«Бар», «жоқ» сөзді есімді сөйлемдер 16,4 пайыз құрайды. Оның ішінде
таза «бар», «жоқ» сөздері арқылы 12,3 пайыз, құрама баяндауышты түрлері
4,1 пайыз. Құрама баяндауышты «бар», «жоқ» сөздері арқылы жасалған есімді
сөйлемдерге қарағанда таза «бар», «жоқ» сөздерінен болған есімді
баяндауыштар мол.Бұл сөздер арқылы жасалған есімді сөйлемдер жай,
құрмалас жəне аралас болып келеді.
- Жай жəне құрмалас сөйлемдер тең дəрежеде кездеседі.
- Жай сөйлемдердің хабарлы,сұраулы түрлері мол.
- Хабарлы сөйлем: Бақанаспен қатар ағатын Жəнібек суы бар.Ерболдың
алдында түк бөгет жоқ.
- Сұраулы сөйлем: Бірақ, Бақанастың өз өңірінде ол өспейді.Өзге қай
жерде бар? ...Шыңғыс деген Тобықты бар ма?
Зерттеу барысында есімді сөйлемдердің жасалуындағы төмендегідей
парадигмалық қатарларын қарастырдық.
-Зат есімді есімді сөйлемдер;
-Сын есімді есімді сөйлемдер;
-Сан есімді есімді сөйлемдер;
-Есімдікті есімді сөйлемдер;
-«Бар», «жоқ» сөзді есімді сөйлемдер;
-Зат есімді құрама баяндауышты сөйлемдер
-Сын есімді құрама баяндауышты сөйлемдер;
-Сан есімді құрама баяндауышты сөйлемдер;
-Есімдікті құрама баяндауышты сөйлемдер;
-«Бар», «жоқ» сөзді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер.
Есімді сөйлемдер баяндауышы роман-эпопеяда мынадай жағдайда
кездеседі: есімдер нөлдік, көптік, жіктік, тəуелдік, септік жалғауларында тұрып
109
сөйлемді нақты тиянақтайды: Соның екі жағасы селдір біткен аласа тоғай.
Ақбоз аттың тоқым-көпшігі де аппақ.
-есімдер, шылаулар, (демеуліктер) көмекші есім, көмекші етістіктің
түйдектелуі арқылы жəне модаль сөздің қатысы арқылы тиянақтылық
нақтылана түседі: Шаң ғана емес, адырдың құлай берісінен селдей қаптап,
жосытып келе жатқан қалың қол екен. Бөжей өкпесінің басы осы еді ғой.
Ұзынша боп біткен, қоңырқай көздері саналы сияқты. Күткені, тісін басқаны
біреу-ақ. Бірақ, атадан бала, баладан нəсіл сол көргеннен өнеге алары бар ма?
Абай мұның не қылғанын байқаған жоқ еді.
-нікі, -дікі қосымшасы арқылы: - Бұйрық ұлықтікі. Құнанбай мен
Майбасардікі...
Сөйлемді тиянақтауда бұл топтар зат есімді, сын есімді, сан есімді,
есімдікті, «бар», «жоқ» сөздері арқылы жасалған баяндауыштарда жəне құрама
баяндауыш түрінде əр түрлі деңгейде қолданылады.
-Роман-эпопеяда есімді жай сөйлем мен есімді құрмалас сөйлемдер тең
дəрежеде деп айтуға болады.
110
Достарыңызбен бөлісу: |