есімдер тəуелдік
жалғауынан кейін үнемі жатыс септігінде келеді. 1. Ас пісірген жер ол
үйлердің
маңында емес, жаңа Абайлар шыққан ауылдың шетінде. Бұл
сөйлемнің екі
сыңарының да баяндауыштары көмекші есімдер арқылы жасалған. Бірінші
сөйлемнің баяндауышы
үйлердің маңында емес, ілік жалғаулы жалқы есім мен
жатыс септігіндегі көмекші есімге көмекші етістігі тіркесіп күрделі баяндауыш
құрап тұр,
екінші сыңарының
баяндауышы
ауылдың шетінде - ілік жалғаулы
жалқы есімге жатыс септігіндегі көмекші есім жалғанып түйдекті тіркес құрып
тұр. 2. Осы күні кешке
Қарашоқыға жеткенмен Абай əке қасында, Күнкенің
аулында қалған жоқ. Бұл сөйлемнің бірінші сыңарының баяндауышы
əке
қасында – ілік жалғауының жасырын түріндегі сөз бен жатыс септіктегі
көмекші есімнен жасалып, бастауышы
Абай сөзімен
предикативті қатынас
құрып сөйлемді тиянақтап тұр.
-Қарсылықты салалас: Айрылғаныма көп заман болды, бірақ осы күнге
шейін кішкентай бір езу тартқан күлкісіне шейін
көз алдымда. Осы сөйлемнің
99
екінші сыңарының баяндауышы
көз алдымда – ілік жалғауының жасырын түрі
мен көмекші есімі жатыс септігінде келген.
-Шартты бағыныңқылы сабақтас:
Бірақ Құнанбайдың мықты жері
Тобықты іші болса, əлсіз жері де осы
Тобықтының ішінде. Бұл сөйлемнің бағыныңқы
сыңарының баяндауышы
Тобықты іші болса – ілік жалғауының жасырын түріндегі жалқы есімі мен
жатыс септігінің жасырын түрінде тұрған көмекші есіміне
–са шартты рай
жұрнағы арқылы жасалған көмекші етістігі сөйлемді тиянақтап, есімді сөйлем
құрып тұр.
Басыңқы сыңарының баяндауышы Тобықтының ішінде – ілік
жалғауының ашық түрінде келген жалқы есім (топоникалық атаулар) мен
жатыс септігінде келген көмекші сөз түйдекті тіркес құрып, мекендік мағынаны
білдіріп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: