111
– Есімді сөйлемдердің етістікті сөйлемдерден негізгі айырмашылығы-
олардың баяндауыштары есімдерден жасалады жəне сөйлемдегі ойдың
ұғымдық мəнін білдіреді. Есімді сөйлемдер мен етістікті сөйлемдердің
мағыналық сипаты бірдей емес. Егер етістікті сөйлемнің баяндауышы сан алуан
амал, əрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты
ұғымдарды қамтиды, ал есімді сөйлемдерде баяндауыш қай сөз табынан
жасалып тұрғанын, сол сөз табының заттық, сындық, сандық, мекендік,
салыстырмалылық, мезгілдік мағыналарын білдіреді.
– М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдердің
баяндауыштың барлық түрлері анықталды. Есімді сөйлемдегі байланысу
тəсілдері нақтыланды. Есімді сөйлемдерді айқындауда əрбір есімді сөз табының
морфологиялық өрісі кең айқындалды.
– М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының екінші басылымында
есімді сөйлемдер мол ұшырасатыны дəлелденіп, кесте арқылы берілді.
М. Əуезовпен қатарлас жазушылар С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин
шығармаларынан тақырыптары жағынан жақын үзінді алып, баяндауыштары
талданды. Көлемі жағынан бірдей əріптік белгілерден тұратын (3400 əріптік
белгі), төрт шығармада да «түннің суреті», «кездесу» тақырыптары əр
жазушының қаламына сай суреттеліп берілген. Салыстыру нəтижесі
М. Əуезовтің шығармасынан алынған мəтін бөлігінде есімді сөйлемдердің мол
екені тілдік деректермен нақтыланып, сандық көрсеткіші анықталды.
– М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының синтаксистік жүйесі
есімді сөйлемдердің белсенділігімен сипатталады. Ойдың ұғымдық мəнін
білдіретін есімді сөйлемдер М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында
мол ұшырасуы кейін жазба əдебиетінде есімді жай жəне құрмаластардың
қалыптасуына негіз болды деп білеміз. Сөйлемдердің есімді түрі соңғы уақытта
айтыла бастады.
– М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында есімді сөйлемдердің
ішінде ең молы зат есімнен жасалған баяндауыштар. Олар нөлдік тұлғада,
көптік тұлғада, жіктік жалғауда, тəуелдік тұлғада, септік тұлғада жəне -
нікі, -
Достарыңызбен бөлісу: