Microsoft Word Послед doc


Есімдікті есімді сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет62/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
treatise527

Есімдікті есімді сөйлемдер де зат есімдерден кейін М. Əуезовтің роман-
эпопеясында ең мол кездесетін түрі. Олардың жалпы саны 19 пайыз құрайды, 
таза есімдікті есімді сөйлемдері 11,3 пайыз, құрама баяндауыштысы 
7,6 пайыз.Біз өз жұмысымызда есімдікті баяндауыштардың түрлеріне, жасалу 
жолдарына, семантикасына көңіл бөліп, есімдіктің сөйлемнің соңында келіп
ойды тиянақтап, есімді сөйлем болуын дəлелдедік. 
-Жіктеу есімдігі:Бар елдің күтімі де, шығыны да бізде. 
-Сілтеу есімдігі: Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі осы. 
-Сұрау есімдігі: Судан қалай өтесіз, Абай, атыңыз қайда?
-Өздік есімдігі: Жаңағы даурықтардың бəрін естіп, тоқыраған Шөженің өзі. 
-Белгісіздік есімдігі: Мұхаметжан – Абайдың туысқандарының бірі.
-Есімді сөйлем құрауда есімдіктің əрбір түрінің орны ерекше. Роман-
эпопеяда жіктеу, сілтеу, өздік, сұрау есімдіктері жиі кездеседі, ал белгісіздік 
есімдіктері сиректеу. 
-Барлық есімдіктер нөлдік, көптік, жіктік, тəуелдік, септік жалғауларында 
келіп, есімді сөйлемді тиянақтайды, əсіресе жіктеу, сілтеу есімдіктері септік 
жалғауларының барлық түрінде ұшырасады: Абайдың бас алмай оқығандары 
осылар. ...Сол таңым сенсің бе? Абайдың бұрыннан жақсы білетін бір танысы 
Жиренше де осында. 
-Жіктеу есімдіктеріне -нікі, -дікі қосымшалары жалғанған түрлері де 
кездеседі: Шөжікеңнің түскен үйі біздікі! Ет бауыр туыс оныкі! –Ел де сенікі, ел 
ішіндегі тентек те сенікі. 
Есімдіктерге көмекші етістік, шылау, модаль сөздер жалғасып, есімдікті 
құрама баяндауышты есімді сөйлем болып, сөйлемді одан əрі тиянақтай түседі: 
Қазірде Абай байқаса, мына Базаралы ол емес. Ендігі Становтың Мағаш үшін 
алысатын мақсаты сол ғана. Жеміс күтіп, нəр алатыны сенсің ғой. Шынында 
мына сорлы тілмəш дəл соның өзі сияқты. Саркөл айналасындағы топыры көп 
ауыл сол тəрізді. Алшынбайдың ойы да осы туралы еді. 


108
Есімдікті есімді құрмалас сөйлемге қарағанда есімдікті есімді жай сөйлем 
басым. Жай сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты, жақты, жалаң, 
жайылма, толымды, толымсыз, болымды, болымсыз сөйлемдері кездеседі, тек 
есімдіктерден жай сөйлемнің жақсыз түрі жасалмайды. Осы сөйлемдердің 
ішінде хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдері жиі кездеседі.
- Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерінен мезгілдес салаластың 
жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері жəне қарсылықты салалас сөйлемдер мол 
кездеседі: Шөженің атына Абай қанық, бірақ көргені осы. 
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің мезгілдес бағыныңқылы сабақтас, қимыл-
сын бағыныңқылы сабақтас, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас, шартты 
бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер түрлері жиі ұшырасады. 
- Есімдікті есімді сөйлемдер сабақтас құрмалас сөйлемнің көбінесе 
басыңқы сыңарында кездеседі: Базаралыны бұдан былайғы бір қимылға 
шүйлеп, қайрап салудың анық сөзі осы
.
- Көп бағыныңқылы сабақтас, аралас сөйлемдер де бар. 
- Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем: Абай ауылынан кеткен бетінен 
қалаға бүгін жетіп, Мұхаметжан жаңа кеп, ат тұмсығын тіреген жері осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет